Лекциялық сабақтар 1-тақырып. Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары



Pdf көрінісі
бет62/69
Дата11.10.2022
өлшемі0,93 Mb.
#42397
түріЛекция
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   69
Байланысты:
Лекциялық сабақтар

Сынып бөлмелерінің ауданы 50-60 м
2
, яғни әр оқушыға 1,25-1,50
м
2
. Бөлме ұзындығы 8-8,2 м, 
ені 5,6-6,2 м аспау керек, Егер бөлме ұзын болса артқы партадағы балаларға естілмейді, ені кең болса, 
терезеден түскен табиғи жарық жеткіліксіз болады. 
Сынып қабырғаларын жылына 1 рет ақ ізбеспен немесе эмульсиямен ақтау қажет. Бөлме ауасының 
температурасы 17-21
0
С, ылғалдылығы 40-65%, ауа жылдамдығы 0,15-0,25 м/сек. 
Терезе кең болу керек және терезе алдына ұзын сабақты үй өсімдігін қоюға болмайды. Терезенің 
төменгі жақтауы еденнен 60-70 см, жоғары жақтауы төбемен арасы 15-30 см болу керек. 
Терезеден далаға көз салғанда әйнектің 1/3 бөлігінен аспан көрініп тұрса, табиғи жарықтың 
мөлшері дұрыс болады. 
Табиғи жарық 150 люкстен кем болмай, әр партаға электр жарығы 150 люкстен кем түспеу керек, 
ал люминисцентті шамның жарығы 300 люкс болады. 
Мектеп зертханаларының мөлшері 66-70 м
2
, яғни әрбір оқушыға 1,5-1,75 м
2
болады. 
Мектеп шеберханалары 2 түрлі болады: қыздарға және ұлдарға арналған. Ұлдар шеберханасының 
ауданы 50-60 м
2
(әр оқушыға 3,3 м
2
) және шеберханадағы станоктар мен оқушылардың көз деңгейінің 
арасы 45 см болу керек. 
Балаларға ауыр жүк көтеруге болмайды. 5-8 жаста -4кг, 9-10 ж – 6 кг, 10-12 ж – 10 кг, 13-15 ж – 14 
кг, 16-17 ж – 24 кг жүк көтеруге болады. 
Бастауыш сынып оқушылары шеберханада шаршамау үшін әрбір 15 минут сайын 2-3 минуттай, ал 
жоғары сынып оқушылары 40-45 минуттан соң 10-15 минуттай үзіліс жасау қажет. 
Ашық ауада ебек ету үшін жаз айларында таңғы 7-11 сағ, кешкі 17-20 сағат аралығы қолайлы. 
Ауыл шаруашылық жұмысында 5-6 сынып оқушылары 2 сағат, 7-8 сынып оқушылары 4 сағат, 9-
11 сыныптағылар 6 сағат еңбек етсе жеткілікті. 
Спорт залының ауданы мектеп оқушыларының санына сәйкес болу керек. Әрбір оқушыға 4 см
2
болады. 
Спорт залы оқу бөлмелерінен оңаша орналасқан мектеп кешенінің жеке бір қанатының бірінші 
қабатында орналасады. Оның есігі дәліз арқылы немесе киім шешетін бөлме арқылы өтеді. 


Спорт залының температурасы 15-17 
0
С, киім шешінетін бөлмеде 19-22
0
С болу керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет