Алкей Хаканович Маргулан
В
статье анализируются неповторимые грани научно-исследовательского творчества выдающегося
казахского
ученого-энциклопедиста, титана отечественной науки Алкея Хаканулы Маргулана.
Отражаются новизна и актуальность научных исканий в литературоведении. Также рассматривается
духовная преемственность казахской интеллигенции начала ХХ в.
S.B.Zhumagulov
Alkei Khakanuly Margulan
In the article it is analyzed unique sides of a research creativity of the outstanding
Kazakh scientific
encyclopedist, the titan of a domestic science of Alkej Hakanuly Margulana. It is reflected novelty and an
urgency scientific search in literary criticisms of times binding a thread. As Alash
is considered character
traits of the scientist in aspect of communication with spiritual continuity the Kazakh intelligency of the
beginning of the XX-th century.
ƏОЖ 82.0
С.Б.Жұмағұлов, С.Т.Жүнісов
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Ұлттық əдебиеттанудағы фарабитану бастаулары
Мақалада ұлттық əдебиеттану ғылымындағы фарабитанудың
қалыптасу жолдары жан-жақты
қарастырылған. Қазақстан ғалымдарының əлемдік деңгейдегі ұлы ғалымның ауқымды ғылыми
мұрасын зерттеу ерекшеліктеріне ерекше көңіл бөлінген. Сонымен қатар ұлттық əдебиеттанудағы
фарабитанудың бастауларына тəн ғылыми бағыт анықталды.
Кілтті сөздер: фарабитану, ұлттық əдебиеттану, Əбунасыр əл Фараби, Ақжан Машани, А.Көбесов,
ХХ ғасырдың 60–80-жылдары, Шығыс философтары, фарабитанушылар, Фараби мұрасы.
Қандай да болмасын халықтың ұлттық рухын сақтауда ұлы тұлғалары қорған болып келген жəне
де бола бермек. Халықымызды отарлаудан
кейінгі ұлтсыздандыру саясаты, ұлттық əдебиеттің
тамырына балта шабу арқылы да көрініс тапты. Қылышынан қан тамған қызыл өкіметтің абсурдтық
идеялары, бабалар мұрасы мен заңды мұрагерлерінің табысуына өз кесірін тигізбей қоймады.
Алаштың маңдайалды марқасқа ұлдары, қанқұйлы өкіметтің қасабына ұшырамағанда,
тек ұлттық
əдебиеттану ғылымы ғана емес, барша қазақ ғылым-білімі ертерек қолға
алынып ерекше екшелері
сөзсіз еді.
Алаш арыстарының пешенесіне жазылмаған миссияны олардың рухтас ізбасарлары бастады.
Сеңнің қозғалуына «жылымық жылдарының» əсері мол болғаны белгілі.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ