4
Практикалық сабақтарда студенттердің білігін қалыптастыру түрлі
жаттығуларды орындау түрінде, іскерлік ойындарда әртүрлі рөлдер
орындау барысында, білім жобаларын жасау және педагогикалық си-
туацияларды модельдеу түрінде жүзеге асырылады. Әрбір сабақта про-
блеманы талқылау пікірталас сипатында өтеді, көпнұсқалы ізденістер
қарастырылады. Пәнаралық байланыс орнату, философиялық,
психологиялық, тарихи-педагогикалық білім мен жеке тәжірибені ин-
теграциялау - сабақта қарастылатын мәселе бойынша студенттердің өз
көзқарастарын негіздеу үшін аса маңызды.
Өзіндік жұмыс «Мектепке дейінгі педагогика» курсын оқып-
үйренуде студенттің дербес білім алу бағытын анықтауға мүмкіндік
туғызуды көздейді.
«Мектепке дейінгі педагогика» курсын меңгеруде сәттілік тілеймін!
Достарыңызбен бөлісу: