71
табуға болады:
операциялық күшейткіш – бұл дифференциалды кірмесі
бар және әдетте жоғары күшейту коэффициентіне ие жалғыз
шықпасы бар
тұрақты тоқ күшейткіші. Бұл анықтаманы толығырақ қарастырайық.
Дифференциалды кірме күшейткіштің терістеуші және терістеуші емес
шықпаларынан тұрады. Бұдан бөлек, ОК қуаттаудың оң және теріс
шықпаларына ие. Санамаланған бес шықпа (екі кірме, бір шықпа, екі қуат
беру шықпасы) әрбір ОК болады және оның жұмыс істеуі үшін іс жүзінде
қажет. Операциялық күшейткіштің терістеуші кірмесі,
кірме сигналы
белгісін шыққан кезде кері қарай өзгертеді. Терістеуші емес кірме, кірме
сигналы белгісін өзгертпейді. «Дифференциалды» термині, ОК шығыс
әлеуетіне тек олардың абсолюттік мәндері
мен полярлылығына тәуелді
емес, оның кірмелері арасындағы әлеуеттерінің айырмашылықтары ықпал
етеді дегенді білдіреді.
«Тұрақты тоқ» термині операциялық күшейткіш анықтамасында, ОК 0
Гц-тен бастап кірме сигналдарды күшейтеді дегенді білдіреді. Бірақ, ОК
сонымен бірге, ауыспалы сигналдарды да күшейтеді, сондықтан
операциялық күшейткіш тек тұрақты емес,
сонымен қатар ауыспалы тоқ
ретінде де анықтай алады. Күшейтілетін сигналдардың жоғарғы жиіліктер
диапазоны (жиілік диапазоны) өзі тұратын транзисторлардың жиіліктік
сипаттамалары, ОК қолдану арқылы құрылған сызбаны күшейту
коэффициенті және т.б. тәрізді көптеген себептерге тәуелді болады.
Операциялық күшейткіш
күшейтудің жоғарғы коэффициентіне ие —
10
5
және одан да жоғары. Мұндай күшейту коэффициентіне
кері
байланыссыз сызбада қол жеткізіледі. Егер, операциялық күшейткіш кері
байланысы бар сызбаға қосылған болса, онда күшейту коэффициенті ОК
қосылған екі сыртқы резисторлармен анықталатын болады. Бұл жағдайда
ОК сигналды тіпті де күшейтпей, оның орнына
оны еш өзгеріссіз өткізуі
немесе тек сигнал фазасын қарама-қарсысына өзгертуі мүмкін. ОК кірістері
ондаған және жүздеген мегомға тең болатын кірме кедергісіне ие. Мұндай
үлкен кірме кедергісі, келіп түсетін сигналдарға кірме кедергісі іс жүзінде
ықпал етпейді дегенді білдіреді.
ОК
сызбаларда
әртүрлі
бейнелейді.
Компьютерлік
үлгілеу
бағдарламаларында ОК, 2.12, а және б суреттерінде көрсетілгендей тең
бүйірлі үшбұрыш түрінде бейнелейді.
Терістеуші кірме үшбұрыш ішінде «минус» белгісімен, ал терістеуші
емес кірме – «плюс» белгісімен белгіленеді. Бұл белгілер, тиісті кірмелерде
әлеует оң немесе теріс болуы қажет дегенді білдірмейді.
Олар тек шықпа
әлеуетінің, кірмелер беретін әлеуеттерге қалай кері әсер ететінін көрсетеді.
Терістеуші кірме 2.12, б суретте көрсетілгендей шеңбермен белгіленуі
мүмкін. Қуат беру шығыстары көрсетілмеулері мүмкін. МемСт 2.759 — 82
операциялық күшейткішті бейнелеу үшін 2.12, в суретте көрсетілгендей
символ қарастырылған. ОК сызбаларда белгілегенде терістеуші және
терістеуші емес кірмелерінің
орындарын ауыстыруға болады, бірақ