тәсілмен байланысты оқыту
педагогикасы проблеманы бірлесіп
шешу мен жобаға негізделген оқуды
қамтиды. Бұл ретте оқушылар пәнді
терең зерттей отырып, өздерінің
білімін күнделікті өмірде кездесетін
күрделі тапсырмаларды,
сұрақтарды
және
проблемаларды шешуде
қолданады.
оқушыға бағдарланған және
мұғалімнің рөлі проблемалық
тапсырмаларды құрылымдаудан,
оқушылардың ұғынуына, түсінуіне
жетекшілік етуден және
оқушылардың бірлескен жобаларына
қолдау көрсетуден тұрады. Бұл рөлді
орындау үшін мұғалімдер
оқушыларға жоба әзірлеп,
оны іске
асыру, бақылау және шешім
қабылдауға көмектесуге қажетті
дағдыларды меңгеруі тиіс.
АКТ
Кешенді техникалар мен құралдар.
Түйінді тұжырымдамаларды түсіну
үшін оқушылар жеке бір пән саласына
тән технологиялық құралдарды
пайдаланады, олар: ғылым
саласындағы көзбен шолу әдісі,
математика саласындағы деректерді
талдау
құралдары, әлеуметтік зерттеу
жүргізу кезіндегі үлгілейтін рөлдік
ойындар.
Мұғалімдер әртүрлі пәннің өзіндік
құралдары мен қосымшаларының
бар екендігі жөнінде хабардар
болып,
оларды проблемаға
негізделген және жобаға негізделген
жаттығуларда икемді қолдана білуі
тиіс. Оқушыларға ынтымақтастық
жасауға, ақпарат алуға және
таңдалған проблемаға талдау
жасауға және оның шешімін табу
үшін сыртқы сарапшылармен
байланыста болуға көмектесу үшін
мұғалімдер желілік ресурстарды
пайдалана білуі керек. Сондай-ақ
оқушылардың жеке және топтық
жоба жұмыстарын жүргізіп, бақылау
үшін мұғалімдер АКТ-ны пайдалана
білгені жөн.
Достарыңызбен бөлісу: