Монография Қарағанды 2015 Ре по зи то ри й к ар гу



Pdf көрінісі
бет2/21
Дата06.10.2022
өлшемі1,82 Mb.
#41690
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Zharilgapov takirov (1)

К І Р І С П Е 
Қазақ әдебиеті де әлемдік әдебиеттің бір бӛлшегі. Адамзаттың мәдени-
әдеби дамуындағы ортақ заңдылықтар мен поэтикалық тұтастықтар біздің 
ұлтымыздың әдебиетінде де кӛрінбеуі мүмкін емес. Біршама жетілген әрі даму 
үстіндегі ұлттық әдебиеттану ғылымының алдында тұрған іргелі міндеттердің 
бірі – ендігі жерде қазақ әдебиетін жаһандық әдебиеттегі біртұтастықтың 
негізінде, адамзаттың кӛркемдік даму жолындағы жалпыға бірдей заңдылықтар 
аясында да қарастыра отырып, ұлт әдебиетінің ӛзіндік сипаттары мен жетістік-
кемшіліктерін анықтау. Әдебиеттегі ортақ бағыттар мен ағымдарды, кӛркемдік 
әдістерді тарихи-салыстырмалы түрде, жалпы әдебиеттану негізінде саралай 
отырып, қазақ әдебиеті мен әлемдік әдеби үдерістегі параллелизмдерді таныта 
аламыз. 
Бүгінгі күнге дейін қазақ әдебиеттану ғылымы басшылыққа алып келген 
әдеби ағымдар теориясына арналған еңбектер негізінен Еуропа елдерінің 
әдебиеті бойынша жасалғанын үнемі қаперден шығармауымыз керек. Кеңестік 
дәуірдегі аталған әдеби категориялар тӛңірегінде ӛрістеген теориялық ой-пікір 
Франция, Италия, Германия, Испания, Ұлыбритания, Ресей елдеріндегі 
кӛркемдік дамудың мысалдарына әсіре жүгініп отырды. Ӛйткені бұл елдердің 
әдебиет тарихындағы ортақ сипаттар анағұрлым анық бедерленіп отырғантын. 
Бұл елдерде пайда болған бағыттар мен ағымдардың классикалық түрлері бар 
да, олардың басқа елдердің әдебиетіне таралған аналогтары немесе ұқсас 
құбылыстары бар. Сондықтан да әлем әдебиетіндегі белгілі бағыттар мен 
ағымдардың бәрін ұлттық әдебиетімізден таза күйінде кездестіреміз деу қателік 
болып шығар еді. Біз адамзаттың кӛркемдік дамуы мен ұлттық әдебиет 
арсындағы байқалмай қалмайтын ортақ сипаттарды әдеби дамудың жалпы 
заңдылықтарына жатқызғанымызбен, ұлт тарихындағы, қоғамдық санадағы 
ерекшеліктерді, 
әдеби-мәдени 
дәстүр 
ӛзгешеліктерін 
үнемі 
естен 
шығармағанымыз игі. 
Қазіргі қазақ әдебиетіндегі модернистік ағымдар ӛзіне дейінгі 
шығармашылықтағы философиялық негіздер мен кӛркемдік-эстетикалық 
принциптерді қайта қарау негізінде туып отырды. Кӛркем әдебиет ендігі кезде 
адам болмысына деген жаңа кӛзқарастарға негізделіп, жеке адамның аңсарына, 
оны рухани-психологиялық феномен биігінен кӛруге, адамның ақиқат 
құбылыстармен қатынасын жаңа философиялық критерийлер арқылы 
бажайлауға ден қойды. Қазіргі таңдағы осындайлық жаңа ізденістер әлі күнге 
дейін ауқымды қарастырылмауы, бір жүйеге түсіріліп зерттелмеуі 
монографияның маңыздылығын танытады. 
Шешілмей жатқан күрделі мәселенің бірі – қазақ әдебиетіндегі 
постмодернизм жайы. Қазақ әдебиетінде постмодернизм бар ма? – деген 
сауалға әр түрлі жауаптар беріліп жүр. Ол пікірлерде бірізділік байқалмайды. 
Бұл мәселені ауқымды түрде әрі тереңдей қарастыру осы монографияның 
еншісі деп білеміз. Жалпы, постмодернизм 1970-80 жылдары негізінен Батыс 
елдерінің мәдени-рухани ӛміріне қатысты айтылатын. Постмодернизмнің 
кешегі кеңестік елдер әдебиетіне байланысты сӛз бола бастауы 1990 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ



жылдардың еншісіне тиеді. Бірақ постмодернизмнің тұжырымдамасы толық 
аяқталып, анықтамасы қалыптасып біткен деуге негіздер әлі жоқ. Бұл ұғымға 
ой жүгіртпес бұрын алдымен «постмодерн» ұғымына тоқталып ӛту керек. ХХ 
ғасыр аяғында жиі қолданысқа енгізіле бастаған постмодерн «модерннен» 
кейінгі, «қазіргі» деген мағынаны білдіретіні түсінікті. Ендеше «жаңадан» 
(«модерннен») «кейінгі жаңаны» қалай түсіну керек? Қалай ажырату керек?
Басқа елдер әдебиетінде ХХ ғасыр соңында модернизмнен кейін 
постмодерндік ахуал қалыптасып, постмодернистік ағымдардың пайда болуына 
әкелсе, жаһандық әдеби қозғалыстың бӛлшегі болып табылатын қазақ әдебиеті 
ол үдерістен сырт тұрды ма? Әлде дәстүрлі танымдар инерциясының күші 
посмодернистік эстетиканың ӛрістеуіне мүмкіндік бермеді ме? 
Ұлттық әдебиеттануда қазақ прозасындағы постмодернизмнің тұрақты 
орын теуіп ағымдық мән иелене бастауын ХХ ғасыр соңы және ХХІ ғасыр 
басында туған шығармалармен тығыз байланыстырылып жүр. Атап айтқанда, 
Р.Мұқанова, А.Жақсылықов, А.Алтай, Д.Амантай, А.Ихсанов сынды 
жазушылардың шығармаларында жаңа поэтикалық ӛлшемдер анықталды.
Бұдан шығатын қорытынды – әлемдік кӛркем ой дамуының соңғы кезеңінде 
пайда болған мәдени-эстетикалық, танымдық құбылыстардан қазақ әдебиеті 
мүлдем сырт тұрмауы себепті, үлкен мән иелене алмаса да модернизммен қатар 
постмодернистік құбылыстар да ұлттық прозамызда орын тебе бастады. 
Әлемдік рухани-мәдени үдеріс қалыптастырған құндылықтарға ортақтасу 
арқылы ұлттық әдебиеттен модернизмді постмодернистік поэтикамен 
ұштастыра бастаушылық ұмтылыстарды танимыз. Әрине, қазақ прозасындағы 
постмодернизм дәстүрлі поэтикалық құрылымдарды ығыстырып шығарған аса 
қуатты ағымға айналып үлгерген жоқ. Алайда ол құбылыстың бар екенін, 
рухани ықпалын үдете беруі мүмкін екенін жоққа шығаруға болмайды. Қазақ 
әдебиетіндегі постмодернистік ағымдардың табиғаты мен оның ұлттық рухани 
кеңістігіміздегі орны – ӛз зерттеушісін күтіп тұрған, жан-жақты тексерілуі тиіс 
іргелі мәселе болып отыр. 
Зерттеу еңбектің негізгі мақсаты біріншіден, қазіргі қазақ әдебиетінің даму 
жолындағы, идеялық-эстетикалық жаңалық сипаттарын талдау. Екіншіден, 
тәуелсіздік жылдарындағы ұлттық әдебиеттің эстетикалық құрылымы мен 
жанрлық жүйелеріне шешуші ӛзгерістер келгенін дәлелдеу. Үшіншіден, қазіргі 
қазақ әдебиетінің жалпы поэтикалық мәселелерін әлемдік әдебиет контексінде 
қарау. Тӛртіншіден, Тәуелсіздік алған кезеңнен бастап қазақ әдебиетін зерттеу 
мен оқытудың ғылыми-әдіснамалық бағыттары туралы ұсыныстар жасау. 
Жоғарыдағы мақсатты жүзеге асыру үшін ғылыми еңбекте тӛмендегідей 
міндеттер қойылады: 
- әлемдік әдебиетте бой кӛрсеткен әдеби ағымдар мен қазіргі қазақ 
әдебиетіндегі ағымдар арасындағы желілестіктер мен ықпалдастықтар сынды 
әдеби заңдылықтар аясын қарастыру;
- модернистік ағымдардың ықпалына орай социалистік реализм негіздерінің 
әлсіреу логикасын жан-жақты байыптау;
- модернистік эстетиканың типологиялық сипатына ғылыми талдаулар 
жүргізу;
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ



- экзистенциализм, неомифологизм ағымдарының белгі-сипаттары қазақ 
прозасында да ӛзіндік орын алып, ұлттық әдебиет тарихында реализмді 
қалыптастырушы құбылыс ретінде жаңа тұрпатты қаһармандарды әкелгенін 
дәлелдеу;
- әдебиеттің мүлде жаңа сорапқа түсуі арқасында әлемдік әдеби үрдістерге 
қаншалықты үн қоса алғандығын анықтау;
- қазіргі қазақ әдебиетіндегі модернист-қаламгерлердің шығармаларына 
әдеби-теориялық талдаулар жасау;
- Тәуелсіздік жылдарында қағамдық-саяси жаңғыртулардың қазақ әдебиетіне 
жаңа философиялық концепциялар, тың эстетикалық парадигмалар туғызуға 
қалайша серпін бергенін ауқымды түрде кӛрсету;
- постмодернистік әдебиеттің негізгі тәсілдері болып табылатын интертекст, 
реминисценция, аллюзия кӛріністерін ұлттық әдебиеттің мысалдары арқылы 
талдау; 
- қазіргі қазақ поэзиясындағы сюрреализм мен импрессионизм кӛріністеріне 
әдеби-теориялық тұрғыдан баға беру;
- қазіргі қазақ прозасындағы экзистенциализм мен экспрессионизм 
эстетикасына тән белгілерді жазушылардың күрделі дүниетанымдық, кӛркемдік 
ізденістерімен байланыстыра отырып жан-жақты қарастыру;
- қазіргі қазақ әдебиетіндегі жаңа парадигманың бірі - миф пен 
мифологиялық реминисценциялардың ролін айқындау;
- дәстүрлі этномәдени құндылықтардың қазіргі дәуір әдебиетінде қандай 
ӛзгерістерге ұшырағанын саралау. 
Қазіргі қазақ әдебиетінің идеялық-эстетикалық жаңа парадигмаларын 
зерттеуде жалпы білімдік және әдебиеттану ғылымының жаңа әдіснамалық 
концепциясына сәйкес әдістер негізге алынды. Бұл зерттеуде тарихи-
салыстырмалы, салыстырмалы-типологиялық, объективті-аналитикалық әдістер 
қолданылмақ. 
Монографияда ұсынылған тұжырымдар, қорытындыларды жоғарғы оқу 
орындарындағы әдебиет тарихы, әдебиет теориясы пәндерінен ӛткізілетін 
жалпы курстарда, қазақ прозасының поэтикасына байланысты жүргізілетін 
арнаулы курстарда, семинар сабақтарында, сондай-ақ әдебиет теориясын, 
тарихын зерттеуде пайдалануға болады. Еңбек қазақ әдебиетін зерттеу мен 
оқытудың ғылыми-әдіснамалық және оқу-әдістемелік бағдарын түбегейлі, 
жаңаша қарастыру ниетінен туып отыр . 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ



1 Әдебиеттегі модернизм эстетикасы 
1.1 Модернизмнің эстетикалық алғышарттары 
 
Сӛз ӛнері – үнемі даму үстінде болатын әдеби құбылыс. Қайсыбір елдің 
әдебиетін алып қарасаңыз да әлімдік үрдістен шет қалып, ұлттық әдеби 
шеңберде дамып, жетілгенін кӛрмейсіз. Ұлттық әдебиетімізді әлемдік үдерістен 
бӛліп қарай алмаймыз. Ӛйткені, қазақ әдебиеті де бүкіләлемдік әдебиеттің бір 
бӛлшегі. Демек, дүниежүзілік әдеби үрдістен сырт тұра алмайтынымыз белгілі 
жайт. Жаһандық әдебиеттегі ортақ бағыттар мен ағымдардың ұлттық 
әдебиетіміздегі орнын саралап, қазақ әдебиеті мен әлемдік әдеби үдерістердің 
байланысын анықтау – әдебиеттанушылардың зерттеуіндегі ӛзекті мәселелер. 
Қазіргі ӛнер мен мәдениетте, философияда, әдебиетте және т.б. ғылым 
салаларында ең кӛп талқыланатын ӛзекті мәселенің бірі - постмодернизм 
құбылысы. Жалпы постмодернизм ұғымына бармас бұрын модернизм 
түсінігіне тоқтала кеткен дұрыс.
Философияда, әдебиетте модернизмнің туу кезеңі туралы пікірлер әр түрлі. 
Еуропаның қоғамдық ғылымдарында әсіресе философияда модернизмді 
Ф.Бекон, Р.Декарт, Дж.Локк есімдерімен тығыз байланыстырады. Ал, біздегі 
әдебиеттану ғылымында модернизмнің ХХ ғасырда пайда болғаны туралы 
айтылады. Мысалға белгілі әдебиеттанушы ғалым А.Ісімақова: «Модернизмнің 
туған жылы да белгілі – 1910, Вирджиния Вулфтың айтуы бойынша сол жылғы 
күз. Философтар модернизмнің басталуын Гегель, Кант, Вольтер, Декарт, 
Руссо, Паскаль еңбектерінен табуды ұсынады. Бірақ бұлар модерн деп атаған 
құбылыс кӛркемдік модернизмнен басқаша екені де түсінікті», – деген пікір 
білдіреді [1,62 б.]. Десек те модернизм тарихына азын-аулақ кӛз жүгіртсек, ол 
тек әдебиет емес, сондай-ақ кино, театр, музыка, скульптура, живопись, дизайн, 
сәулет ӛнеріне де тиесілі екенін кӛреміз.
Модернизм (итал. modernismo, лат. modernus – жаңа, қазіргі) – XX ғасыр 
басында рухани сана дағдарысы кезінде пайда болған философиялық-
эстетикалық ағымдардың жиынтық атауы десек те бұл тұжырыммен келіспеуге 
де болады. Модернизмнің шыққан бұлақ кӛзі – Еуропа. Яғни, еуропалық 
мәдениеттің ӛнімі. «Еуропа мәдениеті қайдан шыққан?» деген сауалдың тууы –
заңды құбылыс. Ол аспаннан түскен жоқ. Еуропа мәдениетінің басы – грек 
(юнан) һәм рим (рұм) мәдениеті. Грек-рим мәдениетінің кейбір ерекшеліктері 
мынадай болған: 
1. Материализм танымын ұстану; 
2. Комфортқа қатты құмарлық; 
3. Денеге табыну (денені рухани ӛмірден жоғары қою. Сұлу дене – гректер 
үшін ең биік идеал болған); 
4. Аста-тӛк дастархан, той-томалақ, сауық-сайранға құмарлық, 
мейрамшылдық (олардың кеңес кезіндегідей жыл он екі ай күнтізбесі мейрамға, 
мерекелі күндерге толы болған); 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ



5. Трансцедентальді ақиқатты мойындамау (Ақыл, сана, танымнан тыс 
нәрселерді, мысалы: Құдайды ойлап бас қатырмау. Олар Құдайды бүтіндей жоқ 
демесе де Құдай туралы түсініктері тым күңгірт болған. Құдай дүниені 
жаратады, басқарады деген нәрселер ойларына келмеген. Әйтеуір адамнан сәл 
артықшылығы бар белсенді сана (Активный Разум), жаратушы іспеттес бірдеңе 
болады деп пайымдаған [2,37]. 
Бұл мәдениет рационализмге сүйенген һәм эклектикалық (құранды) болып 
келеді. Негізгі философиялық ұстанымдары – эпикуришілдік яғни, ішіп-жеп, 
ойнап-күліп, нәпсі қалауымен рахаттанып сибарит (жылы-жұмсақ, жайлы 
ӛмірді ұнататын тұлға) болып ӛмір сүру. Сондықтан да ертедегі батыс ӛмір 
сүруді той тойлау деп түсінген. Олардың негізгі қалаулары: алтын-күміс 
әшекейлер, қымбат бағалы заттар, сұлу әйелдер, қызылды-жасылды торқа 
киімдер, салтанатты астаулары бар моншалар, арақ-шарап ішу, аңға шығу, 
философиямен айналысу, театр һәм гладиаторлар ойынын тамашалау т.б. Грек 
һәм Рим империялары негізінен еңбекпен емес, ӛзге елдерді жаулап, басып 
алумен дамып отырған. Сондықтан олар ӛздерінің рахат ӛмірлерінің бірден-бір 
кӛзі ретінде әскери күшті ӛте жоғары бағалаған. Осы империялардың шат-
шадыман ӛмірінің қалай біткені тарихтан белгілі. 
IV ғасырдан бастап император Константин кезінен (б.э. 306 ж.) Еуропа 
жеріне христиандық дін енді. Еуропа ӛзгеріске түсіп, ол біртұтас христиандық 
әлемге айналды. Батыс әлемі дінмен шӛлі қанғанша сусындап үлгерген жоқ. 
Себебі христиандық дін мен жаратылыстану ғылымы қайшылыққа, артынан 
теке-тіреске түсті. Содан дінде обскурантизм (Обскурантизм – білімге, ғылымға 
қарсылық) пайда болды. Қайта ӛрлеу, қайта тірілу немесе қайта ояну дәуірі 
(эпоха возрождения, ренессанс) осы кезде тарих сахнасына шықты. Қайта ояну 
батыс үшін рационализмге қайта ояну болды. Сӛйтіп дінсіз, құдайсыз 
ӛркениетке жол ашылды. Ӛйткені христиандық дін мен ғылымның теке-
тіресінен батыстықтар ғылым дамуы үшін міндетті түрде дін жойылуы керек 
деген тарихи қате қағиданы дүниеге әкелді. Қайта ұйқыдан оянған еуропаның 
діні – гедонизм (рахатқа батып ӛмір сүру, бұл дағы сол эпикуризмнің ӛзі) 
болды.
Модернизмнің түрткісі – философия екендігі белгілі. Сол себепті 
еуропалықтар үшін бар ӛнердің түрткісі һәм ұйытқысы ол философия болды. 
Ӛйткені оларда дін ӛзінің қызметін шығыстағыдай атқарған жоқ. (В Европе 
преобладает философское стремление, в Азии религиозное.Дрэпер). Яғни, 
қоғамдағы жаңалықтарға дін түрткі яки ұйытқы бола алмады. Қайта ӛрлеу 
дәуірінің түрткісі – рационализм (ақылға қонымдылық) болса, модернизмнің 
түрткісі – иррационализм (ақылға қонымсыздық) екені белгілі. XV ғасырдан 
рационализмге қатты ден қойған Еуропа XIX ғасырдан бастап иррационализмге 
кӛшті.
Модернизм – ӛнер қайраткерлерінің әлемдік қақтығыстарға, адамзат 
дамуындағы дағдарыстарға деген кӛзқарастарын білдірді. Ең алдымен, 
«modern» сӛзі «қазіргі (жаңа) кезең» деген мағынаны білдіреді. Оның екі мәндік 
мағынасы бар: біріншісі қазіргі кезең «қазіргі кезең талабына сай», екіншісі 
модернге, яғни модернизмге. Ӛз кезегінде «модерн» терминімен мәдени 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ



құбылыстардың ауқымды тобы белгіленді. Тар мағынада, «модерн» ұғымы деп 
ХІХ ғ.-ХХ ғ. басындағы кӛркем-әдебиеттік қозғалыс түсінілді. Ал кең мағынада 
«модерн» ұғымы Жаңа заман (Modernity) деп аталған белгілі бір дәуірге сәйкес 
келген тарихи кезеңді айқындайды. Бұл дәуір Антикалық және Ортағасыр 
дәуірінен кейін келді. Осы екі дәуірдің жиынтығы «Pre-modernity» 
(предмодерн) деп аталады. Модерн тарихи дәуір ретінде модернизм деп аталған 
ерекше философиялық және ғылыми кӛзқараспен сипатталады. Ӛкілдері – 
Бэкон, Декарт, Ньютон, Гегель, Маркс және т.б. Бұл кӛзқарастың негізгі идеясы 
– адамның ақыл-ойының әлемді нақты объективті заңдылықтарға бағынатын, 
біртұтас жүйе деп қарастыру мүмкіндігіне деген сенім, сондай-ақ табиғат пен 
қоғамның негізгі заңдылықтарын табу тарихи прогреске әсер етіп қана 
қоймайды, сонымен бірге әлемді соған сәйкес қайта құруға мүмкіндік береді 
деген сенім. Осылайша, модернизм ӛзінің теориясында адам абсолюттік білімге 
жетеді және жүзеге асырады дегенді атап кӛрсетті. Осы жерде бұл қағида Жаңа 
Заманнан бұрын пайда болып, теориялық және практикалық қолданысқа толық 
енген деген факторды естен шығармауымыз қажет. 
Постмодерн термині пайда болмас бұрын тарихи сахнада ең кӛп 
талқыланатын ӛзекті мәселе модерн еді. Бірақ ол «постмодернизмнен» мүлде 
басқа арнада қарастырылды. Модерн, біріншіден, эстетикалық модернизм 
тұрғызған және классицизм қабылдаған классицизм\модернизм (немесе 
классика\модерннің) 
қарама-қарсылық 
тұрғысынан 
қарастырылды. 
Классицистер «классиканың қазіргі заманғы мәдениеттің бастауы» деген 
концепцияны алға тартып, модернизмді кӛбіне «тарихтың кӛбігі», кеңестік 
лексикондағыдай «капитализмнің шіри бастаған сатысы» деп бағалайтын; ал 
модернизм болса, ол да ӛзінің ең «таза» сӛйлемдерін қолданып, «классиканы» 
әбден біткен әрі керексіз заттардың «зираты» деп сынайтын. Алайда 
модернизмнің шығармашылық, революциялық, прогрессивті, болашаққа 
ұмтылған сипаттамаларын мақтан ететін. Ал қазіргі постмодернизм классика 
мен модерннің қарама-қарсылығын жалған, алдамшы жағдай ретінде 
қарастырады. Ӛйткені кез-келген ең батыл деген модернизм бара-бара 
классикаға айналып кетеді, сондықтан олардың «бітімсіз қарама-қарсылығы» 
дейтіндері бос әңгіме деген ӛз пайымдары бар. 
Екіншіден, ӛнердің классикалық қағидаларын теріске шығарып келген 
жаңа кӛркемдік машықтарды модернизм кӛркемдік құбылысы ретінде 
қарастырды. Сондықтан модернизмнің туындауын ХІХ-ХХ ғғ. деп тарихи 
тұрғыда таңбалануы осыдан қалған. Кӛркем модернизм ӛз дәуірінің әлеуметтік 
және саяси мәселелерінен бас тартты деуге болмайды, керісінше, модернистік 
мектептер революциялық саяси қозғалыстарда да бой кӛрсетті, алайда олар 
болмысты ӛзгертудегі жетекші рӛлді ӛнерге бергендіктен қиялшылдық басым 
болды. 
Осы күнде постмодернизмнің пайда болуымен қатар модернизмге 
жақындап келу және оған баға беру мәселесі де түбегейлі түрде ӛзгерді. Егер 
ертерек кезеңдерде (1960-шы – 70-ші жж. басы) постмодернизм де кӛбіне, ең 
алдымен, кӛркем ӛнер, әдеби және архитектуралық машықтарымен байланысты 
болса (егер Х. Бертенске, И. Хассанға, Ч. Дженске ерсек), кӛп ұзамай ол 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ



мәдениет пен қоғамның басқа да салаларына тарады. Модернизм 
постмодернизмді тек кӛркем ӛнердегі ағым ғана емес, белгілі бір 
(постмодернизмнің алдындағы) мәдениеттің, қоғамның ойлаушылдық және 
сезімдік машықтарын, ал кейінірек қоғамның дамуындағы жеке тарихи кезең 
ретінде кӛрсетті. Постмодернистер басты назарды ӛнерге аударып келсе де, 
олар ӛнердің қоғамдағы түбегейлі ӛзгерген мәртебесін, саясаттың 
эстетизациялануының және ӛнердің саясаттануының, «ӛнердің ӛмірге бет 
бұруын» (Бодриар), бұрындары «ӛнер» мен «ӛмірді», «мәдениет» пен 
«табиғатты», жасандылық пен табиғилықты бӛліп келген шарттылықтардың 
бұзылуын зерттеді. 
Модерн мен постмодерннің ӛзара қатынасы жайлы күрделі де дау-дамайлы 
мәселені таразыға салар бұрын «модерннің» не екенін (постмодерннің 
тұрғысынан) қарастыру керек, ӛйткені, модерннің күрделілігі мен қарама-
қайшылығы «постмодерннен» кем түспейтіні белгілі. Брэдбери мен 
Макфарлейн модернді футуризм мен нигилизмнің, жаңашылдық пен 
ескішілдіктің, натурализм мен символизмнің және классицизмнің әдеттен тыс 
қоспасы деп бағалайды [3,46].
Моденизмге баға берудің және анықтаудың қиындығы зерттеушілердің 
осы терминге әртүрлі мағына беретіндіктерінде жатыр. Оны біресе ӛзіне тән 
әлеуметтік және мәдени институттары бар жаңа қоғамдық формация деп 
бағалайды, біресе оны етене құндылықтары, кӛріністері және нанымдары мен 
сенімдері бар мәдениет түрі деп кӛтермелейді; біресе сананы, ғылымды және 
білімді жоғары қоятын прогресстің, жаңашылдықтың, замануи және т.б. 
түсініктерін ту еткен түр деп түсінеді. «Мұндай екіұштылықта модернитидің 
айналасындағы теориялық дискурстардың соншалықты күрделі және жиі 
шатысқан түрде кездесетініне таңқалуға болмайды, әрі бұл жаһандану мен 
модернитидің қатынастарына баға беруді қиындата түсетіні сӛзсіз» [4,34].
Модерн іштей кӛптеген «модернизмдерге» бӛлшектеніп кетеді, ал олардың 
әрқайсысының ӛз тарихы, пайда болу шарттары және ӛзіне тән ерекшеліктері 
бар. Модернизмді (сондай-ақ постмодернизмді де) анықтаудың қиындығы 
бағзы философиялық ойды еске түсіреді: біз қайсыбір түсініктердің мән-жайын 
пайымдағанымызша, ол соншалықты түсініксіз әрі кӛмескілене түседі.
Негізінен алғанда модерн дәуірі тарихтың белгілі бір кезеңі ретінде 
феодализм дәуірінен немесе аграрлық қоғамнан бӛлек. Ол (модерн) 
капитализммен жиі теңестірілуде, әйткенмен кейінгі немесе кемелденген 
капитализмде модерн капитализмнің жалғасы ма, жоқ әлде жаңа сатыға – 
посткапитализмге ӛтуді дәйектей ме деген сұрақтар да пайда болды. Мұндай 
кӛзқарас модернизмнің уақыттық «хронологиялық» ауқымын түбегейлі түрде 
ӛзгеруге мәжбүр етті. Басында оның пайда болуын ХІХ – ХХ ғасырларға, одан 
кейін индустриалдық тӛңкеріс дәуіріне (ХІХ ғ. ортасы), сонан соң Ағарту 
дәуіріне (ХVIII ғ.), кейінірек, Жаңа уақыттың басталуы мен капитализмнің
туындау кезеңіне (XVІІ ғ. басына) апарады, ал бұл күнде оның басталуын 
кӛбіне Қайта ӛрлеу дәуірімен байланыстыруда.
Модернге дейінге әлем ӛзін қозғалысы шамалы, тұрақты, ғасырдан 
мәңгілікке дейін орныққан ғаламдық тәртіп есебінде ұсынады. Онда, ғасырдан 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


10 
ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа, пәлендей ештеңе ӛзгере қоймайды. Қандай да бір 
ӛзгерістер әлеуметтік апат деп қабылданды, жаңашылдық неге апарып соғары 
белгісіз, қалыптасқан тәртіпті бұзатын қауіпті жағдай деп қарастырылды. 
Модернизм (капитализм), Маркс айтқандай, дүниенің бәрі қозғалысқа түседі, 
ӛзгермелі болады. Адамдар үйреншікті мекендерін тастап, тәуір тірлік іздеп 
кетеді. Бұл жаңалықтар адамдардың әлеуметтік және эмпирикалық тәжірибесін, 
сезімдері мен дүниетанымын түбегейлі түрде ӛзгеріске түсіреді. Кӛптеген 
зерттеушілер тілге тиек ететін Маршалл Берман анықтағандай «Модерн болу 
дегеніміз билікті, ӛсуді, біздің ӛзіміздің және әлемнің ӛзгерісін уағда ететін, 
қолда барымыздың бәрін қиратуға қауіп тӛндіретін қоршауда қалу деген сӛз. 
Модерндік қоршаулар мен тәжірибелер жағрапия мен этникалықтың, тап пен 
ұлттың, дін мен идеологияның барлық шекараларын бұзып ӛтеді; бұл тұрғыда 
модернити бүкіл адамзатты біріктіреді деп айтуға болады. Бірақ бұл оғаш 
бірігу, бӛлінгендіктің бірлігі; ол бізді тұрақты дезинтеграция мен жаңаланудың, 
күресу мен қарама-қарсылықтың, екіұдайылық пен азаптың иіріміне тартып 
алады. Модерн болу дегеніміз ғаламның бір бӛлігі болу деген сӛз» [5].
Энтони Гидденс модернитидің модернге дейінгі әлемнен басты 
ӛзгешелігін дәстүрдің қуатына, ӛткенмен байланысына, әлеуметтік тәртіпке 
негіздеген болатын; модернити ӛткеннен қол үзуді ӛзінің конститутивті 
қағидасы ретінде қарастырады. Яғни, тұрақты түрде жаңару, ӛткеннен 
(кӛнеден) бас тарту. Ӛткеннен ажырау, алдыңғы қатарға уақыттың, 
бұрынғының және қазіргінің (сондай-ақ болашақтың) үздіксіз байланысындағы 
уақыт пен тарих мәселесін шығарады. Уақытты сезіну мен бұрынғының 
бірігуіндегі тарихи сезім ӛзгерді. Ең алдымен, бұл сезімді Гамлеттің ауызына 
«уақыттың жібі үзілді...» деген сӛзді салып берген модернист Шекспир 
жеткізді. 
Модернизмнің салыстырмалы түрдегі алты түрлі сатысы бар. Бірінші, 
гуманизм, урбанизм және перспективизмге акцент жасалған (XIV-XVғғ.) 
ренессанстық модернизм; екінші, белсенді кәсіпкерлік, әлем мен мәдениеттің 
кәсіпкерленуіне және индивидуализмге акцент жасаған капиталистік 
модернизм; үшінші, ағартушылық модернизм немесе осы мәселені 
қарастырушы Хабермас айтқандай, сананы, ғылымды және білім беруді биік 
ұстаған «модернистік жоба»; тӛртінші, машинаны, техниканы және техникалық 
рационализмді ту еткен индустриалды-техникалық модернизм; бесінші, 
бекзаттық және бұқаралық мәдениетттерді ажыратып, тоқтаусыз тәжірибе 
жасаған эстетикалық модернизм; алтыншы, медиа қатынас-байланыстарға және 
жоғары технологияларға бет бұрған кейінгі немесе жоғарғы модернизмге 
ажыратуға 
болады. 
Соңғы 
саты 
модернизм 
мен 
постмодернизм 
айырмашылығының, тепе-теңдігінің мән-мағынасын құрайды. Әрбір саты 
алдыңғы қатарға ӛздерінің ерекшеліктерін шығарады, сондықтан бүгінде 
модернизм жайлы сӛз қозғау оңай емес. 
«Модерннің» мәндік сипаттамасын айқындайтын тағы бір маңызды 
факторды атап ӛткен жӛн. Модерн – нақты бір тарихи дәуір ғана емес, ол 
тарихты тӛменгі пішіннен (форма) жоғарғы пішінге (форма) қарай ӛрлететін 
үдеріс (процесс) ретінде қарастыратын нақты дүниетанымдық позиция. Бұл 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


11 
позиция бойынша, дамудың жаңа сатысы ӛткенді басып озып, керек болса 
жоққа шығарады. «Мodern» сӛзі латынның – «modo» «жуырда» деген сӛзінен 
туындайды. Осылайша модерн дегеніміз жаңаға бағытталған, ӛткеннің 
«адасуын» түзеуге тиіс, болашақ қоғамның фундаменті бола алатын дәуір деп 
қорытынды жасай аламыз.
Белгілі әдебиет теоретигі М.Н.Эпштейн «модерн» деген екі үлкен 
айырмашылығы бар ұғымды ажыратып берді.
«Олар: 1) модернділік – орта ғасырдан бастау алып немесе («modernity» 
немесе орыс терминологиясымен сәйкес «жаңа уақыт») қайта ӛрлеу (ренессанс) 
дәуірінен басталып, ХХ ғасырдың ортасына дейін жалғасқан, жарты 
мыңжылдықты қамтыған бүкіл әлем тарихындағы үлкен дәуір; 
2) модернизм («modernism») – модерн дәуірін аяқтайтын жарты ғасыр ӛмір 
сүрген ХІХ ғасырдың аяғына дейін жалғасқан немесе бірінші дүниежүзілік 
соғыстан 1950–1960 жылдарға дейін созылған, белгілі бір мәдени кезең», – деп 
атап кӛрсетті [6,472]. 
«Модерн» терминінің мағынасын талдауды аяқтай келе, оны талдаудың 
тағы бір нұсқасына тоқтала кеткен жӛн деп ойлаймыз. П.Козловский «модерн» 
ұғымын талдаудың нұсқасы кӛп деп есептейді. Дегенмен де, «модерн» ұғымы 
туралы ғалымдарымыз түрлі пікірде екенін жоғарыда атап ӛттік. Кӛптеген 
зерттеушілеріміз модернді жеке бір тарихи кезең деп қарастыруға болмайды
оны ӛзінің бастауын Ежелгі Грециядан алатын, христиандық дәуірден ӛтетін, 
сӛйтіп толық кӛрінісін Жаңа Заманнан табатын тарихи жоба деп қарастырған 
жӛн деп санайды. Осы тарихи, яғни дүниетанымдық жүйені Хабермас 
айтқандай, «модерннің жобасы» деп айтуға болады, – деп, оның (Хабермас 
жобасының) мынадай сипатты белгілерін кӛрсетеді: 
- шындықтың алуан түрлілігін, бірыңғай негізден шығаратын әлемнің 
универсальдық бейнесін жасауға ұмтылу;
- осы негіздер туралы адамның ақыл-ойының абсолюттік білімге қол 
жеткізе алатындығына сенім білдіру;
- осы білімді шын мәнінде толығынан жүзеге асыруға ұмтылу;
- осындай жүзеге асыру адам бағытын ұлғайтуға әсер етеді деген сенім;
- адамзат дамуының біртіндеп дамитындығына деген сенімділік, бұл жерде 
қазіргі ӛткен дәуірден, ал болашақ бүгінгіден үстем болады дегенді білдіреді 
[7,12-20].
Модернді тарихи жоба деп қарастыру кӛптеген мәселелерді шешуге 
кӛмектеседі және бұл ұғымның мағынасының кӛптігін кӛрсетеді. Сондай-ақ 
модернді 
осылайша 
түсіну, 
модернистік 
тенденциялармен 
қатар 
антимодернистік түсініктердің бар екенін де білдіреді. Мысалы, Жаңа Заманда 
модернистік кӛзқарас үстем болған тұста де Сад, Ницше, Джойс т.б. 
фигураларды ӛмірге әкелді.
Модернизм жеке тұлға санасын рухани ауытқулармен байланыста қарады. 
Модернистер әлемдік деңгейдегі қоғамдық қайшылықтар, санадағы 
қақтығыстар кезінде адам дүниенің мағынасыз екенін, ӛзінің фәнидегі 
жалғыздығын түсінеді деген пікірлерді алға тартты.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


12 
Осылайша, модернизмді қарастырғаннан кейін, біз жоғарыда айтып ӛткен 
модерн мен постмодерннің арақатынасына оралғымыз келеді. Бүгінде 
постмодернизмді кӛбіне модернизмге деген әрекет ретінде анықтайды. Егер 
модернизмнің ӛзі әлде бір бірегей, бір үлгілі құрылым немесе феномен 
санатында кӛріне алса, онда мұндай жағдайлар тумас еді. Бірақ, біз кӛргендей, 
бұл – күрделі, шатысқан қарама-қайшы құбылыс. Постмодернистік әлем, 
модернге қарағанда басқа дүние. Постмодернизм, бұл «әсерден, әрекеттен...» 
әлдеқайда жоғары, бұл модерн әлемінен ерекше, ӛзіндік әлемді креациялау 
(жасағанның жазмышы деп есептеу) деген сӛз. Егер постмодерн мен модерннің 
ара қатынасы жайлы мәселеде әлде қандай мағына болатын болса, онда бұл 
олардың айырмашылығы турасындағы мәселе деген ойдамыз. 
Бұл тұрғыда модерн де посмодернге тән сипаттармен – үзінділікпен 
(фрагментаризм), 
ӛзгешеленумен, 
тұрақсыздықпен, 
т.б. 
сипатталады. 
Сондықтан модерн мен постмодерн арасындағы ӛзгешелікті іздеу мүлде 
мағынасыз әрі оларды айырудағы ең басты қиындықтардың бірін 
қалыптастырады. Постмодерн табиғатында модернистік ерекшеліктерді 
шиеленістіре түседі. 
Фредерик Джеймисон модернизм және постмодернизмнің арасындағы 
қатынастардың қалыптасқан тӛрт түрін бӛлектейді: пропостмодернистік/ 
антимодернистік (сәулетшілер Чарльз Дженкс пен Роберт Вентури, жазушы 
Том Вулф және т.б.) антипостмодернистік/про-модернистік (әдеби сыншы 
Хилтон Крамер, New Criterion журналы және Юрген Хабермас); про-
модернистік/проантимодернистік 
(Жан 
Франсуа 
Лиотар); 
және
модернистік/антимодернистік түр, ол оған сәулет ӛнерінің итальяндық 
тарихшысы Манфредо Тафруди жатқызады. (Есесіне соңғы түрге Ресей мен 
Қазақстанда қаншама тұлғаларды жатқызуға болады). 
Шамасы, қатынастардың осынау тӛрт түрін түсіндіруде мағына бар 
сияқты. 
Про-постмодернистік/антимодернистік 
түр 
оның 
жақтастары 
постмодернизмді (постмодернитиді) модернизм мен модернитиден ӛзгеше 
термин және феномен ретінде қабылдап, қарастырады, сондай-ақ олар 
постмодернитиді тарихи кезең ретінде, немесе постмодернді мәдениет түрі 
ретінде модерннен бӛліп қарайды дегенді білдіреді. Бұл Джеймсонның
пайымдауынша, оның бар осалдығына қарамастан, барынша дәйекті және 
мығым бағыт болып табылады. 
Анти-постмодернистік/про-модернистік 
түр, 
оның 
жақтастары 
постмодерн(изм)ді термин ретінде, тарихи кезең және мәдениеттің бір түрі 
ретінде теріске шығарады дегенді білдіреді. Бұл бағытты да дәйекті әрі мығым 
құбылыс деп есептеуге болады. Мұның ӛзінде, постмодернизмді теріске 
шығару жолдарының әртүрлі болуы ғажап емес. Басты келіспеушіліктер осы екі 
негізгі түрлердің арасында туындайды, ал қалған екеуі жартылай және сенімсіз 
болып табылады.
Үшінші, про-модернистік/про-модернистік түр, оның жақтастары 
постмодернизм терминін қабылдай отырып, постмодернизмді модернизмнің 
жалғасы немесе шарықтау шегі немесе Лиотар айтқандай, мәдениеттің ерекше 
жағдайы, дағдарысы, бірақ модерн мәдениеттің (яки «кейінгі капитализмнің») 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


13 
дағдарысы деп есептейтіндіктерін білдіреді. Бірақ, жағдай мынада жатыр: егер 
постмодернизм модернимзнің жалғасы немесе шарықтау шегі болатын болса, 
олардың арақатынасының мәселесі туындамас еді ғой. Мәселе модернизм мен 
постмодернизмнің арақатынасындағы байланыс, жалғасу және шарықтау емес, 
үздіксіздіктің үзілуі, ықшамдалуы ретінде қарастырылғанда туындайды.
Тӛртінші, анти-модернистік/анти-постмодернистік түр, қарастыруға да 
татымайды, ӛйткені, идеологиясы оның жақтастары үшін жасырын болып 
қалатын қайсыбір метанарративтің негізінде әлдебір тізеге салынған 
«классиканы» қорғап қалудың әдеттегі мысалы болып шығады [8]. 
Сонымен, модернизм мен постмодернизмнің қарым-қатынасы жайлы сауал 
қазіргі заманғы философияның және мәдениеттанудың әбден шатысып кеткен 
мәселелерінің бірі болып табылады. 
Осы жерде ӛткен ғасырдағы Кеңес үкіметі құрамында болған барлық 
елдердің әдебиетінде кездесетін модерн мен постмодерн дәуірлерінің 
арасындағы социалистік реализм кезеңіне де аз да болса тоқталып ӛткеніміз 
жӛн сияқты.
Социалистік реализм – бұрынғы кеңес одағындағы коммунистік дәуір 
ретінде, модернизм кезеңі мен (XX ғасырдың басы) постмодернизм арасында 
(XX ғасырдың соңы) болып ӛтті. Батыста оның кӛрініп тұрған аналогы жоқ, ал 
бұрынғы КСРО құрамындағы елдерде модернизм мен постмодернизм арасында 
жатқан шекара, яғни соцреализм кезеңі туралы сұрақтар туындайтыны 
заңдылық. Соцреализмді модернизмнің соңғы кезеңіне жатқызуға бола ма 
немесе ол постмодернизмнің ерте кезеңін кӛрсете ме деген сауалға толық жауап 
әлі жоқ. 
Борис Гройстың «Сталиннің стилі» атты еңбегінде соцреализм мен 
тоталитарлық ӛнер жалпы алғанда, авангардтық (модернисттік) ӛнер 
жобасының іске асуы ретінде суретшінің барлық болмысты экспериментальды 
ӛрескел қырағылыққа бағындыруы деп дәлелдейді. Осы мағынада Гройстың 
пайымдауынша Сталин – Хлебников, Маяковский, Мейерхольд, Малевичтің 
армандарын іске асырды: ӛнер туындысына ӛмір берді. «Суретшінің ӛзі 
жоғалғанда осы дәуірдің бір ғана ұлы суретшісі Сталин болып қалды» - дейді. 
ХХ ғасырдың отызыншы жылдарындағы солшыл батыстың суретшілері 
сталинизмге одан ӛздеріне жақын кӛрген футуристік, конструктивистік немесе 
сюрреалистік эксперименттік кӛзқарасына таңқалуы Б.Гройс еңбегінде 
авангардизмді жалғасы ретінде танып, оны коммунистік экспериментпен 
аяқталу деп таниды. 
Тіпті модернистік жобаны Сталин жүзеге асырды деп келісетін болсақ та, 
жүзеге асыру фактісінің ӛзі жаңа постмодернистік санаға бастама беретіні 
туралы мәселе қоюы керек еді. Сталиндік идеологтардың қандайда бір 
модернистік ағымдарға қаскӛй орынсыз шабуылы, футуризм мен сюрреализмді 
қоса алғанда, сенімсіз болмыстан қашу немесе алшақтау (субъективиттік және 
формалисттік) сияқты кӛрінеді. Осыдан келіп, болмысты толық және 
объективтік түрде кӛрсететін жаңа кӛркем әдіс, соцреализм декларациясы жаңа 
идея тұрғысынан қайта ӛңделеді.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


14 
Соцреализм ӛзінің қандайда бір аспектісінде модернизмнің соңғы кезеңі 
дегенді ұсыну арқылы теңдестірілген типологияны құру керек еді, ал басқаша 
аспектіде – постмодернизмнің бастапқы фазасы. Жалпы алғанда – екеуі де емес, 
модерн мен постмодерн арасындағы ұзақ мерзімдік ауысу уақыты. Сталиндік 
кезеңде ӛзінің жүзеге асырылуының негізгі фактісі авангардтың утопиялық 
жобасы агрессиялық утопиялық болудан қалады. Болмысқа неғұрлым терең 
енеді, оны ирреализдеу және гиперреализдеу арқылы ақырындап 
постмодернистік келеке мен эклектикаға айналады. Авангард қоршаған 
болмысты бағындыруға тырысқан мессиандық, трансценденттік ұмтылыстарда 
соцреализм салтанатты түрде ӛзгерген қасиет ретінде кӛрінеді, кейіннен 
постмодернизм оған идеологиялық симулякрды, химераны, ойындық 
гипершынайылықты енгізеді. 
Сонымен, соцреализмнің феноменінің ӛзі жалпы алғанда тоталитарлық 
ӛнер, авангардтық тазалық стилінен постмодерндік ойын эклектикасына тарихи 
түрде ауысу деп түсіндірілуі мүмкін. Авангардтағы эксперименталдық тазалық 
форумы шынайы жауынгерлік мақсатты түрде болады, онда постмодернизмнің 
эклектикасы ойын түрінде ӛзінің шарттылығы мен қатыстылығын түсінеді. 
Алайда, стилдік эклектизм неге бір мәдени парадигмадағы агрессиялық 
шынайылықпен үйлеспейді? 
Қатаң, қызу, жауынгер эклектизм – тоталитарлық ӛнердің доминантасы. 
Олар осы арқылы модерн мен (авангард пен) постмодерн арасын 
байланыстырушы звено болып орналасады. Тоталитаризм атауының ӛзі айтып 
отырғандай әр түрлі стильдер мен формаларды жаңартуға, болмысты қайта 
құру міндетіне орай жауапты бір жерге тұтас бағындыруға тырысады. Бұл 
шынайы 
эклектизм 
санаты 
бір 
жағынан 
соцреализмнің 
шынайы 
мақсаттылығына және авангардтың экспериментальды тазалығын түсіндіруге 
барынша күш салады, ал екінші жағынан – постмодернизмнің ойын 
эклектикасын ұғындырады.
Егер де Шығыста модерн мен постмодерн арасындағы ауысуға шынайы 
эклектика мерзімі қажет болған болса, онда Батыста жағдай қандай болды? 
Шындығында Батыста модернизмді дамытуда мәжбүрлеу болған жоқ және 
постмодерндік сананың Жаңа уақыт санасына енуі Ресейдегідей (оның 
зардаптары да ӛте кӛп) болды. Алайда, Ресейдің бұл жердегі Батыстан 
айырмашылығы бірінші кӛрінгендегідей айырықша емес, себебі Батыста 
модерннен постмодернге ӛту абсолютті тікелей түрде болған жоқ, олардың 
арасында қандайда бір «буферлік» аумақ орналасқан, ол тура сол ХХ ғасырдың 
отызыншы-елуінші жылдар кезеңін алып жатыр. Әрине әңгіме социалистік 
реализм туралы болып отырған жоқ, Батыста оның сәні (мода) жылдам түрде 
ӛтіп кетті және аздаған ғана суретшілерді қамтыды. Соцреализмнің батыстық 
параллелі модерннен постмодернге ӛту мерзіміндегідей «кеш» немесе 
«жоғарғы» модернизм деп атауға болатынның дәл ӛзі. Томас Манн, Герман 
Гессе, Франсуа Мориак, Эрнест Хемингуэй, Уильям Фолкнерлер ХХ ғасырдың 
ортасындағы кӛркем генерацияның ең бір маңызды ӛкілдері ретінде 
қарастырылды.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


15 
Жоғары модернизм әртүрлі кӛркем және мифологиялық дәстүрлер арқылы 
кең түрде ашылған, ӛзінің эстетикасын бір ғана әдіске немесе қатаң түрдегі 
әдістерге жатқызғысы келіп, ерте модернизмнің пуризмінен - авангардынан 
алшақтап кеткен. Тарихи сипаттылығы, реалистік психологизм, мифологиялық 
артықшылық, мәтелбейнелік, сананың ағысы, шектеу, гротеск, символика, 
аллюзия мен цитата ойыны – осының барлығы жоғары модернизмнің стильдік 
палитрасына кіреді. Дегенмен де стилдік эклектизмге қарамастан, ол (жоғары 
модернизм) шынайы және қандайда бір мағынасында элитарлық мәдениет 
болып қала береді. Алдына адамгершілікті, психологияны, діни міндеттерді 
қояды және оның күрделі тілін түсіне алатын арнайы дайындығы бар 
мамандарға арналады. 
Модернизм мен соцреализмнің ӛлшеусіз жоғары құндылығы барысында 
екі бағыт та шынайы эклектизм эстетикасын кӛрсетеді. Олар КСРО-да және 
Батыста ерте (авангардтық) модернизмнен постмодернизмге ӛтуге мүмкіндік 
берді. Демек, шынайлықтың ӛзі пафостың әр түрлі түрлерінде бола алады: 
бейнелік-оптимистикалық немесе трагикалық-пессимистикалық. Бейнелік –
соцреализм тегіс қамтитын және жауынгерлік бірлік құндылықтарына 
негізделген; ал жоғары модернизмнің трагизмі – жекелік құндылықтарына 
негізделген, ол ӛз талпыныстарында әмбебаптылыққа біріктіріледі, оның ішінде 
әлеуметтікке. Ӛзінің міндетті түрде терең экзистенциалдық шеттетілуін 
сезінеді. 
Алайда, барлық алып ерекшеліктерге қарамастан, кеңестік және батыстық 
әдебиеттер арасында нақты қайталаулар болды. Яғни отызыншы-қырқыншы 
жылдардағы кеңестік және батыстық әдебиеттер арасындағы нақты бір 
ұқсастықтар: М. Шолохов пен У. Фолкнер, А. Платонов пен Э. Хемингуэй, М. 
Горький мен Т. Манн, JI. Леонов пен Г. Гесселерде болған. Жоғары модернизм 
ӛкілдері кеңестік сынды, ерте модернист – экспрессионистерге, дадаистерге, 
сюрреалистерге қарағанда неғұрлым жылы қабылдағандарын айтпай кетуге 
болмайды, олардың тіпті солшыл кӛзқарастары болған, олар автоматты түрде 
формалистер лагеріне, антигуманистер лагеріне, әлеуметтік прогрестің 
дұшпандары қатарына жазылды. Осы орайда үлкен идеологиялық 
айырмашылықтарға қарамастан кеңестік жазушыларды соңғы модернизм 
ӛкілдерімен біріктіруге не түрткі болды деген сауалдың туары заңды құбылыс. 
Алайда, мұның жауабы да дайын еді: ол эклектизм эстетикасының «шынайы», 
формальды емес кӛркемдіктен тыс, жоғары кӛркемдік міндеттермен үйлесімді 
және ерте модернистік «элитаризмге, герметикалық кӛркем құрылымдарына, 
зертханалық пішін шығармашылыққа» қарсы қойылды. Сол заманғы батыстық 
ірі «прогрессивтік» әдебиеттермен қатарды толықтыруға тырысып, кеңестік 
сыншылар 
«манки», 
«гуманизм», 
«жазушының 
адамгершіліктік 
жауапкершілігі» сынды т.б. екі ұшты терминдерді пайдаланды. Кеңестік 
әдебиет және батыстық әдебиетте де «прогрессивтік» жазушылар болды деп 
меңзелді. Жазушылар авангардистерге қарағанда стилистік әдістердің 
тазалығына ғана алаңдап қойған жоқ, адамзат тағдырына және жалпы шеттету 
дәуіріндегі әскери қауіп тӛніп тұрған замандағы ӛмір сүру талпыныстарына 
алаңдады.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


16 
«Жоғары модернизм» деген түсініктің ӛзі кеңестік сында модернизмнің ӛз 
түсінігі жағынан буржуазиялық-құлдыраған түрінде «жоғары» бола алмады, 
тіпті тарихи кезеңдердің ӛзінде («жоғары классика» дегендей осыған ұқсас 
түрінде қолданылды) жоғарыда аталған суретшілердің барлығы да модернистік 
парадигмадан алып тасталынып, «сыншыл реализм» қатарына енгізілді. 
Түсініксіз циклдік қозғалыс елесі пайда болды, яғни мынадай түсінікті 
қалыптастырмақ болды: батыстық әдебиет сыншыл реализмнен Диккенс пен 
Флобермен бірге шығып, әр түрлі құлдыраған ағымдар мен бағыттарға ондаған 
жылдарын кетіріп, отызыншы жылдары қайтадан сыншыл реализм тобына 
оралды, әлемдік ӛнер шыңы – соцреализмге жетуге іргетас қана болады. 
Шындығында, осы терминологиялық ойындардың барлығы кеңестік 
жазушыларды және олардың батыстық замандастарында бейқам қалдырмады. 
Себебі американдық әдебиеттанушы A.M. Зверевтің айтуынша «адам мен оның 
концепциясының әлемді түсінудегі пікірталастарының барлығы, модернизм 
арқылы кӛрінген, олар ХХ ғасырдағы сыншыл реализм туындысының негізін 
құрайды, олар Т. Манның «Доктор Фаустусы», Г.Гессенің «Бисер ойыны» және 
т.б. Осы кӛзқарастың риторикалық мәніне қарамастан, онымен келісуге болады, 
егер де оған жатпайтын «сыншыл реализмді» - «жоғары модернизмге» 
алмастыратын болса, онда Т. Манн және Г. Гессе тұлғалары ерте модернизммен 
айтысқа түсе береді («демоникалық», «эстетикалық» т.б.). Осы кеңестік сынның 
«достық және қамқорлық» ишараттарының артында «прогрессивтік» батыстық 
жазушылардың бағытына қарай шынайы екі түрліліктің, екі эклектизмнің 
жалпылығы тұрған болатын. Бұл шынайы түрде – бейнеліктің немесе 
трагикалықтың, саяси немесе эстетикалық – соцреализм мен жоғары 
модернизмнің алдыңғы авангардпен бірлесуін кӛрсетеді, ал эклектиканың – 
постмодернизммен жақындығын кӛрсетеді. 
Сонымен М.Эпштейн ӛзінің еңбегінде ХХ ғасырдағы мәдени дамуда үш 
негізгі мерзімді былайша анықтайды:
- Шынайы пуризм: авангард, немесе ерте модернизм – ХХ ғасырдың үштен 
бірі; 
- Шынайы эклектизм: КСРО-дағы социалистік реализм, Батыстағы жоғары 
модернизм – ғасырдың екіден бірі; 
- Ойындық эклектизм: постмодернизм – ХХ ғасырдың соңғы үштен бірі 
[6,465].
Ал, жалпы «модерн» дәуірінен кейін ӛмірге келген «постмодерн» дәуірінің 
туу тарихы туралы да пікірталастар кӛп. Бүгінгі таңда дүниежүзілік 
әдебиеттануда, философияда, лингвистикада, мәдениетте және жалпы ӛнер 
атаулыда ӛзекті мәселе болып отырған «постмодернизм» ұғымы әдебиетке 
қашан енді және әлемде «постмодернистік» кӛзқарас қашан пайда болды, 
«постмодернизм» термині пайда болған кезде «модерн» мен «постмодерн» 
дәуірлерін бӛлетін хронологиялық шекара қайда деген сауалдарға жауап 
берудің ӛзі қиындық тудыруда.
Зерттеушілердің кӛпшілігі «модерн» дәуірінің ӛткен күнге айналғанын, ал 
«постмодерн» ӛзінің құқығына қашан ие болғанын нақты белгілей алмай жүр. 
Ал, осыны анықтауды қажет ететін сұрақтарға жауаптардың кӛптігін және 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


17 
жүйесіз нұсқаларын жиі кездестіреміз. Тіпті, «постмодерн дәуірі мен 
постмодернизм кезеңін (М.Эпштейннің)» сӛз етпей тұрып, «Модерн дәуірімен 
бірге модернизм идеялары да аяқталды ма» деген маңызды сауалдарға жауап 
беруде Еуропаның әдебиетті зерттеуші ғалымдарының ой-пікірлері де бір 
тоқтамға әлі де келе қоймағанын аңғарамыз.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


18 
1.2 Модернистік ағымдар 
Модернизмнің басты мақсаты – мәдениетті «модернизациялау», яғни 
«жетілдіру». ХХ ғасырдың басындағы авангардистік ағымдардың манифестерін 
оқып қарасаңыз, барлығының да мәдениетті жетілдіру проблемасын кӛтергенін 
байқар едіңіз. Алайда, модернизм де біркелкі емес, ала-құла, кӛптеген мүдде, 
кӛзқарас, эстетикалық теориялардың қақтығысынан тұрады. Модернизмнің 
қайнар кӛздері, әлбетте, ӛзінен бұрынғы, яғни ХІХ ғасыр мәдениетінде жатыр. 
Сондықтан да, азда болса модернизм үрдісін құраған авангардистік 
ағымдардың әрқайсысының эстетикалық теориясына шолу жасап ӛттік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет