Ж. Д. Рапишева, Е. Е. ТҮйте, Ж. У. Есинбаева қазақ тілінің стилистикасы



Pdf көрінісі
бет16/44
Дата11.10.2022
өлшемі1,31 Mb.
#42318
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   44
Байланысты:
Kazak tili stilistika

жүргізуді мемлекеттік тілге кезең-кезеңмен көшірудің нақты 
негізін жасау. Іс қағаздарын қазақша жүргізу – мемлекеттік 
тілдің жүзеге асуының нақты көрсеткіші.
Тіл білімінде ақпаратты дәл, анық, тура жеткізу қызметін 
атқаратын, өткен дәуірде солғын тартып, қажеттілігі айқын 
сезілмей, көмескіленіп келген тіл стилі – ресми-іскери стиль. 
Ресми-іскери стильдің негізгі мақсаты – іскери ақпаратты дәл 
беру. Ресми стиль функционалды стильдің бірі болып табылады. 
Ол ресми және бейресми сипатта қолданыс табады.
Тәжірибеде «ресми стиль», «іс қағаздар стилі» деген атау 
қолданылады, ол әлі тұрақтала қоймаған. Мысалы: М.Н.Кожина 
«ресми-іскери стиль» десе [12, 69]. В.В.Виноградов «ресми-
іскери 
стиль», 
«ресми-кеңсе 
стилі» 
дегендерді 
қатар 
пайдаланып, «ресми құжат стилі» деген атауды ұсынады [8, 45]. 
«Қазақ тілінің стилистикасында» «іс қағаздары мен ресми 
стиль» деген атау берілген. Ал әдеби тілдің тарихы бойынша 
еңбектерде «ресми-іс қағаздарының тілі», «ресми-іс қағаздары 
не документтер тілі», «ресми стиль», «ресми-іскери» тіл деген 
атауларды пайдаланады.
«Тіл білімі сөздігінде»: «Ресми іс-қағаздар стилі – 
құқықтық қатынастар –заң шығару және іс жүргізу жұмыстары 
саласында қолданылады. Құрамынан мынандай стильдік топтар 
бөлінеді: а) тікелей заң стилі (заң, жарлық, азаматтық және 
қылмыстық кесімдер, жарғылар); б) әкімшілік-кеңселік (кесім, 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


53 
бұйрық, іс қағаздары, арыз, мінездеме, өмірбаян, сенімхат, 
қолхат) в) дипломатиялық (нота, меморандум, келісім, 
конвенция). Ресми іс қағаздар стилі тек жазбаша таратылады, ал 
ауызша түрге жиналыста айтылатын сөз, арнайы жиындардағы 
баяндама, қызмет диалогы жатады делінген. 
Ресми-іскери стиль – құқықтық, саяси, өндірістік, 
әкімшілік, қоғамдық қызметтерде және халықаралық қарым-
қатынастарда 
қолданылатын, 
қоғамда 
қалыптасқан 
экстралингвистикалық факторлардың ықпалымен қазіргі кезде 
ішкі тармақтарының тарамдалуы, стильдік белгілерінің айқын 
көрініс табуы жағынан күрделі тармаққа айналып отырған 
функционалды стильдің бірі.
Ақпараттар ағыны барынша ұлғайған қазіргі заманда ресми 
іс қағаздарының түрлері өте мол. Мысалы: А.Алдашева, 
З.Ахметжанова, Қ.Қадашева, Л.Сүлейменовалар өздерінің 
«Ресми іс қағаздары» атты еңбегінде: «Мекемені, ұйымды басқару, 
яғни әкімшілік мәселелеріне қатысты ресми құжаттардың (өтініш, 
бұйрық, мінездеме, тіркеу карточкасы, кадрлар жөніндегі іс парағы 
және т.б.), басқару функциясы жөніндегі нормативтік, бұйрықшы-
жарлықшы құжаттардың (жарлық, қаулы, ереже, заң және т.б.), 
сондай-ақ жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар арасындағы қарым-
қатынастарды 
реттейтін 
құжаттардың 
(қолхат, 
кепілхат, 
мәмілешарт, келісім және т.б.) түрлері сан алуан. Кәсіпорындар 
мен фирмалардың, мекемелер мен ұйымдардың, министрліктер 
мен 
ведомстволардың 
сыртқы 
қарым-қатынастарын 
ұйымдастырып, реттеп отыратын іскери хаттың (өтінішхат, 
ілеспехат, ақпараттық хат, шақырухат, жауапхат, бекіту хат, 
халықаралық хат) түрлері бар. Олар шартты түрде «Басқару 
органдарының басқару-реттеу қызметіне қатысты құжаттар», 
«Азаматтық қарым-қатынастарды реттеу құжаттары» және 
«Басқару органдарының ұйымдастыру, өкім шығару қызметіне 
қатысты құжаттар» деген топтарға бөлініп беріліп отыр», - деп 
көрсетеді [26, 89]. 
Р.Сыздықова ХVІІІ ғ. мен ХІХ ғ. І жартысында әкімшілік, 
билікбасындағы, лауазымды адамдардың өзара жарысқан «әр қилы 
сипаттағы қағаздары мен хаттары болғандығын көрсетіп, ХІХ ғ. ІІ 
жартысында ресми тілдің бұйрық-жарлық, циркуляр, жарғы, үндеу 
тәріздес үлгілерінің көбейгені туралы түйіндейді [20, 9]. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


54 
Ғалымдар ресми-іскери тілді мәтіндік жағынан қарастыра келіп, 
жанрлық тұрғыдан төмендегідей тармақтарға ажыратуды 
ұсынады: әкімшілік-кеңсе іс қағаздары құжаттары, әскери 
құжаттар, коммерциялық хат-хабарлар, дипломатиялық және 
заңнамалық құжаттар. Ресми іскери стильдің көпшілік 
мақұлдаған анық үш түрін байқауға болады: заң тілі, 
дипломатиялық стиль, кеңсе іс қағаздары. Жалпы ресми-іскери 
тілдің басым бөлігін осы кеңсе іс қағздары құрайтыны даусыз. 
Ресми стиль алдымен жазбаша түрде жасалып, содан кейін 
оқылады, яғни олар қалай болғанда, кейін ауызша түрде жүзеге 
асырылатын жазбаша мәтін. Осы жазбаша мәтін ауызша 
дыбысталғанда көрінетін просодикалық тәсілдердің көрінісіне, 
яғни просодикалық тәсілдердің стиль түзудегі рөлі ерекше. 
Ресми стиль мәтінінің құрылуы мен жасалуында қызмет 
атқарып, әрі ондағы айтылған сөздің коммуникативтік 
мағынасын анықтауда сөз әуенінің жоғарылауы мен төмендеуі, 
сөз бөлшектерінің белгілі бір уақыт аралығындағы ұзақтылығы 
мен сөз ағымындағы кідіріс, айтылымның қайсыбір бірлігін 
ерекшелеп тұлғаландырудағы қарқын және де адамның көңіл-
күйі ахуалын жеткізудегі әуез деген тәрізді интонация 
компоненттернің орны бөлек. Интонацияның әрбір құрамдас 
компоненті сөйлеу барысында жеке-жеке емес, тұтасып, бір-
бірімен бірігіп, кейде біреуі басым түсіп, кейде барлығы бірдей 
деңгейден көрініп сөйлемді ұйымдастырып, безендіріп тұрады.
Ресми іс қағаз стилі басқа стильдерден оқшау тұрады. 
Себебі бұл стильдердегі мәтіндер қалыпты үлгі бойынша 
құрылып, одан ауытқу сирек болады. Осыған байланысты 
мұндай мәтіндердің интонациясында да бір сарындылық 
байқалады. Мәтіннің құрылымына қарай әр түрлі бөліктері 
тиісті интонациялық әуенмен оқылады да, дауыс әуезінде 
құбылғыштық, әсерлілік өте сирек байқалады. 
Себебі, іс қағаз стиліндегі мәтіндердің басты мақсаты – 
адресаттың басты көңіл-күйіне әсер ету, оның эстетикалық 
талғамын тәрбиелеу емес, ақпарат жеткізіп, сол арқылы бір 
шараларға ұйымдастыру болып табылады. Осы мақсатына орай 
оның интонациясы да ерекшеленеді. Сонымен, ресми 
мақсаттағы іс қағаз стиліндегі мәтіндердің интонациясына, 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


55 
негізінен, бірқалыптылық, әуеннің бірте-бірте өзгеруі, ұстамды 
дауыс сазы, орта немесе баяу қарқын тән болады. 
Іс қағаздар стиліне түрлі мекемелерде жүргізілетін жазу 
үлгілері жатады. Іс қағаздары белгілі бір форма бойынша 
жазылады. Іс қағаздары формаларының әр түрлі үлгілері
болады. Оған өтініш, сенім хат, қол хат, анықтама, мінездеме, 
шақыру билеті, хабарландыру, мәжіліс хаттамасы, қатынас 
қағазы, келісім шарт, акт, рапорт, мінездеме, бұйрық, есеп және 
т.б. жатады. Іс қағаздарының әрқайсысының бұрыннан белгілі 
бірыңғай сөздері мен сөйлем үлгілері болады. Іс қағаздары, 
көбінесе, сол үлгі бойынша жазылады. Олардың кейбірінің 
алдын ала дайындалған арнаулы қағаздары (бланк) болады.
«Іс қағаздарын жүргізу» термині стандартталған, яғни бұл 
ұғымды 
айқындайтын 
бірден-бір 
термин. 
«Басқаруды 
құжаттамалық қамтамасыз ету» стандартта анықтамалық 
мәлімет сипатында берілген синоним-термин болып табылады.
«Іс 
қағаздарын 
жүргізу» 
терминінің 
Қазақстан 
Республикасындағы ресми түсіндірмесінен Ресей Федерациясы 
мемлекеттік стандарты бекіткен түсіндірмеден біршама өзгеше. 
Салыстыру үшін ресейлік түсініктемені түгел келтіріп өтейік: 
«Іс қағаздарын жүргізу; басқаруды құжаттамалық қамтамасыз 
ету – құжаттау мен ресми құжаттар бойынша жұмыс жүргізу 
процесін ұйымдастыруды қамтамасыз ететін қызмет саласы».
Анықтамадан көрініп тұрғандай, Қазақстанда қабылданған 
түсініктің негізгі ерекшелігі іс қағаздарын жүргізуді заңды 
тұлғалардың қызмет аясы ретінде көрсетуі. Ресейлік заңнамада 
бұл кеңірек ауқымда, қызмет саласы ретінде алынған (дегенмен, 
құжаттау мен ресми құжаттар бойынша жұмыс жүргізу процесін 
ұйымдастыруды қамтамасыз ету аясымен шектеу де бар). 
Құжаттар түзуге және сол құжаттар бойынша жұмыс 
жүргізуді ұйымдастыру ісіне қойылатын жалпы талаптар 
Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің 
Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі комитет 
төрағасының 
2003 
жылғы 
29 
сәуірдегі 
«Қазақстан 
Республикасының мемлекеттік ұйымдарында құжаттау мен 
құжаттаманы басқарудың тұрпатты ережелері туралы» № 33 
бұйрығы арқылы белгіленіп, бекітілген. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


56 
Мұндай ережелердің алғашқы нұсқасы қолданысқа 1992 
жылы енгізілген болатын. Жаңа құжат іс қағаздарын жүргізудің 
отандық саласында орын алып отырған қазіргі нақты 
жағдайларды есепке ала отырып жасалды. Осы ережелер 
негізінде әрбір мемлекеттік орган немесе мемлекеттік ұйым іс 
қағаздарын жүргізу жөніндегі өз ведомстволық нұсқаулықтарын 
әзірлеп алады. Бұл ережелерді өз ерекшеліктеріне сәйкестендіре 
отырып мемлекеттік емес ұйымдар да қолдануларына болады. 
Бірақ бұл ережелер мемлекеттік емес ұйымдар үшін міндетті 
болып табылмайды. 
Қазақстан Республикасының «Электрондық құжат және 
электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Заңы да қазіргі 
жағдайда айрықша мәнге ие болып отыр. Бұл заң электрондық 
цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылатын электрондық 
құжаттар жасау және оларды пайдалану барысында туындайтын 
құқықтық қатынастарды реттейді. Осы заңға сәйкес 2004 жылы 
Қазақстан Үкіметі Республика мемлекеттік органдарындағы 
электрондық құжат айналымының ережелерін бекітті.
ТМД-ның бірқатар елдерінде мұрағат ісі жөніндегі 
нормативтік актілер іс қағаздарын жүргізу мәселелерін де 
қамтиды. Мәселен, «Беларусь Республикасындағы ұлттық 
мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» заңда меншік 
формаларының қандай екеніне қарамастан, барлық ұйымдар 
үшін іс қағаздарын жүргізу тәртібін белгілейтін арнайы тарау 
енгізілген. Ол тарау «Кәсіпорындарда, мекемелер мен 
ұйымдарда іс қағаздарын жүргізу және оны ұйымдастыру» деп 
аталады. Қырғыз Республикасының Ұлттық мұрағат қоры 
туралы заңында да дәл осыған ұқсас арнайы бап бар. 
Іс 
қағаздарын 
жүргізу 
қызметін 
ұйымдастырудың 
жекелеген элементтері өзге де құжаттарға – қандай да бір 
мемлекеттік билік органы регламенттеріне де енгізілуі (іс-
тәжірибеде мұндай да кездесіп тұрады) мүмкін. Ресми 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет