3-тарау. Оқыту бейіні бойынша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік
қағидалары
46. Оқыту бейіні бойынша білім беру ұйымдарының негізгі түрлері мыналар
болып табылады:
1) гимназия;
2) лицей;
3) бейіндік мектеп;
Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
47. Гимназияның негізгі мақсаттары мен міндеттері:
1) жоғары деңгейлі мәдениеттi, қоғам өмiрiне бейiмделген, кәсiптік білім
беру бағдарламаларын саналы түрде таңдауға және меңгеруге дайын зияткер
тұлғаны қалыптастыру;
2) жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламаларын сапалы
меңгеру үшін неғұрлым қабілетті және дайындығы бар оқушыларға оңтайлы
жағдай жасау.
48. Гимназия жалпы орта білім беретін 1-11(12) сыныптар базасында келесі
құрылым бойынша ұйымдастырылады:
1) бастауыш білім беру деңгейі (бастауыш мектептің 1-4 сыныптары) оқу
қызметiнiң негiзгi дағдысы мен машығын, теориялық ойлау элементтерiн, өзiн-өзi
бақылау және өзiн-өзi түзету дағдысын меңгеруді қамтамасыз етеді, сондай-ақ
баланың жеке қабiлетiн анықтауға бағытталған;
2) негізгі орта білім беру деңгейі (негiзгi мектептiң 5-9 (10) сыныптары)
базалық дайындықпен қатар оқушының бейіналды дайындығын қамтамасыз
ететін негізгі мектептің негiзгi және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын
меңгеру негізінде оқушы тұлғасының қалыптасуын қамтамасыз етедi. Осы сатыда
ішкі және сыртқы дифференциация негізінде оқушының базалық дайындығының
аяқталуын қамтамасыз етеді;
3) жалпы орта білім беру деңгейі (жоғары мектептің 10-11(12) сыныптары)
оқытудың бейіндік бағдарламаларын меңгеру негізінде оқушының жалпы орта
білім беру дайындығын аяқтауды қамтамасыз етеді.
Гимназияның негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлеріндегі
ұйымдары дербес білім беру мекемелері ретінде жұмыс істей алады.
49. Гимназиялар (гуманитарлық, лингвистикалық, эстетикалық бейіндегі,
көп бейінді) жоғары біліктi педагогтер, қажеттi ғылыми-әдiстемелiк, оқу,
материалдық жағдайлар болған жағдайда дербес, жалпы білім беретін
мектептердің құрамында немесе тиісті бейіндегі жоғары оқу орындарының
жанында құрылады.
50. Гимназия Жарғысын гимназия кеңесі (педагогикалық кеңес)
қабылдайды және жергілікті атқарушы биліктің білім беруді басқару органдары
бекітеді.
Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
51. Гимназия базасында ғылыми-әдістемелік ұсынымдарға, жаңа үлгідегі
оқу-тәрбие мекемелерінің модельдеріне, оқу қызметін ұйымдастырудың
құрылымдары, мазмұны мен нысандарына тәжірибелік тексеру жүзеге асырылады.
52. Лицейдің негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi:
1) жоғары деңгейлі мәдениеттi, қоғам өмiрiне бейiмделген, кәсiптік білім
беру бағдарламаларын саналы түрде таңдауға және меңгеруге дайын зияткер
тұлғаны қалыптастыру;
2) жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламаларын сапалы
меңгеру үшін неғұрлым қабілетті және дайындығы жоғары оқушыларға оңтайлы
жағдай жасау;
3) білім алушыларды кәсіптік оқытуға бағдарланған пәндер бойынша
дайындау.
53. Лицей жалпы орта білім беретін мектептің 1-11 (12) сыныптарының
базасында келесі құрылым бойынша ұйымдастырылады:
1) бастауыш білім беру деңгейі (бастауыш мектептің 1-4 сыныптары) оқу
қызметiнiң негiзгi дағдысы мен машығын, теориялық ойлау элементтерiн, өзiн-өзi
бақылау және өзiн-өзi түзету дағдысын меңгеруді қамтамасыз етеді, сондай-ақ
баланың жеке қабiлетiн анықтауға бағытталған;
2) негізгі орта білім беру деңгейі (негiзгi мектептiң 5-9 (10) сыныптары)
базалық дайындықпен қатар оқушының бейіналды дайындығын қамтамасыз
ететін негізгі мектептің негiзгi және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын
меңгеру негізінде оқушы тұлғасының қалыптасуын қамтамасыз етедi;
3) жалпы орта білім беру деңгейі (10-11(12) сыныптар) оқытудың бейіндік
бағдарламаларын меңгеру негізінде білім алушының жалпы орта білім беру
дайындығын аяқтауды қамтамасыз етеді.
54. Лицейлер жоғары біліктi педагогтер, қажеттi ғылыми-әдiстемелiк, оқу,
материалдық жағдайлар болған жағдайда дербес, жалпы білім беретін
мектептердің құрамында немесе тиісті бейіндегі жоғары оқу орындарының
жанында Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қолданыстағы
заңнамада көрсетілген тәртіппен құрылады.
55. Лицейдің Жарғысын лицей кеңесі (педагогикалық кеңес) қабылдайды
және жергілікті атқарушы биліктің білім беруді басқару органдары бекітеді.
Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
56. Лицей базасында ғылыми-әдістемелік ұсынымдарға, жаңа үлгідегі оқу-
тәрбие мекемелерінің модельдеріне, оқу қызметін ұйымдастырудың
құрылымдары, мазмұны мен нысандарына тәжірибелік тексеру жүзеге асырылады.
57. Бейіндік мектептің негізгі мақсаттары мен міндеттері:
1) білім алушыларға тиісті бағыттар бойынша жеке білім беру
бағдарламаларын таңдау мүмкіндігін беру;
2) жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық және
технологиялық бағыттар бойынша жалпы орта білім беру мазмұнының
дифференциациялануын, интеграциялануын және кәсіби бағдарлануын
қамтамасыз ету;
3) кәсіптік оқытуға бағытталған пәндер бойынша білім алушыларды
дайындау арқылы оқытудың алдағы траекториясын анықтау;
4) білім алушыларды мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандартында анықталған оқу пәндерінің базалық деңгейін арттыра отырып
бейінді пәндер бойынша оқыту;
5) білім алушыларды тиісті бейіндегі жоғары білім алуға бағыттау;
6) жоғары деңгейлі мәдениеттi, қоғам өмiрiне бейiмделген, кәсiптік білім
беру бағдарламаларын саналы түрде таңдауға және меңгеруге дайын зияткер
тұлғаны қалыптастыру.
58. Бейіндік мектеп бағыттар бойынша білім беру оқу бағдарламаларын
меңгеру негізінде білім алушының жалпы білім беру дайындығын аяқтауды
қамтамасыз етеді.
59. Бейіндік мектептің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын білім беру
саласындағы уәкілетті орган анықтайды.
60. Бейіндік мектепті құру және тарату жергілікті атқарушы органның
құзырына жатады.
61. Бейіндік мектептің базасында ғылыми-әдістемелік ұсынымдарға, жаңа
үлгідегі оқу-тәрбие мекемелерінің модельдеріне, оқу қызметін ұйымдастырудың
құрылымдары, мазмұны мен нысандарына сынақ жүзеге асырылады.
62. Бейіндік мектеп тұлға, қоғам, мемлекет мүдделері үшін оқытуды және
тәрбиелеуді жүзеге асырады, денсаулықты сақтауды және тұлғаның жан-жақты
Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
дамуына қолайлы жағдайлар жасауды, оның ішінде білім алушылардың өздігінен
білім алуға және қосымша білім алуға деген қажеттіліктерін қанағаттандыру
мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді.
63. Гимназиялар мен лицейлерге қабылдау № 564 бұйрығымен бекітілген
Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі
қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
64. Оқушыларды қабылдау, сыныптан-сыныпқа көшіру, оқудан шығару оқу
үлгерімінің нәтижесі бойынша (рейтингілік балмен) гимназия, лицей Кеңесінің
(педагогикалық кеңес) шешіміне және гимназия, лицей Жарғысына сәйкес
жүргізіледі.
65. Оқудан шығарылған білім алушылар мектеп-гимназияның, мектеп-
лицейдің жалпы білім беретін сыныптарында оқуын жалғастырады немесе
аудандық (қалалық) білім бөлімімен тұрғылықты жері бойынша жалпы білім
беретін мектепке ауысады.
66. Жалпыға міндетті негізгі және қосымша бағдарламалардың меңгерілуін
іске асыратын гимназия мен лицейлерде, бейіндік мектептерде оқу және тәрбие
процесін ұйымдастыру мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары
негізінде әзірленген оқу бағдарламаларына, оқу жұмыс жоспарларына сәйкес
жүзеге асырылады.
67. Гимназия, лицей және бейіндік мектептердің жеке оқу жоспарларын
білім беру ұйымының әкімшілігі бекітеді және өңірлік білім басқармаларымен
(бөлімімен) келісіледі.
68. Вариативті оқу бағдарламалары және гимназияның кәсіптік бағытталған
арнайы курстары жоғары оқу орындарының тиісті кафедраларымен келісіледі.
Гимназиялық компонент:
1) әрбір гимназияның жеке таңдауымен бейіндік оқытуды, жеке дамыту
бағдарламасын, инновациялық әдістер мен оқыту технологияларын пайдаланумен;
2) гимназияның мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін қосымша білім
беру бағдарламаларын іске асыру үшін жаңа оқу бағдарламаларын, бейіндік
пәндерді енгізумен қамтамасыз етіледі.
Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
69. Гимназиялардың және лицейлердің вариативтік және кәсіптік
бағдарланған арнайы курстарының оқу бағдарламалары жоғары оқу
орындарының тиісті кафедраларымен келісіледі.
Лицей компоненті:
1) әрбір лицейдің жеке таңдауымен бейіндік оқытуды, жеке дамыту
бағдарламасын, инновациялық әдістер мен оқыту технологияларын пайдаланумен;
2) лицейдің мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін қосымша білім беру
бағдарламаларын іске асыру үшін жаңа оқу бағдарламаларын, бейіндік пәндерді
енгізумен қамтамасыз етіледі.
70. Гимназияларда, лицейлер мен бейіндік мектептерде оқу-тәрбие процесін
ұйымдастыру және оларды басқару осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
71. Оқуда жоғары нәтижеге жеткен, шығармашылық және ғылыми-зерттеу
қызметіне бейімділік танытқан оқушыларға лицей қорынан, жоғары оқу
орындарынан түскен және басқа да қаражаттан стипендия тағайындалады.
72. Гимназияда, лицейде, бейіндік мектепте білім деңгейiн, оқу мерзiмiн,
оқуға төленетiн ақы көлемін, басқа да жағдайларды анықтайтын гимназия мен
білім алушылардың, тәрбиеленушiлердiң, олардың ата-аналарының (заңды
өкiлдердiң) арасындағы шартпен реттелетiн оқу жоспарының пәндері бойынша
оқушылардың жеке жұмысын ауыстырмайтын ақылы қосымша білім беру
қызметін ұйымдастыру мүмкiн.
73. Гимназия, лицей, бейіндік мектеп үлгілік штат негізінде құрылған жеке
штаттық кесте бойынша жұмыс істейді.
74. Гимназияға, лицейге, бейіндік мектепке жалпы басшылықты құрамына
тиісті жоғары оқу орнының өкілдері кіретін гимназияның Кеңесі немесе
педагогикалық кеңесі жүзеге асырады.
75. Бейінді мектеп білім алушылардың контингентін қалыптастыру білім
алушылардың мүдделерін, бейімділігі мен қабілеттерін ескере отырып, білім
алушылардың тұратын аумағын есепке алмай негізгі орта білім беру деңгейінде
оқуды аяқтағаннан кейін жүзеге асырылады.
76. Бейіндік мектептердің оқу жоспарлары жеке өзіндік дамуды,
коммуникативті қабілеттерді, ақпараттар мен технологияларды қолдануды,
мәселелерді шешуді, тапқырлық пен шығармашылықты қалыптастыратын білім
Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
алудағы дербестікті қамтамасыз ететін білім берудің вариативтілігін
қарастырады.
77. Үлгілік оқу жоспарының вариативті компонентін іске асыратын
қолданбалы курстардың және таңдау бойынша курстардың оқу бағдарламаларын
білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган бекітеді.
78. Бейіндік мектепте оқу-тәрбие процесі оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау
және оның іске асырылуын бақылау негізінде ұйымдастырылады.
79. Бейінді пәндерді жүргізу кезінде сынып оқушыларының саны бейіндік
мектептерде 24 және одан көп болса, сыныпты 2 топқа бөлу жүзеге асырылады.
80. Таңдау бойынша курстарды жүргізу кезінде білім алушылар тобы жеке
11 және 12-сынып білім алушыларының санынан жинақталады.
81. Оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау оқу жоспарлары мен
бағдарламаларының толық көлемде уақытылы және сапалы орындалуын
қамтамасыз етуі керек. Бейіндік мектепте оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау оқу
жылына арналған оқу-тәрбие процесінің жоспарын және сабақтар кестесін бекіту
арқылы жүзеге асырылады.
82. Бейіндік мектептегі тәрбие жұмыстарының жүйесі отансүйгіштікті,
азаматтықты, этникааралық толеранттылықты, жоғары адамгершілік пен
өнегелікті қалыптастыруға, сондай-ақ функционалды сауаттылықты, білім
алушылардың, тәрбиеленушілердің жан-жақты қызығушылықтары мен
қабілеттерін дамытуға бағытталған.
83. Оқытудың формалары мен әдістері білім беру нәтижелеріне қол
жеткізудің сәттілігін, алынған білімдерді оқу және практикалық қызметте қолдану
қабілетін қамтамасыз ететін логикалық, сыни және құрылымдық ойлауды
қалыптастыруға бағытталған.
84. Бейіндік мектептер сынып ұжымын фронтальды оқыту формасынан
интерактивті, инновациялық, жобалау-зерттеу технологияларын, сандық
инфрақұрылымды пайдалана отырып, әр білім алушының жеке білім алу
траекториясын іске асыруға көшуді қамтамасыз етеді.
85. Бейіндік мектептегі жалпы орта білім беру мазмұны «Мектепке дейінгі
тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және
кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті
Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің
2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді
мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан
Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының
(бұдан әрі – МЖМБС) талаптарына сәйкес айқындалады.
86. Жарғылық мақсаттар мен міндеттерге сәйкес бейіндік мектеп ақылы
негізде ақылы қызметтерді көрсету туралы келісім жасай отырып, қосымша білім
беру бағдарламаларын ұсынуға және қолданыстағы заңнамаға сәйкес МЖБС
талаптарынан тыс қосымша білім беру қызметтерін көрсетуге құқылы.
87. Бейіндік мектептерде алқалық басқару органдары құрылады. Алқалық
басқару нысандары: қамқоршылық кеңес, педагогикалық, әдістемелік (оқу-
әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кеңестер, ата-аналар комитеті және т.б. болып
табылады.
88. Бейіндік мектептің ұйымдастыру құрылымы, басқару жүйесі және
барлық қызметкерлерінің лауазымдық міндеттері мектептің білім беру үлгісінің
ерекшеліктеріне сәйкес әзірленеді.
89. Бейіндік мектепте жұмыс істеу үшін педагогикалық ұжым жоғары
білікті педагогтерден: жоғары санатты мұғалімдерден, магистрлерден, сондай-ақ
ғылым кандидаттары мен докторлардан құралады.
90. Гимназия мен лицейлерге білім алушылардың таңдауы бойынша
факультативтерге және қосымша курстар ұйымдастыруға әр сыныпқа 4 сағат
есеппен, сондай-ақ әр сыныпқа үйiрмелер мен студиялар, ғылыми қоғамдар және
т.б. ұйымдастыру үшiн мұғалімдерге 0,25 ставкада, және/немесе шарт негiзiнде
жоғары білікті мамандарға жекелеген курстар мен дәрістерге ақы төлеу үшін
мектепке жылына 1500 сағат есебiне қаражат бөлiнедi. Факультативтік сабақтар
және таңдау бойынша курстар топтарда 10-нан астам адам болған жағдайда
өткізіледі.
91. Мемлекеттік гимназиялар мен лицейлерде ақылы білім беру қызметі
бюджеттен қаржыландырылатын негізгі білім беру қызметі шеңберінде және
оның орнына көрсетіледі.
92. Гимназиялар, лицейлер және бейіндік мектептер:
Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
1) білім беру, ғылым, мәдениет салалары бойынша халықаралық
қызметтерге қатысуға;
2) ынтымақтастық туралы, оқытушылар мен оқушыларды алмастыру
туралы шетелдiк білім беру орындарымен келісім жасауға. Шетелге жолдама беру
үшін мұғалiмдер мен оқушыларды таңдауды лицей кеңесi жүзеге асырады;
3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бірлескен білім беру ұйымдарын құруға
құқылы.
Достарыңызбен бөлісу: |