Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық


-параграф. Оқу-өндірістік комбинаты қызметінің үлгілік қағидалары



Pdf көрінісі
бет19/57
Дата06.10.2022
өлшемі1,22 Mb.
#41673
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   57
Байланысты:
171200 kaz 20221006

5-параграф. Оқу-өндірістік комбинаты қызметінің үлгілік қағидалары
324. Оқу-өндірістік комбинаты (бұдан әрі – Комбинат) "Көркем еңбек" 
пәнін, сондай-ақ қолданбалы курстардың, таңдау бойынша курстардың қосымша 
сағаттарын және еңбекке тәрбиелеу, кәсіптік бағдарлау және еңбек қызметіне 
білім алушыларды дайындау мақсатын көздейтін қосымша білім беру 
бағдарламаларын оқыту бөлігінде негізгі орта білім берудің жалпы білім беру 
бағдарламаларын іске асырады.
325. Комбинаттың қызметінің мақсаты:
1) білім алушыларды еңбек және кәсіптік оқуына қажетті жағдайлар жасау;
2) кәсіби бағдарлау жұмыстарын жүргізу.
326. Аталған мақсаттарға жету үшін комбинат келесі міндеттерді іске 
асырады:
1) білім алушылармен кәсіби бағдарлау жұмысын жүргізу;
2) білім алушылардың мүдделеріне, медициналық-физиологиялық 
көрсеткіштеріне, бейімділіктеріне, қызығушылығына сәйкес, экономикалық 
білімдер негіздерін және кәсіби бағыттануды қалыптастыру, еңбекке саналы 
көзқарасын тәрбиелеу, нарық жағдайындағы өмір мен еңбекке дайындау;


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
3) негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарының 7-11 (12) сынып 
білім алушыларының кәсіби мүдделерін айқындау, дамыту және бекіту, олардың 
қоғамдық пайдасы бар еңбектерін ұйымдастыру, техникалық шығармашылығын, 
жасампаздық пен өнертапқыштығын дамыту;
4) мемлекеттік және басқа меншік түріндегі мекемелермен келісім-шарт 
және өзара тиімді әріптестік негізінде өндірістік қызметті іске асыру.
327. Комбинат білім алушыларды оқытуға, тәрбиелеуге, еңбек және кәсіби 
дайындауға қажетті жағдайлар болған жағдайда құрылтайшылар тарапынан 
қалаулары бойынша жергілікті атқару органдарымен құрылады.
328. Комбинаттың заңды тұлға құқығы жарғылық қаржы-шаруашылық 
қызметін жүргізу құқықтары мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін, ал білім беру 
қызметін атқару лицензия алған уақыттан бастап күшіне енеді.
329. Комбинаттың оқу процесі, бекітілген оқу жоспарына сәйкес жүргізіледі 
және сабақ кестесімен реттеледі.
330. Комбинат орта білім беру ұйымдарымен бірлесіп және аудандық 
(қалалық) білім бөлімінің келісімі бойынша білім алушылардың контингентін 
анықтайды.
331. Комбинат мынадай бағыттар бойынша білім беру қызметін жүзеге 
асырады:
1) орта білім беру ұйымдарының 7-9 (10) сыныптарына арналған «Көркем 
еңбек» пәнінің стандарттарына сәйкес;
2) орта білім беру ұйымдарында кәсіби бағдар жұмыстарын, 7-11 (12) 
сынып білім алушыларының кәсіби дайындығын жүзеге асыру.
332. Өз таңдауы негізінде бейіні (бағыты) бойынша Комбинатта оқыған 
орта білім беру ұйымдарының түлектерін қорытынды аттестаттау № 125 
бұйрығына сәйкес Комбинат жүзеге асырады.
Мектепаралық оқу-өндірістік комбинатта кәсібі бойынша (мамандығы) 
біліктілік емтиханы, орта білім беру ұйымдарында қорытынды аттестаттау 
басталуына екі апта бұрын аяқталады.


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
333. Комбинаттағы оқу процесінің қатысушылары білім алушылар, 
педагогтер және инженер-педагог қызметкерлер, өндірістік оқыту шеберлері 
(нұсқаушылары), ата-аналар (немесе заңды өкілдер) болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет