Бақылау сұрақтары:
1. Ресми стильді анықтайтын лингвистикалық және
экстралингвистикалық белгілерге не жатады?
2. Ресми стильдің шағын түрлерін атаңыз.
3. Ресми стиль мәдениеті дегенді түсіндіріңіз.
4. Ресми стильдің ауызша және жазбаша түрлерінің
айырмашылығынеде?
5. Ресми стильдің негізгі қызметтеріне не жатады?
ҒЫЛЫМИ СТИЛЬ
1. Ғылыми стильдің қолданыс аймағы, негізгі белгілері,
түрлері (ғылыми, оқу және ғылыми-көпшілік), жанрлары
(монография, оқулық, ғылыми мақала, лекция, баяндама т.б.)
2. Қазіргі қазақ әдеби тілінде өндірістік-техникалық
стильдің қалыптасуындағы қиындықтар
3. Ғылыми стильдің лексикалық, грамматикалық белгілері
Тіл ғылым жетістіктерімен сусындай отырып, жетіле түседі,
сөйтіп халықтың ғылым-білімге деген мұқтаждықтарын өтеудің
жаңа мүмкіндіктеріне ие болады. “Ғылым тілі” деген ұғымды
зерттеушілер жалпы әдеби тілдің атқаратын әлеуметтік-
қоғамдық қызметінің үлкен бір саласы деп түсінеді. Бұл сала
ғылыми-техникалық прогрестің шарықтап дамуына байланысты
қанатын жайып, тамырын тереңдете түседі, өзі де дамиды,
жалпы әдеби тілімізді де кемелдендіре түседі. Басқаша айтқанда,
қоғам өміріне ғылыми-техникалық прогресс қаншалықты қажет
болса, сол қоғам мүшелеріне қызмет етіп отырған ғылым тілі де
соншалық қажет деп есептейді академик Ә.Қайдари. Яғни
ғылым тілі әдеби тілдің жеке бір тармағы ретінде қалыптасады,
оның қолданыс аясын кеңейте түседі.
Ғылым тіліне профессор Ө.Айтбайұлы ғылыми негізде
жасалатын, өзіндік қалыптасу принциптері бар, стильдік өңі
ерекше әдеби тілдің бір түрі, әдеби тілдің ғылымға қызмет ететін
бір тармағы деген анықтама беріп, оны адам, қоғам, табиғат
жөнінде ақпарат беретін, шындықты баяндайтын ғылыми мәтін
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
61
(текст) деп түсіндіреді [27, 88]. Демек, ғылым тілі – болмысты
танудың, оны зерттеудің нәтижесі туралы, табиғат пен қоғамның
даму заңдары туралы мағлұмат берудің құралы. Ғылым тілінің
қалыптасуы ғылымның дамуымен және әдеби тілдің
жасалуымен тығыз байланысты. Ғылым тілі көптеген
зерттеулерде ғылыми стильмен теңестіріледі, себебі ғылыми
стиль жазу арқылы көрінеді.
“Стиль” терминінің көп мағыналылығы, көбінесе, “тіл”
терминінің
көп
мағыналылығымен
анықталады.
Кей
жағдайларда “стиль” және “тіл” терминдерінің мағыналары
сәйкес келіп жатады. Сондықтан лингвистикада “көркем стиль”
және “ғылыми стиль” деген терминдермен қатар “көркем тіл”,
“көркем әдебиет тілі”, “ғылыми тіл”, “ғылыми әдебиет тілі”
деген терминдер қолданылады. Зерттеушілердің бір тобы
стильдердің қызмет атқару салаларының ауқымын өте кең
мағынада түсінеді, енді біреулері оны шектеуге бейім. Сөйте
тұра, стильдер классификациясының барлығында да ғ ы л ы м
и с т и л ь аталады. Демек, ғылыми стильдің өзіндік болмысын,
оның ерекшеліктерін зерттеушілердің барлығы мойындайды.
Сонымен қатар бұл стильді түрлі классификацияда
ғ ы л ы м и с т и л ь, ғ ы л ы м и - к ө п ш і л і к
с т и л ь, ғ ы л ы м и - т е х н и к а л ы қ с т и л ь
деп әр қилы атайды.
Ғылыми стильдің қолданылу аясы өте кең. Ғылым өндіріс
пен техниканың дамуымен, жоғары және орта білім берумен
тығыз байланысты болғандықтан, ғылыми стиль таза ғылыми
еңбектермен
қатар
ғылыми-техникалық
жұмыстар
мен
құжаттарда, оқулықтар мен ғылыми-көпшілік басылымдарда
қолданылады. Сондықтан тілшілер ғылыми стильдің өзін
бірнеше тармақтарға бөледі. Мәселен, О.Д.Митрофанова нақты
ғылыми стиль (собственно-научный, т.е. академический),
ғылыми-көпшілік (научно-популярный), ғылыми-ақпараттық
(научно-информативный) және ғылыми-іс (научно-деловой)
стильдері деп саралайды [28, 12]. Ал Л.Г.Барлас ғылыми стильді
арнайы ғылыми стиль (специальный), ғылыми-оқу стилі
(научно-учебный) және ғылыми-көпшілік стиль (научно-
популярный) деп жіктейді [29, 255].
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
62
Ал, негізінде, тілімізде бір-бірінен аз да болса өзіндік
айырым белгілерімен ажыратылатын әдебиет жанрлары көп.
Жаңа жанрлар да пайда болып жатады. Ғылыми әдебиеттегі
жанрлар көркем әдебиеттегіден кем деуге болмайды. Дегенмен
олардың әрқайсысының тілі жеке стильдік тармақ бола
бермейді. Бұл жөнінде Р.А.Будагов: “…тіл білдіретін өзіндік
ұғымдар мен қатынас шеңбері жағынан ұсақтау принципі
(принцип дробления по сферам общения и специфики понятий,
выражаемых языком) тұрғысынан келсек, ғ ы л ы м и
Достарыңызбен бөлісу: |