Н. Ю. Зуева (жауапты хатшы), О. Б. Алтынбекова, Г. Б. Мәдиева



Pdf көрінісі
бет64/193
Дата10.10.2022
өлшемі4,5 Mb.
#42207
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   193
Модуляция немесе мағыналық даму деп мəні 
бастапқы бірлік мағынасынан логикалық түрде 
шығатын, БТ сөзі не тіркестерінің АТ бірлік-
теріне ауысуын айтады. Яғни, сөздіктегі сəй-
кестікті аударма кезінде онымен логикалық 
тұрғыдан байланысқан мəнмəтіндік сəйкестік-
пен ауыстыру болып табылады. Түпнұсқа мен 
аудармадағы сөздер мағыналық жағынан себеп-
салдар қатынастарымен де жиі байланысады: I 
don’t blame them – Мен оларды түсінемін (себеп 
салдармен алмастырылған: мен оларды түсін-
гендіктен, мен оларды кінəламаймын) жəне т.б. 
Модуляция əдісі қолданылғанда себеп-салдар 
қатынастары анағұрлым кең сипатқа ие, бірақ 
екі атау арасындағы логикалық байланыс əрқа-
шан сақталады. 
Синтаксистік ұқсастық – бұл түпнұсқаның 
синтаксистік құрылымының АТ аналогтық құ-
рылымына ауысатын аударманың əдісі. Транс-
формацияның бұл «нольдік» түрі БТ мен АТ 
параллельді синтаксистік құрылымдары болған 
жағдайда қолданылады. Синтаксистік ұқсастық 
тілдік бірліктер санының толық сəйкестігі мен 
олардың түпнұсқа мен аудармада орналасуы-
ның ретін келтіруі мүмкін: I always remember 
his words. – Оның сөзі əрқашан менің есімде. 
Ағылшын тілінен орыс тіліне аударылу кезінде, 
мысалға, артикльдер, көмекші етістіктер, басқа 
көмекші элементтер, сондай-ақ морфологиялық 
формалар мен кейбір лексикалық бірліктердің 
өзгеруі болады. 
Синтаксистік ұқсастық ағылшын-орыс ау-
дармаларында кең қолданылады. Аударма ке-
зінде сөйлем құрылымының өзгеруі аударма 
эквиваленттілігін сөзбе-сөз аударма арқылы 
жасау мүмкін еместігімен түсіндіріледі. 
Сөйлемнің бөлшектенуі – бұл түпнұсқадағы 
сөйлемнің синтаксистік құрылымының АТ екі 
немесе анағұрлым предикативті құрылымдары-
на өзгеретін аударманың тəсілі. Бөлшектенудің 
трансформациясы БТ жай сөйлемінің АТ күр-
делі сөйлеміне өзгеруіне немесе БТ күрделі 
сөйлемдерінің АТ бірнеше жай сөйлемдеріне 
айналуына əкеледі: 
Both engine crews leaped to safety from a 
collision between a parcels train and a freight train 
near Morris Cowley, Oxfordshire. 
Оксфордшир графтығында Моррис Коули 
бекетіне жақын жерде пошта жəне тауар пойыз-
дары соқтығысты. Екі пойыз бригадасының мү-
шелері жолда пойыздан секіріп, аман қалды. 
Мысалда бөлшектенудің трансформациясы 
аударуға қиын ағылшынның leaped to safety 
тіркесінің мағынасын беруге жəне оқиғаларды 
Е. C. Адаева 


77 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 1(147). 2014 
бейнелеудің орыс тіліндегі біршама табиғи рет-
тілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді (алды-
мен соқтығыс болды, кейін бригада мүшелері 
аман қалды). 
Сөйлемдердің бірігуі – бұл түпнұсқаның 
синтаксистік құрылымындағы екі жай сөйлем-
нің бір күрделі сөйлемге бірігуі арқылы өзгере-
тін аударма əдісі. Бұл алдыңғысына қарағанда 
қайшы трансформация. 
That was a long time ago. I seemed like fifty 
years ago. 
Бұл бұрын болды - елу жыл өткен секілді 
көрінді. 
Бірігуде трансформацияның қолданылуы 
көршілес сөйлемдер арасындағы предикативті 
синтагмалардың қайта таратылуымен жиі бай-
ланысты, яғни бірігу мен бөлу бір мезгілде 
жасалады – бір сөйлем екі бөлікке бөлінеді де, 
бөліктердің біреуі басқа сөйлеммен бірігеді. 
Грамматикалық ауыстырулар – бұл түп-
нұсқадағы грамматикалық бірліктің АТ грам-
матикалық мағынасына өзгеретін аударманың 
түрі. Ауысуға БТ грамматикалық бірлігі түседі: 
сөз формасы, сөз бөлігі, сөйлем мүшесі жəне 
сөйлем.
Аударма тəжірибесінде грамматикалық транс-
формациялар əдетте лексикалық трансформа-
циялармен байланыстырылады. Көп жағдай-
ларда сөйлем құрылысындағы өзгерістер грам-
матикалық емес, лексикалық себептерден бо-
лады. Көбіне сөйлемнің коммуникативті жүгі 
сөзді (немесе бірнеше сөзді) мұқият таңдауды 
қажет ететіндіктен, оның аудармада дəл жəне 
дұрыс бейнесін жасау үшін аудармашы сөз 
формасын, оның грамматикалық категориясын 
сəтті таңдау керек. Аудармада ағылшын немесе 
француз тіліндегі зат есімді орыс тіліндегі етіс-
тікпен алмастыру бүкіл сөйлем құрылысының 
өзгеруіне əкеліп соқтыруы мүмкін. Сонда да 
теориялық тұрғыны былай қоя тұрып, практи-
калық тұрғыда грамматикалық трансформация-
ларды бөлек қарастырған жөн. 
Аударма үдерісінде түрлі факторлардың 
əсерінен аудармашының грамматикалық транс-
формацияларға жүгінуіне тура келеді. Олардың 
ішіндегі ең маңыздылары сөйлемді толық не 
ішінара қайта құрудан, аудармада сөз табы мен 
сөйлем мүшелерін ауыстырудан тұрады. Ағыл-
шын немесе француз тіліндегі мəтіндерді ау-
дару кезінде, мейлі ол көркем, публицистика-
лық, тіпті газеттік мəтін болсын, сөйлемнің 
грамматикалық құрылымына қарағанда, жеке 
сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарына не-
ғұрлым жиі тоқталасың. Аудару кезінде жазу-
шының өзіндік стилінің ерекшеліктері ғана 
қиын мəселе бола алады. Ағылшын жəне фран-
цуз тіліндегі синтаксистік құрылымдардың ба-
сым көпшілігі орыс тіліне соншалық жақын 
немесе əдеттегі орыс аналогтарымен жеңіл 
берілетіндігі сонша – білгір аудармашыға аса 
қатты қиындық туғызбайды.
Ал, атақты жазушылар – Диккенс немесе 
Генри, Хэмингуей немесе Фолкнер сияқты жазу-
шылардың стилистикасы жағынан күрделі шы-
ғармаларының аудармасы басқа мəселе. Олар-
дың шығармаларындағы кең жайылған құрма-
лас сөйлемдер əрқашан өз алдына күрделі сти-
листикалық-синтаксистік бүтін болады жəне 
мұнда лингвистикалық талдау терең əдебиетта-
нулық, дəлірек айтқанда, аталған жазушы шы-
ғармашылығының идеялық-көркемдік талдауын-
сыз дəрменсіз болады. 
Аударма үдерісі кезінде, мысалы, ағылшын-
ның сабақты етістігіне орыс тіліндегі сабақты 
етістік сəйкес келмейді. Аудармада синтаксис-
тік құрылымдарды жеткізудің функциональды 
принциптері семантикалық жəне экспрессивті-
стилистикалық қатынастағы сөйлем қызметін 
анықтаушы рөлге негізделеді. Еуропалық тіл-
дер сөйлемнің формасы, типіне қарай бір-бірі-
не ұқсайды. Сондықтан аударма тəжірибесінде 
сөйлем құрылымын дұрыс түсінбегендіктен бо-
латын қателіктер өте сирек кездеседі. Əрине, 
бұл шет тілін жетік меңгерген білікті аударма-
шыларға қатысты. 
Тіпті орыс тілінде формальді сəйкестігі жоқ 
ағылшын тіліндегі синтаксистік құрылымдар 
көп жағдайларда білікті аудармашыларға қатты 
қиындықтар туғызбайды. Ағылшын тілінің қа-
рапайым грамматикасын білу герундиальді ке-
шенге алмастыруды немесе перфектті инфини-
тивті құрылымдарды табу үшін жеткілікті. Син-
таксистік құрылымға қосымша мазмұндық не-
месе экспрессивті-стилистикалық қызмет қосыл-
ғанда басқаша жағдай туады.
Грамматикалық трансформациялар аударма 
үдерісінде АТ нормаларына сай сөйлем құры-
лымын қайта жасаудан тұрады. Сөйлем құры-
лымы толықтай не ішінара өзгеруіне байла-
нысты трансформациялар толық не ішінара 
бола алады. Əдетте, сөйлемнің тұрлаулы мүше-
лері ауыстырылғанда толық трансформация 
жүреді, ал тұрлаусыз мүшелері ауыстырылса – 
жартылай трансформация жүреді. Сөйлем мү-
шелерінен басқа сөз таптары да алмастыры-
лады. Көбіне бұлар бір уақытта жүреді.
Аударма үдерісіндегі грамматикалық ауы-
судың кең таралған түрі сөз таптарының ауы-
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 1(147). 2014 
Аударма үдерісіндегі трансформалау типтері 


78 
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series. 
№ 1(147). 2014 
суы болып табылады. Ағылшын-орыс аудар-
маларына зат есімнің етістікпен жəне сын есім-
нің зат есіммен ауысуы тəн. Сөйлем мүше-
лерінің, сөйлем түрінің ауысуы, бөлшектенудің 
немесе бірігудің трансформациясы синтаксис-
тік қайта құруға əкеледі. Аударма үдерісінде 
күрделі сөйлем жай сөйлеммен алмасуы, сабақ-
тас сөйлем салалас сөйлеммен, шылаулар ар-
қылы байланысқан күрделі сөйлем шылаусыз 
жай сөйлеммен жəне керісінше ауысуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет