Қ алқан серік бездері қалқанша безінің артқы жағында орналасқан түйме тәрізді 4-6 без болады.
Салмағы 0,1-0,3 г, ұзындығы 6-7 мм, ені 3-4 мм. Жасөспірімдерде қалақансерік бездері
қызғылттау, кейін сарғыш болады, қартайғанда қоңыр болады. Қалқансерік безінде паратгормон деп
аталатын гормон өндіріледі.
Паратгормон кальций мен фосфордың алмасуына әсер етіп, оның қандағы мөлшерін реттейді. Бұл
гормон жеткіліксіз болғанда сіңір тартылады. Гиперсекрециясында – фосфаттар несеп арқылы сыртқа
шығып, босаған кальций қанда көптеп жиналады да гиперкальцемия (сүйектер деформацияға
ұшырайды) байқалады.
Бүйрек үсті бездері – қос мүше. Оң және сол бүйректердің жоғары жағында орналасқан, салмағы
6-12 г. Әрқайсысы қыртысты және милы қабаттан тұрады. Қыртысты қабатының салмағы 4,5-10 г., милы
қабаты 1,2 –2,4 г.
Егер жануарлардың екі безін сылып алып тастаса жануарлар 1 аптаның ішінде өліп қалады. Милы
қабатты қалдырып қыртысты қабатын сылып алып тастаса да жануарлар өліп қалады. Ал милы қабатты
алып тастап қыртысты қабатты қалдырса өзгеріссіз ұзақ өмір сүре береді. Себебі милы қабатты
құрайтын хромаффин клеткалар кейбір ірі қантамырларының бойында, ганглияларында кездеседі.
Бүйрек үсті безінің қыртыс қабаты 10 астам кортикостеройдтар тобына жататын гормондар түзеді.
Кортикостеройдтар қызметіне қарай 3 топқа бөлінеді: 1) глюкокортикоидтар; 2)
минералокортикоидтар; 3) адренокортикоидтар.
Глюкокортикоидтардың ықпалынан барлық ұлпалардың, белоктың ыдырауы күшейеді,
бауырдың мочевина бөлу қызметі артады. Осы әсерлерге байланысты бала организмінің салмағы
азайып, өсуі нашарлайды.
Канадалық ғалым Г.Селье алғаш бүйрек үсті бездерінің гормондары организмге қауырт жағдайда
өте қажет екенін көрсетті. Ол адамның қатты күйзеліс кезіндегі тітіркендіргіштерді стрессор деп атады
(ағыл. Стресс – қатты күйзелу, абыржу). Бүйрек үсті безінің қыртыс қабатының гормоны азайса, стресс
жағдайында организм өліп кетуі мүмкін.
Глюкокортиоидтардың қабынуға аллергияға қарсы тұру қабілетін арттыруға маңызы ерекше.