4-тақырып. Жоғары жүйке әрекеті, жүйке жүйесінің гигиенасы
Жоғары жүйке әрекетіне ми сыңарлары мен оның қыртысының қызметі жатады. Жоғары
дәрежедегі қызметтер: ес, сана, ойлау, көңіл-күй, ұйқы, түс көру.
Адамның мінез-құлқы мен мидың арасындағы байланысты ең алғаш Платон, Гиппократ секілді
алдыңғы қатарлы ғалымдар болжап айтқан болатын. Ал, психикалық әрекеттердің рефлекторлы
табиғатын орыстың ғалымы физиолог И.М.Сеченов «Ми рефлекстері» (1863 ж.) деген еңбегінде ғылыми
түрде түсінік берген. И.М.Сеченовтың бұл ілімін экспериментальды түрде дәлелдеген және дамытқан
орыс ғалымы И.П.Павлов. Ол жоғары жүйке әрекетін шартты рефлекстер тудыру арқылы зерттеп, адам
мен жануарлардың психологиясының заңдылықтарын алғаш рет түсіндірген.
Рефлекс және оның түрлері. Рефлекс деп сыртқы ортаның тітіркендіргіштерінің әсеріне жүйке
жүйесінің қатысуымен берген жауабын айтады. Рефлекс кезінде қозудың жүретін жолын
рефлекторлық доға деп атайды. Рефлекторлық доға бірнеше бөлімдерден тұрады:
1. Сезгіш бөлім. Мұнда орналасқан сезгіш рецепторлар тітіркендіргіштің әсерін қабылдауынан
қозу туады.
2. Афференттік жол рецепторларда пайда болған қозуды орталық жүйке жүйесіне тасиды.
3. Жүйке орталығы. Орталық жүйке жүйесінде орналасқан, белгілі бір қызмет атқаруға
бейімделген нейрондар тобы орталыққа келген қозуды талдап орталық жүйке жүйесінің жауабын
тудырады.
4. Эфференттік жол орталық жүйке жүйесінде пайда болған жауап қозуды эффекторға (жұмысшы
мүшеге) әкеледі.
5. Эффектор орталықтан келген қозуға байланысты қызмет атқарады.
6. Эффектордың рецепторлық құрылымы. Жұмысшы мүше қызмет атқарғанда ол мүшенің
биохимиялық және электрлік өзгерістері пайда болады. Осы өзгерістерді мүшеде орналасқан
рецепторлар қабылдап, мүшенің жағдайына байланысты оларда қозу пайда болады.
7. Эффектордың эфференттік жолы. Эффектордың рецепторында пайда болған қозуды сол
мүшенің афференттік жүйке талшығы қайтадан орталық жүйке жүйесіне апарады. Мұндағы жүйке
орталығы келген қозуды талдап, жұмысшы мүшенің қызметін тоқтатып немесе қажеттігіне қарай
жалғастыратын жауап қозу пайда болады.
Рефлекторлық доғаның қозу жүретін жолдарын екіге бөледі: тура және кері байланыс жолы деп.
Рефлекторлық доғадағы сезім мүшесінде пайда болған қозу орталыққа барып, одан жауап келген жол
Достарыңызбен бөлісу: