Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық


-тарау. Интернаттық білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары



Pdf көрінісі
бет14/57
Дата06.10.2022
өлшемі1,22 Mb.
#41673
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   57
Байланысты:
171200 kaz 20221006

6-тарау. Интернаттық білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары
288. Интернаттық білім беру ұйымдарының түрлері:
1) әскери мектеп-интернат;
2) жалпы білім беретін мектеп жанындағы интернат;
3) көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына арналған 
мектеп-интернат;
5) санаториялық мектеп-интернат;
6) тірек мектеп (ресурстық орталық) жанындағы интернат.
289. Облыстық, қалалық туберкулезге қарсы диспансер жанындағы 
жергілікті денсаулық сақтау органдарының комиссиясы облыстық, 
республикалық маңызы бар қалалардың білім және денсаулық сақтау 
басқармаларының жолдамалары бойынша оқу жылы басталғаннан немесе жарты 
жылдан бастап алты жастағы балаларды қабылдауды жүзеге асырады. Бос 
орындар болған жағдайда оқу жылы басталғаннан кейін оқушыларды қабылдауға 
рұқсат етіледі. Сынып пен топтың толымдылығы 20 баладан аспайды, толық 
сауыққанға дейін (туберкулезге қарсы диспансерді есептен шығарғанға дейін) оқу 
жарты жылдығынан кем болмайды. Балалардың болу мерзімі медициналық 
көрсеткіштер бойынша 5-10 айға ұзартылуы мүмкін және оны Комиссия қарайды. 
1-5-сыныптардағы сабақтардың ұзақтығы 35 минут, 6-11(12) – сыныптарда – 40 
минут. Әр сабақтың алдында дене шынықтыру жаттығулары өткізіледі;
290. Интернаттық білім беру ұйымдарының негізгі қызметі:
1) балалардың білім алуы үшін жағдайлар жасау, зияткерлік, тұлғалық
әлеуметтік, дене, шығармашылық дамуын қамтамасыз ету;
2) МЖМБС-ға сәйкес бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің 
жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, мамандандырылған және арнайы 
жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта 


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары негізінде әзірленген қосымша 
білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыру;
3) жалпы орта білім алуда білім алушылардың жайлы және қауіпсіздік өмір 
сүру жағдайын қамтамасыз ету болып табылады.
291. Интернаттық білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесі Жалпы орта 
білімнің жалпы орта білім беретін бағдарламаларын іске асыратын білім беру 
ұйымдарының үлгілік қағидаларына және осы Үлгілік қағидаға, ішкі тәртіптің 
жарғысы мен қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
292. Медицина қызметкері балалардың денсаулығын нығайту бойынша 
профилактикалық іс-шараларды өткізуді, интернаттық ұйымдардың санитарлық-
гигиеналық жай-күйі мен тамақтануды бақылауды, балалардың келуіне орай 
жұмыстың гигиеналық негізделген режимін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
293. «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің 
мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 320 қаулысына сәйкес оқушылар киіммен
аяқ киіммен, жұмсақ мүкәммалмен, жеке гигиеналық заттармен, оқулықтармен, 
ойыншықтармен қамтамасыз етіледі.
294. «Білім туралы» Заңының 6-бабына сәйкес балалардың ерекше жеке 
қажеттіліктерін ескере отырып, мектеп-интернаттарын материалдық-техникалық 
қамсыздандыру, жағдай тудыру, жарақтандыру және жабдықтау жергілікті 
атқарушы органдармен іске асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет