Ключевые слова: дискурс, политический дискурс, лингвистика текста, политическая лингвистика.
R. Tumankyzy
Definitions and types of discourse
This article considers the place of discourse in the field of linguistics, the difference between text and discourse, types
of discourse.. If the "discourse" denotes to a French language "discurs" - "speak", the English language "discourse" -
" discuss, talk," and our times means "word directed to the speaker."
Discourse is: the importance, value, image, opinion, mental and virtual knowledge. And so it can be the object of
study in all subjects, such as: linguistics, philosophy, sociology, psychology, etc. The main theme is – political
discourse. Scientists studying other branches of science have also examined the problem of the political discourse.
From their work, we learn the role of discourse in society and especially in linguistics.
Key words: discourse, political discourse, text linguistics, political linguistics.
_________________________________
Қазіргі заман лингвистикасында адам та-
нымы мен ой-өрісі құрылымын тіл арқылы
тануға жəне бағытталған зерттеулер көрініс
беруде. Бүгінгі таңдағы ақпараттың молдығы,
лингвистикадағы сұранысқа сай ашылған жаңа-
лықтар, жаңа ақпараттар, адам факторы мен
оның тілі арасындағы кешенді байланыстың
жаңа сатыға көтерілуі септігін тигізуде. Осы
бағыттағы лингвистиканың негізгі зерттеу ны-
саны ретінде танылған жоғары сатыдағы бірлігі
– мəтіннің өткен ғасыр ғылымындағы динами-
калық сипатын ерекшелеуге аса назар аудары-
луында болып отыр. Осымен байланысты “дис-
курс” аталатын динамикалық мəтінді жаңа түр-
де танып – білу мақсатында мəтін лингвисти-
касы мен дискурс теориясы деп аталатын ба-
ғыттар, бірақ бір-бірімен өте тығыз байланыста
бағыттар анықталуда. Бұл екі бағыттың зерттеу
нысандары мен өзара айырмасы ажыратылып
болған жоқ, өйткені зерттеу кезінде əр түрлі
Дискурс дефинициялары мен түрлері
211
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 1(147). 2014
анықтамалар, тұжырымдамалар көрсетілуде.
Қазіргі ғылымда біз дискурстың көптеген
анықтамасын кездестіреміз. [1, 12-17].
“Дискурс” термині тіл білімінің тарихында
70-80 жылдарынан бастап қолданыла бастады.
Бұл күндері дискурс “мəтін”, “сөйлесім”, “функ-
ционалдық стиль” сияқты терминдермен бір
қолданылып жүргенін білеміз. Осы орайда 1978
жылы Т. Н. Николаеваның берген анықтама-
сына сүйенсек: “Дискурс – лингвистикалық
мəтіндегі көп мағыналы термин. Ең маңыз-
дысы:
1. Байланысқан мəтін.
2. Мəтіннің ауызша- жазбаша формасы.
3. Диалог.
4. Мəн-мағынасы бірдей пікір алысушы топ.
5. Ауызша немесе жазбаша сойлеу ”.
Е. Ф. Киров: “Дискурс – бұл тарихынан бас-
тап сол жəне басқа мəдениеттің қабырғасын-
дағы, сол жəне басқа тілде айтылған жəне жа-
зылғанның барлығы. Оның мəні тереңде, тіл
мен тілдік форма коммуникациясы дамып,
зерттеліп жатыр жəне болашақта да солай
жалғасады”, - деп көрсетеді.[2].
Мəтін лингвистикасының негізін қалаушы-
лардың бірі, голландық лингвист ғалым Теон
Ван Дейктің пікірінше: “Дискурс” термині мə-
тіннің статикалық күйінен динамикалық күйін
зерттеуге көшуі. 1950 жылдар Эмил Бенвенист
айтылым теориясын қалыптастыра отырып,
француз лингвистикасында дəстүрлі түрде қол-
данылып жүрген “дискурс” терминін жаңа ма-
ғынада – сөйлеушіге тəн айтылымның сипатта-
масы ретінде қолданды.
Дискурс – адамға тəн қарым-қатынастың
бірі. Ол мəтінмен тығыз байланысты, бірақ бір
емес. Г. Смағұлова “ Шешендік сөздердің дис-
курсы” атты еңбегінде дискурс пен мəтіннің
қарым-қатынастағы негізгі ерекшеліктерін са-
лыстырмалы түрде былай көрсеткен:
Дискурс
Мəтін
Қарым-қатынас акустикалық
Қарым-қатынас визуалды түрде жүзеге асырылады.
тұрғыда жүзеге асады.
Қарым-қатынас тілдік жəне тілдік
Қалыпқа түскен сөйлеу əрекеті.
емес амалдар арқылы жүзеге асады.
Қарым-қатынасқа түсушілердің бір-
бірімен жеке түрде сөйлесе алу
Қарым-қатынасқа түсушілердің арасында жекелеген
мүмкіндігі болады.
байланыс болмайды.
Қарым-қатынастың жүзеге асуы мен
оны қабылдау бір мезетте, кеңістік
Қарым-қатынастың тууы мен оны қабылдау əр кезеңде,
пен уақыт жағдайында жүзеге
түрлі кеңістік пен уақыт жағдайында жүзеге асырыла
асырылады.
береді.
Демек дискурс белгілі бір уақыт
аралығында өтеді.
Қарым-қатынастың жүзеге асуы үнемі
екі адамның (сөйлеуші мен тыңдаушы)
Қарым-қатынастың жүзеге асуында жанды контакт жоқ.
бетпе-бет,кезек-кезек алмасып отыруы,
жанды контакт арқылы жүзеге асырылады
Мəтін – когнитивтік əрекеттің жемісі.
Дискурсқа ағымдылық сипат тəн, ол
Мəтін – тілдік материалдың статикалық қалпы,
коммуниканттар арасындағы үздіксіз
көрсеткіші.
процесс.
Мəтін – дискурсқа “дайын өнім”.[3, 19]
А. Əділова дискурс пен мəтіннің ортақ бел-
гілері мен айырмашылықтарын төмендегідей
келтіреді:
Дискурс автор интенциясына, стиль ерек-
шеліктеріне байланысты сұрыпталып алынатын
тілдік құралдардың жиынтығы.
Дискурс мəтінге қарағанда кең ұғымды
қамтиды. Ол сөйлеу үдерісі.
Дискурс нақтылы уақытпен ажырамас
бірлікте, ал мəтін тек мəдени кеңістікте өмір
сүреді, уақытқа тəуелді емес, кез келген кезде
екінші бір дискурста өзектенуі мүмкін.
Дискурсты қайта туындатуға болмайды,
ал көркем мəтін қайта туындауға қабілетті əрі
бейім.
Дискурс ақпаратты беру тəсілі болса,
мəтін ақпаратты сақтаушы, жинақтаушы, жаңа
мəн тудырушы көпқырлы, көпқабатты құры-
лым.[7, 235]
Дискурс – шынайы өмірде нақты бір ком-
муниканттар арасында, нақты уақытта, белгілі
бір орында орындалған сөйлеу əрекеті. Яғни,
сөйлеу қарым-қатынасына қатысушылардың
əрқайсысына шынайы өміріндегі оқиғалардың
Р. Тұманқызы
212
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series.
№ 1(147). 2014
тізбектеліп тілге көшуі мен сол арқылы дис-
курс нəтижесі мəтінге айналып, тілде сақталуы.
Дискурстың негізгі ерекшеліктері:
1. Тақырыптық байланыс, яғни, бір тақы-
рып – дискурс төңірегіндегі мазмұнның жиналуы;
2. Жағдаяттылық, коммуникативтік қарым-
қатынас саласына сай, дискурс нақты мəселе
төңірегінде құрастырылады;
3. Жылдамдылық, кейбір жағдайда тақы-
рып өзгеріске ұшырай алады;
4. Əлеуметтік бағыттылық;
5. Əртектес құрылымдылық;
6. Мəтін шекарасының белгіcіздігі;
Дискурстың мазмұндық толықтылығын ком-
муникативтік жағдаят пен тақырыптық байла-
ныс орындаса, вербалсыз сигналдар, атап айт-
қанда, мəтіннің аяқталғаны, үзілістер, басқа
тақырыптарға көшу арқылы білінеді. Сондық-
тан да дискурсты коммуникациялық қарым-
қатынастан тыс талдау мүмкін емес.[4, 10-11].
Дискурс туралы айтылған пайымдаулар мен
тұжырымдар дара айырмашылықтары бар бір-
неше бағытты қалыптастырды.
Бірінші бағыт өкілдері “дискурс” терминін
таза лингвистикалық аспектіде қолданғанды
жөн санайды. Бұл бағыттағы зерттеушілер дис-
курсты “сөйлеу”, “ мəтін”, “диалог” сияқты дəс-
түрлі ұғымдарды нақтылап дамыту үшін қол-
данады.
Екінші бағытқа француздық структуралис-
тердің пікірлерін жатқызуға болады. Олар дис-
курсты стиль ұғымымен байланысты қарастыра
отырып, тілді əлеуметтік қарым-қатынас субъек-
тісін нақтылауға атсалысатын құрал ретінде
таниды.
Үшінші бағыттағы неміс ғалымы Ю. Хабер-
мас “Дискурс национальности” деген еңбегін-
де: “дискурс – шындық өмірден алшақтауда
жүзеге асатын коммуникацияның ерекше түрі.
Дискурс бұл сөйлеу əрекетінің көрінісі”-дейді.
“Дискурс” терминінің күрделенуіне байла-
нысты ғылымда əлі тұрақтанған анықтама
қалыптасқан жоқ. Осыған орай дискурс ұғымы
прагмалингвистика, функционалды лингвис-
тика, лингвостилистика, лингвомəдениеттану
тұрғысынан түрлі анықтамаларға ие. Дискурс
ұғымын Ю. Хабермас “Коммуникативтік ком-
петенция теорисына дайындық” атты еңбегін-
де пайдаланып, оған мынадай белгілер тиесілі
деп қарастырады: “Дискурс – тілдік коммуни-
кация түрі. Кең шеңберде дискурс – уақыттың
мəдени-тілдік контексі. Оған рухани-идеоло-
гиялық мұра, көзқарас, дүниетаным кіреді. Тар
мағынада дискурс қандай да болмасын мағы-
наны, құнды іс-əрекеттің нақты тілдік шынды-
ғын айтады.”[3, 17-18]
Дискурс- адамдардың сөйлеу арқылы жаса-
ған қарым-қатынасынан кейін ғана мағынасы
болады, яғни мағынасы мен бірлігін, сөз бен
ойдың бірлігін айқындайды. Сөйлеу арқылы
ғана дискурстың дамуы өрбіп, түрлері ерек-
шеленеді. Қазіргі кезде ғылыми сипат алған
дискурстың бірнеше түрлері бар. Бұларды
толық немесе аяқталған деп айтуға болмайды.
Себебі, бұл бағытта əртүрлі тілдерде, олардың
қызмет ету аясына қатысты көптеген зерттеу-
лер жүргізілуде: 1) əскери дискурс; 2) газеттік
дискурс; 3) Саяси дискурс; 4) бала дискурсы;
5) өнертану дискурсы; 6) магиялық дискурс;
7) бұқаралық ақпарат құралдары дискурсы;
8) ғылыми (академиялық) дискурс; 9) парфю-
мерлік дискурс; 10) педагогикалық дискурс;
11) поэтикалық дискурс; 12) публицистикалық
дискурс; 13) жарнамалық дискурс; 14) спорт-
тық дискурс; 15) техникалық дискурс; 16) тер-
рористік дискурс; 17) феминистік дискурс;
18) көркем дискурс; 19) экономикалық дискурс;
20) электрондық дискурс; 21) этикалық дис-
курс; 22) заңи дискурс жəне т.б. [5, 232]
Дискурс тілдік феномен ретінде өзі əртүрлі
ауысымдардан (мəтін, интеракцияға қатысушы-
лар) тұрады да, осы ауысымдардың қатынасы
мен бірігуіне байланысты дискурстың түрлері
(типтері, топтары) пайда болады. Осындай
типтердің бірі – іскери дискурс. Іскери дис-
курсты жан-жақты қарастырған Г.Г.Бүркіт-
баева оған мынадай анықтама береді: «Іскери
дискурс – белгілі бір адамдар тобымен белгілі
бір коммуникативтік- интеракциялық жағдайда
жүзеге асқан дискурстың арнайы жанрларда
көрініс тапқан нақты ұғымы». Іскери дикурс –
ұжымдық ортада, қызмет бабында, ресми қаты-
настағы əңгімелерде қолданылатын сөздің
ерекше түрі.[8, 235]
Осы сияқты дискурстың тағы бір кең тара-
ған түрі – ғылыми дискурс. Негізінен қарым-
қатынастың жазба түрінде жүзеге асады, ал
ғылым - білім саласындағы негізгі жаңалық-
тары ғылыми мақалаларда жүзеге асады. Қа-
зіргі таңда ғылыми дискурстың ауызша түрі
семинар, конференция, дөңгелек үстел, сим-
позиум тəрізді түрлерінің өтуімен бұрынғыдан
гөрі жанданып, ерекшеленіп отыр.
Бұқаралық ақпарат құралдары дискурсы –
мəтін қолданыла келе тілші, теледидар, радио,
ғаламтор, пресса арқылы таратылады. Мысалы:
тілшілер, саясаткерлер, кəсіпкерлер (көбіне
БАҚ мамандарының көмегімен) т.б. жазған
Дискурс дефинициялары мен түрлері
213
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 1(147). 2014
сұхбат, газеттегі аналитикалық мəселелерді
жатқызуға болады. Тілшілер қарастыратын
жағдайларында тыңдаушылардың назарын мə-
селеге аударып, оның шешілу жолын ұсынады.
Дискурстың басқа түрлеріне қарағанда
саяси дискурс барлық халықтың мəдениетінде
қазіргі кезде кең етек жая қойған жоқ. Саяси
дискурс - дискурстың институционалдық түрі-
нің бірі. Егер дербес дискурс қабырғасында
сойлеуші өз ішкі жан дүниесінен шыққан ой-
дың иесі болса, институциондық дискурста
сөйлеуші əлеуметтік ортаның өкілі боп табы-
лады. Саяси дискурс – билікті одан əрі бекіте
түсу жəне оның бар екендігін көрсету мақса-
тындағы ауқымды дискурс.
Голланд тілші ғалымы Теон Ван Дейк:
“саяси дискурсты - əлеуметтік ортадағы, нақты
айтқанда саясаттағы жанрдың бір түрі” - деп
көрсетеді. Үкіметтегі сараптаулар, парламент-
тегі дебаттар, партиялық бағдарламалар, сая-
саткерлердің сөздері,т.б. мұның барлығы саясат
шеңберіндегі жанрлар. Саяси дискурс – бұл
саясаткерлердің дискурсы. Саяси қатынаста
саяси акт пен саяси орта сақталған кезде ғана
дискурс ‘саяси’ болады. Саяси дискурстың қо-
ғамдағы мақсаты азаматтарды жасалатын ісінің
саяси дұрыстылығына сендіру. Қоғам мүше-
лерінің саясатқа сенімін арттыра отырып, ниетін
оятып, іске көшуге жаңа бағыттар ұсынылуы
арқылы жүзеге асады. Саяси ортаның сөйлеу-
шісінің сөзі неғұрлым өтімді, нақты, сенімді
болуы қажет. Т Ван Дейк: “ саяси дикурстың
идеологиялық сараптамасына парламентте өте-
тін дебаттың қызықты материал болатындығын
айтады, өйткені ол - саяси партия өкілдерінің
əлеуметтік танымын көрсететін нақты көрінісі”.
Саяси дискурс – күнделікті өмірдегі құбы-
лыс. Билікке талас – ең маңызды тақырыбы
жəне қатынас төңірегіндегі саяси ортаға негіз-
делген уəж болып табылады. Өмірде қоғам
қаншалықты ашық, демократиялы болса, сон-
шалықты саясат тіліне көп көңіл бөлінеді.
Саяси дискурсқа саясаттағы адамдар ғана емес,
тілшілер, саясаттанушы жəне қайраткерлерде
қызығады.
Саяси дискурс мəселесінің тууына себепші
болған ғалымдар саяси қатынас, герменевтика,
əлеуметтану, семиотика, саяси дискуссия төңі-
регіндегі жазылған еңбектері аса маңызды
рөл атқарды. Олар: Т. Ван Дейк, Д. Говард,
Г. Ласуэлла, М. Маклюэна, Ф. Уэбстер, М. Фуко,
Ю. Хабермас т.б. Ресей ғалымдарының ішінде:
М.М. Бахтин, Ю.М. Лотман, И.П. Смирнова,
Ю. Руднева т.б. Қазақстандық зерттеуші ға-
лымдардың еңбектерінде де дискурс теория-
сының мəселелері арнайы зерттеу нысанына
алынып та, өзге мəселелерді сөз ету барысында
да талданып жүр. Атап айтсақ: Смағұлова Г.Н.,
Ерназарова З.Ш, Əзімжанова Г., Есенова Қ.,
Жұмағұлова Б.С., Бүркітбаева Г., Садирова
К.Қ., т.с. с көптеген ғалымдар қарастырған.
Соңғы он жылда саяси дискурс төңірегі
лингвистердің үлкен зерттеу обьектісіне ай-
налды. Саяси дискурсты танып-білу қызығу-
шылығы тіл біліміндегі жаңа бағыт – саяси
лингвистиканың тууына себепші болып отыр.
Саяси лингвистиканың қазіргі тіл білімінде
зерттелуінің өз ішінде өзгешелігі бар жаңа ба-
ғыты болып табылатындығы: əлеуметтік лин-
гвистердің жетістігі (тілдің функционалдық жа-
ғынан зерттелуі), мəтін лингвистикасы (мəтін-
нің жан-жақты зерттелуі), когнитивтік лин-
гвистика (тілдік тұлға т.б зерттелуі), стилис-
тика (тілдің көркемдегіш амал-тəсілдерінің,
қолдану аясының зерттелуі); ауыз əдебиетімен
(халық шығармашылығының ауыздан шығары-
лып, ауызша таралуы) ұштасуы. Осы жайттар-
ды айта отырып, саяси дискурс өзінің ерекше-
лігімен жəне формаларымен саяси ғылымның
ғылыми категорияларының ішінде маңызды əрі
тұрақты орын алатындығын айтуға болады.[6,
2-9]
Достарыңызбен бөлісу: |