Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық


-параграф. Мектептер-интернаттар-колледждер қызметінің үлгілік



Pdf көрінісі
бет17/57
Дата06.10.2022
өлшемі1,22 Mb.
#41673
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   57
Байланысты:
171200 kaz 20221006

3-параграф. Мектептер-интернаттар-колледждер қызметінің үлгілік 
қағидалары
307. Мектептер-интернаттар-колледждердің негізгі мақсаты бастауыш, 
негізгі орта, жалпы орта, кәсіптік және техникалық жалпы орта білім беру 
бағдарламаларын іске асыру болып табылады.
308. Мектептер-интернаттар-колледждердің негізгі мақсатын жүзеге 
асыруда келесі міндеттерді атқарады:
1) ұлттық және қоғамдық құндылық негізінде жеке тұлғаны дамыту және 
қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу үшін жағдай жасау,ғылыми және 
әдістемелік жетістіктерге жеткізу;
2) кәсіби бағытта оқушыларды жұмыспен қамсыздандыру;


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
3) нарықтық еңбек талаптарына сай өндірісте оқыту, теориялық білім мен 
өндіріс арасындағы қарым-қатынасты байланыстыра отырып, білім жүйесін 
дамыту;
4) еңбек нарқы және қоғамдық талаптардың өзгеруіне байланысты заманауи 
бейімделуге себеп болатын, білімде жаңа технологияларды тиімді қолдану және 
енгізу;
5) оқушылардың интернатта тұруына қауіпсіз және ыңғайлы жағдай жасау.
309. Мектептер-интернаттар-колледждер орта білім беру ұйымдары жоқ 
ауылды жерде тұратын білім алушыларды қабылдауды қамтамасыз етеді.
310. Мектептер-интернаттар-колледждерде білім алушыларға академиялық 
демалыс тағайындау білім саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына 
сәйкес жүзеге асырылады.
311. Мектептер-интернаттар-колледждер "Білім туралы" Заңына сәйкес 
ұйымның оқу-тәрбие процесінде, кадрларды іріктеу мен орналастыруда, оқу-
әдістемелік, қаржы-шаруашылық қызметтінде дербес.
312. Медициналық персонал оқушылардың денсаулығын сақтау және 
нығайту, алдын-алу іс-шараларын өткізу, мектептер-интернаттар-колледждердің 
санитарлы-гигиеналық жағдайын қадағалау, оқушылардың тәуліктік мекендеуін 
есепке ала отырып, гигиенаға негізделген жұмыс кестесін ұйымдастыруды 
қамтамасыз етеді.
313. Мектептер-интернаттар-колледждерді сәйкес құрал материалды 
техникалық жабдықтау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге 
асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет