1. Компьютерлік вирус – «көбейтілуге»



Дата21.09.2022
өлшемі18,22 Kb.
#39683
түріПрограмма
Байланысты:
жауаптар


1. Компьютерлік вирус – «көбейтілуге» және басқа программаларға жұғуға қабілетті, әдетте өлшемі шағын (200ден 5000 байтқа дейін) арнайы компьютерлік программа (яғни ол кодын көп қайтара көшіреді де, оны басқа программалардың кодына қосады). Ол компьютерге пайдаланушының рұқсатынсыз, «зақымдалған» дискета немесе «зақымдалған» файлмен бірге түсуі мүмкін. Ішінде вирусы бар программа «зақымдалған» деп аталады
2. Компьютерлік вирустың 3 қағидасы :
Біріншіден, вирустар өз-өзінен пайда болмайды.- оларды компьютерлік хакерлер құрайды да мәліметтерді желі бойынша жібереді немесе таныстарының компьютерлеріне салады.
Екіншіден: вирустар өз-өзінен сіздің компьютеріңізде пайда болмайды- ол не болмаса сыртқы тасымалдаушы (флэшь-тасымалдаушы, сыртқа қатты диск, компакт-диск...) арқылы немесе оны компьютерлік желіден кездейсоқ жүктеп алған.
Үшіншіден: компьютерлік вирустар тек компьютерді ғана зақымдайды одан басқа ешнәрсе емес, сондықтан да одан қорқудың қажеті жоқ-пернетақта, тіртуір және басқа да құрылғылар арқылы берілмейді (жұқпайды).
3. Вирустардың әрекеті 3 кезеңнен тұрады:
1. Зақымдану (компьютерге түсу);
2. Көбею (вирусты код басқа бағдарламалармен көбеюі мүмкін);
3. Вирусты шабуыл (жеткілікті түрде бағдарламалық вирус көшірмесі пайда болған кезде бұзылу жүзеге аса бастайды: бағдарлама жұмысы мен ОЖ, қатты дискіден ақпараттардың жойылып кетуі
1. Вирустар қайдан пайда болады? Оларды білікті қаскөй мамандардан басқа бәсекелес фирмаларға зиян келтіру үшін қызғаныш, зиянкестік, мансапқорлық оймен немесе антивирустық программаларды сатудан ақша табу үшін жазады.
2. Вирустардың компьютерге кіру жолдары:
Internet ғаламдық желі
• Электрондық пошта
• Жергілікті желі
• «Жалпы тағайындалған» компьютерлер
• Бағдарламалық жабдықтау қарақшысы
• Жөндеу қызмет көрсетулері
• Зақымданған файлы бар алмалы-салмалы жинағыш
• Вирусы бар қатты диск
• Алдыңғы пайдаланып кеткендерден қалған вирус

3. Компьютердің зақымдалу белгілері бар болып жатқандағы әрекет
• Компьютерді егер ол жергілікті желі мен интернетте қосылған болса өшіру;
• Егер зақымдану белгілері салдарынан компьютердің қатты дискісін жүктеу мүмкін болмай жатса, (компьютерді қосқан кезде, қате деп танылып жатса), істен шығудан қорғаныс режимінде жүктеп көріңіз немесе Windows апатты дисктен жүктеңіз;
• Вирусқа қарсы бағдарламаны жүктеу.
1. Компьютерлік вирустармен күресу үшн, оларды зерттейтін және антивирустық (вирусқа қарсы) программалар жазатын мамандар бар. Ресейдегі атақты программистер: Д.Лозинский, Д.Мостовой, И.А.Данилов, Н.Безруков және т.б.
2. Вирустан қалай қорғануға болады?
• Өзіңіздің ДК-ге вирусқа қарсы бағдарламаны орнатыңыз.
• Басқа компьютерден келген тасымалдаушы құралдан вирусын тексеріңіз;
Ақпаратты көрмей тұрып, архивтенген архивтік файлдан кейін вирусын тексеріңіз (вирусқа қарсы бағдарламалардың барлығы бірдей зиян тарататын кодты іздемеуі мүмкін немесе оны дұрыс емес жасауы мүмкін);
• жүйелі түрде компьютердің вирусын тексеріп тұрыңыз (егер Интернетті белсенді қолдансаңыз-аптасына бір рет, болмаса одан да жиі жүктеңіз);
• маңызды ақпараттың резервті көшірмесін жиі жасап тұрыңыз (backup);
• егер компьютер Интернетке қосылған болса, вирустан қорғау файервол (firewall) бағдарламамен бірігіп қолданыңыз;
• html-бетінің ішіндегі белсенділігі бар іске қосуға тыйым салу үшін (Интернет бетін көру бағдарламасы) браузерді жүктеңіз
3. Вирустық программалар компьютердегі вирустарды табуға, жоюға және одан қорғануға мүмкіндік береді. Ондай программалардың бірнеше түрлері бар, атап айтқанда:
- детектор−программа (вируспен зақымдалған файлдардың бірін табуға негізделген);
- доктор−программа (вируспен зақымдалған файлдардың бірін тауып қана қоймай, оны «емдеуге» арналған);
- фильтр−программа (компьютермен жұмыс жасау барысында вирустың бар болуын алдын ала хабарлауға негізделген);
- ревизор−программа (вирустан белсенді, әрі сенімді түрде қорғауға арналған).

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет