«Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша дәрістер конспекті Тақырып№1: Кіріспе


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет18/19
Дата14.10.2022
өлшемі0,7 Mb.
#43027
түріКонспект
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
 
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 
1. Тарихты оқытуда қандай инновациялар бар? 
2. Оқытудың модульды технологиясының сипаттамасын беріңіз 
3. Оқытудың модульды технологиясының ерекшелігі неде?
 


Тақырып№14: Тарих мұғалімі. Тарих мұғалімінің тұлғасы және кәсіби 
біліктілігі 
Дәріс мақсаты: Тарих мұғалімінің маман ретінде сипатын келтіру 
 
1. Тарих мұғалімінің кәсіби портреті
2. Мұғалімнің тарих сабағына дайындығы
3. Тарих мұғалімдерінің озық педагогикалық тәжірибесін меңгеру
 
Тарих пәнінің мұғалімі — жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі 
жетекші мамандықтардың бірі. Тарихи білім берудің барысында 
оқушылардың дүниетанымы мен көзқарастар жүйесін қалыптастыру тікелей 
кәсіптік міндеті болғандықтан да тарихшы мұғалім мамандығына жоғары 
талаптар қойылады. 
Кеңестік білім беру жүйесінде тарих пәнінің мұғалімдеріне мектептегі 
идеологиялық жұмыстардың жетекшілігі сеніп тапсырылатын. Өйткені, 
тарихшы мамандығы партияның идеологиялық жұмыстарымен тікелей 
айналысатын саяси номенклатураға енгізілген еді. Ол кездегі тарихшы 
мұғалім кәсіптік міндеттеріне қосымша лектор, үгітші, насихатшы сияқты 
көптеген қоғамдық қызметтер де атқаратын. 
Мемлекеттік құрылыстың, саяси жүйенің өзгеруіне байланысты 
тарихшы мұғалім қызметінің мазмұны да түбірінен өзгерді. Жоғарыда 
аталған саяси сипаттағы қоғамдық қызметтерден "босаған" тарихшы мұғалім 
бірыңғай өзінің кәсіптік қызметімен айналыса бастады. Мұғалім тұлғасына 
қойылатын талапта жаңарды. Мұғалімнің тұлғасы, оньгң рөлі мен маңызы 
туралы пікірлер көп. Солардың арасында К. Д. Ушинскийдің "...Тікелей жеке 
ықпалсыз мінезге сіңетін шынайы тәрбие жоқ. Тек тұлға ғана тұлғаны" 
дамуы мен қалыптасуына ықпал жасайды", — деген пікірі ерекше. 
Сан-салалы педагогикалық қызмегте мұғалімнің жеке тұлғалық 
қасиеттерінің атқаратын рөлінің маңызы зор. Кеңестік білім беру жүйесінде 
мұғалім қызметін кәсіптік түрғыда жетілдіру бағытында көптеген зерттеулер 
жүргізілген болатын. Әйтсе де, таптық-партиялық идеология үстемдік еткен 
қоғамда мұғалім қызметіне шамадан тыс саяси міндеттер жүктелгені де рас. 
Дегенмен, 
қазіргі 
кезде 
қоғамның 
жаңа 
әлеуметтік-саяси 
құбылыстарына, жаңа ғылыми тұжырымдарға бейімделу қабілеті, бұқаралық 
ақпаратты педагогикалық түрғыдан түсіндіре алу сияқты бағалы қасиетгер 
бүгінгі тарихшы мұғалім үшін де ауадай қажет. 
Мұғалім тұлғасының қалыптасуы ұзақта үздіксіз процесс. Ол жоғары 
оқу орнынан басталып, мұғалімнің бүкіл еңбек қызметі барысында 
жалғасады.
Еңбек жолын жаңадан бастаған жас маман немесе педагогикалық 
тәжірибеден өтетін тарихшы студент алғашқы сабақтарында мынадай типтік 
кемшіліктерге жол береді: 
• негізгі, басты мәселені бөліп алуға, жүйелі түрде базалық білімді 
игеруге қиналады; 


• баяндап түрған материалдың мазмұнын бұрынғы және кейінгі 
материалдармен байланыстыра алмайды; 
• материалды ұзақ, қажетсіз егжей-тегжейлілікпен түсіндіреді; 
• уақытты ұтымды пайдалана алмайды, көбінесе үй тапсырмасын сұрау 
жаңа материалды түсіндіруден де көп уақытқа созылып кетеді; 
• тарихты оқуға деген қызығушылықты дамытуды мақсат етіп 
қоймайды, танымдық ойындардың маңызын елемейді; 
• бір сарынды әрекет, бір үлгідегі сабақ типі мен оқыту түрін 
қолданады; 
• мектептің тарих оқулығымен жүйелі жұмыс жасай алмайды (ұғымдар, 
есімдер, даталар, сұрақтар мен тапсырмалар, сұлбалар мен кестелер) 
• оқушылардың оқу әрекетін бағалауға қиналады, сабақта оқушылар 
мүлдем аз немесе мүлдем бағаланбайды, бағаланса да тек жоғары бағалар 
қойылады; 
• дербес тапсырмалар, оның ішінде проблемалық сипаттағы 
тапсырмалар бермейді; 
• оқушыларға белгілі бір өзекті мәселеге әртүрлі көзқарас ұсына 
алмайды; пікірталас жүргізбейді; 
• мұғалім мен оқушының сабақтың барлық кезеңіндегі бірлескен 
жұмысын өз дәрежесінде ойластыра алмайды; сұрау барысында көбіне 
мұғалім-оқушы диалогы созылып кетеді; 
• сабақты түсіндіруді бастағанда дербес тапсырмамен жұмысын 
жалғастырып отырған оқушыларды ұмытып кетеді; 
• өзінің оқытушылық қызметінің нәтижелерін айкындауға өте аз көңіл 
бөледі. 
Оқыту процесіндегі осындай олқылықтардың орнын толтырып, 
кемшіліктерді жою арқылы жас маман өзінің базалық білімімен бірге 
әдістемелік тәжірибесін де байытып, кемелдене түседі. Өзінің педагогикалық 
қызметінде шығармашылық табыстарға жетуді басты мақсат тұтқан 
мұғалімнің жұмысы жинақы, әрекеті жүйелі болады. 
Тарихшы мұғалім әрекетінің құрылымы мен мазмұны. 
Бұл мәселе мұғалім жұмысын өзара тығыз байланыстыратын бірқатар 
әрекетгердің жиынтығы деп қарастыруға болады. Олардың қатарында 
тарихты, құқ негіздерін, азаматтану, адам және қоғам пәндерін оқытуды; 
сыныптық, сыныптан тыс, соның ішінде факультативтік сабақтар жүргізу; 
оқушыларды тәрбиелеу; біліктілігін көтеру; ата-аналармен жұмыс; қоғамдық 
жұмыстар атқаруды атауға болады. Тарихшы мұғалім әрекетінің әрбір түрі 
оның қызметтік міндеттері мен қажетті білім, дағдылар жиынтығын 
құрайтын өзіндік мазмұнмен ерекшеленеді. 
Мысалы, сабақ жүргізудің өзі белгілі бір тарих курсын жүргізуге 
мұғалімнің алдын-ала дайындығын талап етеді. Ол дайындық мынадай тізбек 
құрайды: а) тиісті курстың оқу бағдарламасы, оқулығы, оқуқұралдары, 
арнайы және әдістемелік әдебиеттерді оқып-үйрену; ә) сол курсты оқытуға 
қажетті материалдарды жинау және жүйелеу; б) оқу процесінде 
қолданьшатын оқытудың көрнекі және техникалық құралдарымен танысу; в) 


сыныппен, оның оқуға дайындық деңгейімен, оқушылардың қызығушылығы 
мен бейімі, ерекшеліктерімен, ал жұмысты жаңа бастаған мұғалім үшін оқу 
орнының ерекшелігімен (мектеп, лицей, дарын мектебі т.б.) танысу. 
Осындай жалпы танысудан соң мұғалім тікелей сабақ өткізуге 
дайыңдалады; өткен сабақтың нәтижесін талдайды; сабақ мақсатын 
нақтылап, оның құрылымы мен типін анықтайды. Оқу материаддарын, 
әдістері мен тәсілдерін тандайды, сонымен бірге қолдануға қажет деп 
есептеген дидактикалық материалдар, көмекші, техникалық құралдарды 
іріктейді; сабақ барысында оқушылармен дербес және жаппай жүргізетін 
жұмыстардың мазмұнын анықтайды; сабақтың жоспарын жасайды. 
Мұғалім 
факультативтік 
курс 
сабақтарын 
ұйымдастырғанда 
оқушылармен қосымша жұмыс жүргізіп, оларды материадды терең оқып-
үйренуге бағыттайды. 
Сабақ жүргізу оқушылардың дәптерін және жазба жұмыстарын
тексерумен ұштасады. Ол мынадай бағыттарды қамтиды; жазба жұмысы 
мазмұнының дұрыстығы мен жазба жұмыстың орындалуын тексеру; 
жазылым мен тыныс белгілер; орындалған жұмысқа баға беру және дәптер 
мен жазба жұмыстарын тексерудің нәтижелеріне талдау жасау; тексеру 
нәтижелерін есепке алып, салыстыру. 
Тарихшы мұғалім қызметінің мазмұны сынақтар мен емтихандар 
алуды ұйымдастыруды да қамтиды; ол — сынақ алдындағы және емтихан 
алдындағы қайталауды ұйымдастыру; сынаққа қиындық деңгейі әртүрлі 
тапсырмалар дайындау; жауаптарды бағалау; сынақ алудың түрі мен 
әдістерін айқындау; қосымша берілетін сұрақтар дайындау сияқты 
жұмыстардан тұрады. 
Мұғалімнің тарих кабинетіндегі жұмыстары кабинетті безендіру, 
лаборанттың жұмысын ұйымдастыру, дидактикалық материалдар, көмекші 
құралдарды жинап, жүйелеу және сақтау, сабақ және сыныптан тыс 
жұмыстарды жүргізуге кабинелі және ондағы материалдарды пайдалану 
сияқты көптеген әрекеттерден тұрады. 
Тарихшы мұғалімнің әдістемелік жұмыстарыньщ мазмұны да біршама 
күрделі. Ол жұмыстардың мынадай түрлерін атап айтуға болады: өзге 
мұғалімдердің сабағына қатысу және талдау жасау, мектептік, аудандық 
әдістемелік бірлестіктердің жұмысьша қаіъісу, өз тәжірибесін жазып шығару; 
жарыссөзге, баяндамаға дайындалу, сабақтың, ашық сабақтың талдамасын 
дайындап, мақала жазу, көмекші құрал жасауға қатысу, педагогикалық 
эксперимент жасап, оның нәтижелерін талдау, дербес әдістемелік 
тақырыппен жұмыс жасап, алынған нәтижелердің теориялық және 
практикалық маңызына баға беру. 
Тарихшы мұғалім қызметі мазмұнының түрлері оның жұмыс істеген 
білім беру мекемесінің — қалалық, ауылдық, лицей, тереңдетіліп 
оқытылатын мектеп — жағдайына қарай толықтырылуы мүмкін. 
Тарихты оқыту — шығармашылық қызмет 
К.Д.Ушинский педагогикалық қызметті "...практикалық өнердің бір 
түрі" деп бағалаған еді. Мұғалім мамандығының шығармашылық сипаты 


оның еңбегінің үнемі даму жағдайында болатын өзгермелі табиғатынан 
туьшдайды. Олай дейтініміз, тарих пәнінің бағдарламасы жаңаланады, жаңа 
педагогикалық идеялар мен оқу әдістері пайда болады, оқытуды 
ұйымдастыру түрлері жетілдіріледі. Оқыту мен тәрбиелеу процесінде 
оқушының өзгеруі, дамуы мұғалім әрекетінің мазмұны мен сипатын үнемі 
өзгертіп отыруды талап етеді, оқу-тәрбие процесінде үнемі жаңа 
педагогикалық міңдеттерді шешумен айналысуға итермелейді. 
Бұл міндеттерді шешудің көптеген құралдарының арасынан ең 
түйіндісін тақдап алу үшін тек тарих саласында білім мен дағдыларының 
жеткілікті болуы, педагогика, психология және оқыту әдістемесін жетік білуі 
жеткіліксіз, сонымен бірге өз қызметін шығармашылық ізденіс деңгейінде 
атқара алатын қабілеттілік те қажет. 
Тарихшы мұғалім әдістемелік құралды, оқыту мен тәрбиенің мақсаты 
мен мазмұны, оқушылар әрекетін ұйымдастырудың әсідістері белгіленген 
дайын сабақ жоспарлары мен ұсыныстарды пайдаланғанмен де оларды өз 
мәселесіне бейімдеп, жаңадан ой тлегінен өткізеді. Мұның өзі 
шығармашылық ізденістің көрінісі. 
Мұғалім мамаңдығының ерекшелігі оның тарихты оқытуда оқу-тәрбие 
міндеттерін шешуден туындаған педагогикалық тығармашылығының 
мазмұнынан туындайды. Белгілі бір педагогикалық тиімділікке жетуді мақсат 
етіп қойған мұғалім оқушының дербес танымдық әрекетін ұйымдастырып, 
алған білімдерін қорытып, тарихи құбылыстардан қорытынды ой түйіндей 
алатын дәрежеге жеткізуі тиіс. 
Жұмысты жаңа бастаған тарихшы мұғалімге шығармашылық ізденіс 
қиын және күрделі болады. Бұл оның нақты педагогикалық жағдайда алға 
қойған мақсатына негізінен өзінің еңбегімен қол жеткізуге мәжбүр 
болатындьгғьшан туындайды. Осы қиыншылықтан жалтарып, оңай жол іздеу 
— шығармашылық дамуды тежейді. 
Мұғалім қызметінің ең маңызды кезеңінің бірі — өзінің педагогикалық 
қызметіне талдау жасап, баға беруі. Бұл әрекет педагогикалық мақсат пен 
құралдың, қажетті жағдай мен мүмкіндіктің арасыңцағы қарама-
қайшылықты, өзінің қызметіңде орын алған олқылықтар мен кемшіліктерді 
анықтауға мүмкіндік береді. 
Өзінің тұлғалық сапаларына өзі талдау жасай алған мұғалім өзінің 
педагогикалық әрекетіне түзету жасап, оған шығармашылық тәсілдер 
енгізеді. Сол сияқты білімі мен біліктілігін көтеріп, қазіргі заманғы 
педагогикалық және тарихи білімінің дамуы мен өскелең қоғамның 
талаптарына сай тұрақты кәсіптік есуді қамтамасыз ете алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет