Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет29/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   446
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 21 
жатыр. Ғалым Ағалардағы кемелдік пен кең-
діктің өлшемі кейінгілерде қандай деңгейде 
байқалады екен деген ойлардың болуы заңды. 
Өйткені кемелдік пен кеңдік ғылымда - із 
қалдырған көрнекілік, ал әріптестердің өз ара-
сында - адами болмыстың ‰лгісі.
 
Смагулова Гулдархан Нургазиевна 
ТАЛГАТ САЙРАМБАЕВИЧ: СОВЕРШЕНСТВО И ЛЮБЕЗНОСТЬ 
В статье описана жизнедеятельность профессора Т.Сайрамбаева в науке и в обществе 
Smagulova Gyldarhan Nurgazievna 
TALGAT SAYRAMBAEVICH: PERFECTION AND COURTESY 
This article describes the livelihood of professor T.Sayrambaev in the science and society
А. Тасымов, 
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры 
ПРОФЕССОР Т. САЙРАНБАЕВ - ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІ 
СИНТАКСИС САЛАСЫНЫҢ БІЛГІРІ 
Талғат Сайранбаев аталған тіл ғылымының 
синтаксис саласының білгірі, әйгілі ұстаз, ҚР 
Ұлттық Ғылым академиясының корреспон-
дент-м‰шесі, филология ғылымдарының док-
торы, профессор Мәулен Балақаевтың с‰йікті 
шәкірті болды. Талғат Сайранбайұлы ұзақ 
уақыт Қазақ ұлттық университетінде дәріс 
оқи ж‰ріп, тіл ғылымының, әсіресе, сөз тіркесі 
мәселелерін зерделеуді бір сәт есінен шығар-
ған емес. Бұл жол ғылымды басқа бір мақсат 
‰шін емес, ғылымның тек өзіне ғана ынтық, 
іңкәр болғандықтан, білген ‰стіне тағы біле 
т‰ссем екен деген құмарлық, махаббат пайда 
болғандықтан ‰йренетін жол. Солай екеніне 
оның бір-бірімен іштей тығыз байланысты, 
ортақ желілі ортан қолдай зерттеулерінің та-
қырыптық ауқымы, теориялық терең талдау-
лары дәлел. Т.Сайранбаевтың шығармашылық 
жұмысының дені – сөз тіркесі мәселелері. 
“Сөйлемнің тұрлаулы м‰шелері” атты еңбе-
гінде (Алматы “Қазақ университеті” 1991 ж.) 
сөйлем м‰шелері туралы ережелердің әрқай-
сысының жетістіктеріне, кемістіктеріне өзін-
дік талдау жасайды. Сөйлем ішінде келетін 
оқшау сөздер, айқындауыштар, былайша ал-
ғанда, дербес мағыналы сөздер бола отырып,
белгілі бір сөйлем м‰шесі бола алмайды, б‰кіл 
сөйлемге немесе жеке бір сөзге қатыстылы- 
ғымен ғана ерекшеленеді. Сондықтан сөйлем- 
нің ішінде жұмсалатын дербес мағынасы бар
сөздердің өзін де екшелеп, қайсысы сөйлем
м‰шесі бола алады, қайсысы сөйлем м‰шесі 
бола алмайды деп топтау да сөйлемге қатысты 
сөздердің өзіндік қасиетін жан-жақты айқын- 
дауда басты шарт болуы керек деп топшы-
лайды (аталған еңбек 11-б.) 
Сөйлем м‰шелері, олардың жасалу жол-
дары бөлімінде (36-б.) сөйлем м‰шелерінің 
жасалу жолын жеке алып, оны 8 топқа бөліп 
қарастырған. Қазақ тілі материалдары негізін-
де фразеологиялық бірліктер туралы І.Кеңес-
баев, Р.Сәрсенбаев, Ө.Айтбаев, Т.Қордабаев, 
К.Қожахметова, М.М.Копыленко, М.Балақаев-
тардың еңбектерін ж‰йелі т‰рде зерделеген. 
Ана тіліміздің басқа мәселелерімен қатар 
профессор Мәулен Балақаевтың аса бір зер 
сала зерттеп, көп жұмыс тындырған саласы 
деп, қазақ тіліндегі сөз тіркестері синтаксисін 
атау ләзім. Профессор М.Балақаев шын мәнін-
де де, сөз тіркесі аталатын синтаксисіміздің 
жаңа тарауын д‰ниеге әкелген зерттеуші бол-
ды. Бұл мәселеге қатысты көлемді моногра-
фиядан бастап, ірілі-ұсақты ондаған еңбек 
жариялады. Мәкең араласып, атсалыспаған
қазақ тілі туралы ғылымның бірде-бір саласы 
жоқ десек болғандай. Әсіресе, қазақтың ұлт-
тық жазбасының қалыптасуына, ж‰йелі қазақ 
емлесінің жасалуына, қазақ әдеби тілінің да-
муына Мәкең қосқан ‰лес, олжаның есесі 
мейлінше мол да қомақты. Ғалым қаламынан 
туып, жарық көрген әдеби тіліміздің тарихы, 
қазақтың тіл мәдениеті туралы монография-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет