70
мазмұнының құрылымдары бірдей болуы керек пе? Олардың арасын-
да айырмашылық - элементтердің мазмұнының көлемінде. Білім беру
мазмұнына тек әлеуметтік тәжірибе элементтерінің әрқайсысының
негізгі, қолжетімді және меңгеруге қажетті аспектілері кіреді.
Білім беру мазмұнына анықтама берейік.
Білім беру мазмұны – бұл дүниеге білімнің, біліктің, дағдының,
шығармашыл іс-әрекет тәжірибесінің және дүниеге эмоционалдық-
құндылық көзқарастың педагогикалық тұрғыда бейімделген жүйесі,
бұл жүйені меңгеру мәдениетті жаңғыртуға және дамытуға дайын,
жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруды қамтамасыз етеді (И. Я.
Лернер).
Әртүрлі жас сатысы үшін білім беру мазмұнын таңдаудың негізгі
критерийлері қандай? Білім беру мазмұнын педагогикалық бейімдеу
ненің негізінде жүргізіледі?
Достарыңызбен бөлісу: