167
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 1(147). 2014
ƏОЖ: 17.81.21 (82.0:01)
Г. Каримова
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті II курс магистранты,
Алматы қ., Қазақстан
Ғылыми жетекші
– ф. ғ. д. профессоры Р. З. Зайкенова
e-mail:
mereika78@mail.ru
Мағжан – ақынның ақыны
Мағжан – көрнекті жазушы, ақын,
публицист, қазақ əдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Халық
алдындағы
жауапкершілік сезімі, осыдан келіп шығатын тарих төркіні мен оның құбылмалы кезеңіндегі
үндеулер Мағжан шығармаларына ғана тəн.
Сол кезеңдерде Мағжан Шекспир, Пушкин, Соловьевтардан
бастап символизм, технократизм жəне Шпенглерге дейінгі жалпы адамзаттық көркем əрі ғылыми мұраларға
бет бұрды. Біздің дəуірімізге дейін жеткен экзистенциализм сарыны ақын шығармаларында да айқын көрініс
тапқан. Сонымен қатар Мағжан – сыршыл ғана емес, ол отаншыл, патриот, азамат ақын.
Автордың
пайымдауынша, Абай поэзиясындағы терең құпиялар,
сыршылдық, лиризм, философия Мағжан
өлеңдеріне де тəн. Əсіресе Мағжанның елін, жерін, халқын сүю сезімі ерекше. Егер Мағжан осы заманда өмір
сүрсе, тəуелсіздікке қандай тебіреніп төгілер еді десеңізші. Сөз жоқ оның алдына түскен ақын болмас еді.
Мақаладан қорытындыларымыз, Мағжан – ақынның ақыны, поэзия əлемінің
жарық жұлдызы, қайталанбас
тұлғасы. Оның бойға жігер, жүрекке от беретін рухты үні, ізденістері мен жаңашылдығы қазақ əдебиетін ХХ
ғасырдың басында-ақ Еуропа, орыс əдебиетінің биік деңгейіне көтерді.
Достарыңызбен бөлісу: