Анықтамалық материал жануарлардың иесіне ауруды балауға және мал



Pdf көрінісі
бет32/81
Дата14.10.2022
өлшемі2,31 Mb.
#43014
түріАнықтамалық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   81
Байланысты:
Аны тамалы материал жануарларды иесіне ауруды балау а ж не мал

 
 


48 
Тері беткейі туындысының аурулары
Ірі қара малда туынды тері беткейінің ауруларынан ең жие кездесетін 
ол тұяқ аурулары. Мүйіз сынулары да кездесуі мүмкін: мандай сүйегінің 
негізінде, ортасында немесе ең үстінде мүйіз өсіндісінің жарығы, түгел 
мүйіздің сынуы немесе бір бөлігінің түсуі, мүйіз чехолының түсуі – бұның 
бәрі мүйізді механикалық байламнан, мүйіздің ағаштар арасында, есекпен 
қысылып қалуынан, соғылғаннан, құлағаннан және т.б. болуы мүмкін.
Жануарға көмек көрсетуге қанды тоқтату мен антисептикалық 
байламның салынуы жатады (30 сурет). Мүйіз толық сынған кезде 
ампутацялайды, ол үшін ветеринариялық дәрігерді шақыртады.
Тұяқ аурулары 
Тұяқ ауруларының негізгі себептері ол: ашық және жабық зақымдар, 
құндылықсыз азықтандыру, нашар күтім, аяқтарды дұрыс қоймауы, тұяқты 
күту ережелерінің бұзылуы. Мүйіздің деформирмациясы мен өте өсіп кетуі 
кедергілі қозғалыс және ақсандауға байланысы. Дұрыс тазартылған және 
кесілген тұяқ әртүрлі аурулардың дамуының алдын алады. 
Жұлық флегмонасы – венчиктің тері негізінің астында орналасқан 
клетчатканың қабынуы, ол тірілетін аяқтың ақсандауымен, алдынғы және 
тұяқ арасы беткейінің ісінуімен, жануардың тынышсыздануымен, 
сиырлардың сауым сүтінің төмендеуімен сипатталады.
Флегмонаны 
емдеу 
үшін 
тыныштық, 
жұмсақ 
төсегіш,
антибиотиктармен новокаиндық блокадалар қажет, зақымдалған жеріне ірін 
пайда болғанша спирттік кебетін байламдарды қолданады. 
Асептикалық пододерматит – ұсақ тастармен ірі қара малды айдаған 
кезде, табан аумағын, тұяқ қабырғаларын соққан кезде пайда болатын тұяқ 
терісінің негізінің қабынуы. Анаэробты инфекция түскен кезде ірінді 
пододерматит дамуы мүмкін. Жануар асептикалық пододерматитта аяқтарын 
кеңейтіп немесе қиылыстырып қояды. Тұяқты тазартқан кезде мүйіздің үсті 
қызыл-сары, сары, қызыл-күлгін түсті дақтар болады. Ірінді түрінде – тұяқ 
ыстық, оны қысқыштармен зерттеген кезде қатты ауырсыну белгіленеді.
Ауру жануарға жұмсақ төсегіш қажет, тамыр ішіне новокаинның 0,25 
%-дық ерітіндісін енгізеді. Бірінші күндері тұяққа суықты, ал 3-4 тәуілігінде 
– жылы процедураларды жасайды. Жара болған кезде оны 10 %-дық 
йодоформның эфирімен, фурацилин, риванол ерітіндісімен домдайды, жараға 
әртүрлі асептикалық ұнтақтармен, майлармен байлам салады. Байламдарды 
ауыстырған кезде антисептиктердің қосылуымен орташа сөлдердің 
гипертоникалық ерітінділермен ванналарды қолданады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет