Қолданылған терминдер: Авангардизм - қалыптасқан қағидалар мен дәстүрлерден алшақтай
отырып, кӛркем мәдениетті жаңғыртпақ болған мәдени ағым.
Автор өлімі – ӛз бойына біздің заманымыздың кӛркемдік ойлау
жүйесіндегі, мәдениеттегі, гуманитарлық ойдағы дағдарыстың кӛрінісі.
Аллюзия - мәтінде еркін түрде вербалданатын экстралингвистикалық
фактор.
Анархия - жекелеген адамдар немесе топтардың басшылыққа бағынбауы
және соның салдарынан туған тәртіпсіздік.
Андеграунд – бейресми, астыртын мәдениет.
Гиперреалистер – әсіре шыншылдар
Гипертекст - бір сӛйлемнің бірнеше не болмаса бір бетті алуы, яғни
күрделі лексика.
Деконструкция - француз ойшылы Ж.Деррида ұсынған ұғым,
постструктурализм заманының сыни-философиялық ұстанымы.
Детерменизм – табиғатта, қоғамда және психикалық құбылыстарда
болатын жалпы ӛзрара байланыстылығының себептерін, себептігінің
заңдылығын зерттейтін ілім.
Дивергенция - екі не одан кӛп тіл құбылыстарының бір-бірінен ажырасуы.
Дискурс - сӛйлесу арқылы берілетін ойдың әлеуметтік астарына талдау
беретін ұғым. Структуралистер ғылыми айналымға қосқан бұл ұғым
философияда, әлеуметтануда, семиотикада мәдениеттануда, когнитивтік
талдауларда қолданылады.
Иерархия – бүтін, тұтас нәрсенің бӛлім, бӛлшектерінің жоғарыдан тӛмен
орналасу тәртібі.
Имманенттік – бір дененің ішінде орналасқан заттың, құбылыстың немесе
процестің іштей ӛзіне тән қасиеті.
Имплицит – жасырын сӛзбен берілген ишара ақпарат.
Интерпретация – нақты тілде ұсынылған кейбір синтаксистік аяқталған
мәтіннің мағынасына түсініктеме беру.
Интертекст- ӛзге тілдердің лексикасынан жиналған ортақ лексика, бір
шығармадағы сюжеттің, екінші бір басқа шығармада болуы.
Иррационализм – (лат. irrationalis – ақылсыз, санасы, ақыл жетпейтін)
философиядағы ағым, танымда ақыл күшін мойындамайды, оған тіпті шек
қояды, сонымен болмыстың мәніне ақылдың жетпейтінін уағыздайды.