216
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series.
№ 1(147). 2014
өзгелерден ерекшелеп тұратын жекелік фактор-
ға жатады. Қаламгер шығармаларының филосо-
фиялық түйінмен келетіндігі жайлы кезінде
Д. Əбілов: «Философиялық түйіншіл Қадыр,
алты ай шапса алқымы іспес арғымақтай құй-
ғытып шабатын Ғафу, сыршыл сезімнің жыр-
шысы Тұманбай мен Қуандық, Сағи, қысқа
өлеңнің шебері Мұзафар, өжет толғанысты Фа-
риза, Өтежан дарынымыз бар», - деп тұтас бір
буынның сипатын беріп кеткен. Ақынның «фи-
лософиялық түйіншілдігі» тек поэзиясына ғана
тəн сипат емес, сонымен бірге жаңа ғасы-
рымызда жазылған прозалық шығармаларына
да тəн. Бұл жазушының қалыптасқан өзіндік
жазу өрнегін танытса керек. Жазу өрнегі, яғни
стиль хақында З. Қабдолов: «...Əр жазушының
бүкіл творчествосының өн бойынан идеялық-
көркемдік негіздің (идея – тақырып, мінез - тіл)
тек сол жазушыға ғана тəн ерекшеліктерін аң-
ғарамыз. Мұндай ерекшелікті жазушы твор-
чествосының мазмұны мен пішініне қатысты
басқа жайлардан да іздеп табуға болады. Міне,
стиль – əр суреткерге тəн осындай творчест-
волық ерекшелік» [2, 331]. Демек, шығарма-
ларын философиялық түйінмен түйіндеу –
Қадыр Мырза Əлидің творчестволық ерекше-
лігі.
Жоғарыда атап өткеніміздей, шығарма соңын
философиялық оймен түйіндеу, жазушының
тек поэзиясына ғана тəн сипат емес, сонымен
бірге прозалық шығармаларына да тəн. Шын-
дығында да бұл жазушының бейнелеу шебер-
лігін, өзіндік суреткерлік тұлға-бітімін таныта-
тын даралық өзгешелігі, жазу мəнері, қолтаң-
басы.
Жазушының əр жылдары айтқан филосо-
фиялық тұжырымдары, яғни афоризмдері мен
қалжыңдары «Алмас жерде қалмас», «Үкілі
үзінділер», «Сөзмерген немесе Қадырдың қал-
жыңдары» деген атаумен жарық көрді. 2008-
2010 жж. Алматы қаласының бас газеті «Ал-
маты ақшамы» газетінің əр бейсенбілік санын-
да ақынның «су жаңа афоизмдері» «Алматы
ақшамының» кітапханасы» атты айдармен тұ-
рақты жарияланып келгені де оқырман қауымға
белгілі [3]. Бұл афоризмдер «Адамның жауы –
адам», «Арман қуғанның бəрі арманда кетеді»,
«Данышпан дарынның тасыған түрі», «Таң
қуанып атады, күн ұялып батады», «Аурудың
емі бар, Кəріліктің емі жоқ», «Ауыз былғайды,
Жүрек тазалайды», «Біреудіңтүбіне ой жетсе,
Біреудің түбіне той жетеді», т.б. тақырыптар-
мен жарияланып тұрды.
Бүгінгі мақаламызға арқау болып отырған
тақырып жазушының сентенциялары хақында
болмақ. Сентенция термині туралы қазақ тіл
білімінің терминдік сөздіктерінде бұл термин
мүлде кездеспейді.
Дегенмен 2008 жылы «Мектеп» баспасынан
жарық көрген «Қазақ тілінің түсіндірме сөз-
дігінде» бұл терминге қысқаша түсінік беріл-
ген: СЕНТЕНЦИЯ з а т. Өсиет мəнді сөз» [4,
487]. (Бұл сөздікті құрастырушы автор Мұстапа
Бұралқыұлы 1901-1979 жж. өмір сүрген энцик-
лопедист-ғалым, орыс-қазақ тілдерін жетік
білумен қатар тіл жəне əдебиеттану ғылымына
да көп еңбек сіңірген сөз шебері, 1925 жылы
жарық көрген қазақша-орысша сөздік автор-
ларының бірі. Бұл сөздік 1960 жылдары жазыл-
ған [4]). Орыс тіл білімі сөздіктерінің ішінде де
бұл термин аса көп ұшыраса бермейді.
«Большой лингвистический словарь» атты
терминдер сөздігінде: СЕНТЕНЦИЯ (лат. Sen-
tentia ‘мнение, суждение’) – изречение нраво-
учительного характера. В роли сентенций часто
выступают пословицы и поговорки, цитаты из
произведений классиков и знаминитостей»
деген анықтама берілсе [5, 541]. Википедия
ашық энциклопедиясында: «Сентенция – (от
лат.
Достарыңызбен бөлісу: