Бөж тақырыбы: «А. Байтұрсынұлының «Қазақтың бас ақыны»мақаласы» (мақала)



Дата02.06.2023
өлшемі19,3 Kb.
#98403

ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

«Филология» факультеті


«Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы

БӨЖ
Тақырыбы: «А.Байтұрсынұлының «Қазақтың бас ақыны»мақаласы» (мақала)

Орындаған: Қасынхан Д.


Тобы:1701-20
Қабылдаған: Оразбаева Э.

Шымкент-2023




«Қазақтың бас ақыны – Абай»
А .Байтұрсынұлы

Қазақ әдебиетіне XX ғасырда жаңашылдық әкелген, қазақ рухының биік деңгейге көтеру жолында еңбек еткен, қазақтың көзін ілім мен ғылым арқылы ашуды армандаған, “Білімдіден шыққан сөз,Талаптыға болсын кез” деген қазақтың бас ақыны – Абай. Қазақтың бас ақыны туралы алғашқылардың бірі болып мақала жазғандардың бірі және бірегейі, ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы еді.


«Қазақ» газетінің 1913 жылы жарық көрген, 43 -ші баспасында Ахмет Байтұрсынұлы Абайдың даналығы мен даралығы туралы көлемді мақаласын жариялаған болатын.
Мақаланың жазылу тарихына көз жүгіртер болсақ, Ахмет Байтұрсынұлы бұл туралы «1903 жылы қолыма Абай сөздері жазылған дәптер түсті. Оқып қарасамт,басқа ақындардың сөзіндей емес, олардың сөзінен басқалығы сонша, әуелгі кезде жатырқап, көпке дейін тосаңсың отырасың. Сөзі аз, мағынасы көп, терең…» [1.298] деп алғашқы беттерінде тоқталып, Абай туралы алғашқы ойлары мен таңданыстарын жазған.
Ахмет Байтұрсынұлы Абайдың ақындық өнеріне сын көзбен қарай отырып, ақын сөздерінен ешқандай қатенің жоқтығын, ақынның өлеңдерін мысал ете отырып, дәлел сөздерімен түйдектеп көрсеткен. Мысалы, мақалада «Абайдың өзі тексергіш болған соң, оның өлеңін тексеріп, қате шығарып ешкім жарыта алмайды. Абайдың қандай сыншы , сөз тексергіш екендігін төмендегі сөзінен байқауға болады…» дей келе, ақынның «Өлең сөздің патшасы сөз сарасы» өлеңін дәлелмен келтіре отырып жазған.
Мақалада көтерілген тақырыптың бірі – ақын Абайдың өлең-сөздерін жұртшылық жатқа білгенмен, сөздерінің мағынасын жетік білмейтіндерді сынайды. Ол туралы Ахмет Байтұрсынұлы былай дейді: « ….Лермонтов деген терең пікірлі ақынының өлеңдерін сүйіп оқыған. Сондықтан Абайдың терең пікірлі сөздерін қарапайым жұрттың көбі ұға алмай, ауырсынады. Абайдың өлеңдерін мың қайтара оқып жаттап алып жүрген адамдардың да Абайдың кейбір өлеңдерінің мағынасын түсініп жетпей жүргендерін байқағаным бар»[1.302]. Абайдың жұрт түсіне бермейтін өлеңдерінің қатарына :
«Әркімнің мақсұты өз керегінде,
Біле алмадым пысығын,зерегін де.
Саяз жүзер сайқалдар ғапыл қалар,
Хақиқатта дін-дағы тереңінде.» [1.304],-деген өлеңін кіргізген.
Ахмет Байтұрсынұлының ойынша бұл өлеңде дұрыс емес қате айтылған, теріс айтылған, жұмбақ қылып, ашпай айтылған еш нәрсесі жоқ. Өлеңнің барлық сөзі дұрыс, түзу, тиісті орнында қолданылған дейді. Өлең сөздеріне оқырман түсінбесе, ол ақын Абайдың үздік, ілгері кетіп, оқырманның ақынның ойлау деңгейінің жүйріктігіне жете алмағаны дейді.
Мақаланың соңында зерттеуші Ахмет Байтұрсынұлы Абай сөзін Семейдің төңірегінде жасырып қоймай, күллі қазақ баласының қолында кем дегенде Абайдың бір кітабының қолында болуы керектігі жайлы жазған. Абай секіллі қазақтың бас ақынын барша жұртқа таныту мақсатында өнегелі,өнерлі сөздерін газет беттеріне жариялап,көрсетпекшіміз деген ойымен мақаланы аяқтаған.
Қорытындылай келе, Ұлт ұстазы -Ахмет Байтұрсынұлының «Қазақтың бас ақыны– Абай » деп айтуында үлкен мән бар. Абайдың тұлғалық қасиеттері мен ақындық ұлылығын көре отырып, қазақ әдебиетінің ірі тұлғасы ретінде, қазақ халқының бас ақыны деп тануына себеп болды. XXI ғасырға дейін бір жарым ғасырдан астам уақыи өз дара жолын жоғалтпаған ақын бейнесінің өркендеп,танылуына себепшілердің бірі де ,осы алаштың ардақтысы, ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлының арқасы.
Пайдаланылған әдебиет:
1.А.Байтұрсынов Шыеармалары:Өлеңдер,аудармалар,зерттеулер. –Алматы:Жазушы, 1989.–320 бет.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет