141
А.Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқышы» пен «Қазақтың Бас ақыны» және өлеңдері
мен мысалдарын тұңғыш рет төте жазудан қазіргі қазақ әрпіне түсірген филология
ғылымдарының докторы С.Дәуітұлы болған. Бұл ғылыми еңбектердің барлығы «ХХ ғасыр
басындағы Алаш әдебиеттануы». Классикалық зерттеулер 9-томында толық талданып
көрсетілген [2].
Академик Р.Нұрғали 1991 жылы «Ақ жол» деген атпен А.Байтұрсынұлының өлеңдерін,
тәржімалары мен публицистикалық мақалаларын және әдеби зерттеулерін құрастырды. Бұл
еңбектердің барлығы соңғы ғылыми зерттеулердің нәтижесі. Сөз өнерінен жасалып шығатын
нәрсенің жалпы аты шығарма сөз, ол аты қысқартылып, көбінесе шығарма деп айтылады.
Ауызша шығарылған сөз болсын, жазып шығарған сөз болсын бәрі шығарма сөз болады.
Шығарманың түрлері толып жатыр, оның бәрін шумақтап бір-ақ атағанда, арабша әдебиет,
қазақша «асыл сөз» дейміз.
Шығарма сөздің бәрінен бұрын байқалатын тысқы нәрселері: 1) тақырыбы; 2) жоспары;
3) мазмұны; 4) түрлері деген анықтама береді, еңгізеді. Сол кездің өзінде шығарма жазғызу
білім сапасының көрсеткіші ретінде ой жазылып, әр тарауына жеке жеке түсіндірме жүргізеді.
Бұның өзі қоғам мен сананы білімге баулып, оны қазақыландыру. Осы тұста тағы тілге тиек
етіп айта кететін жайт қазіргі білім беру жүйесіне де әдебиет сабағынан шығарма жазғызуды
қайта еңгізу қажет деп ойлаймыз. Ұлт ұстазы бекер бұл терминдермен жұмыс жасай отырып,
әдістемесін жасамаса керек. Сауаттылықтың көрінісі ол жазба жұмыстары арқылы
қалыптасары сөзсіз.
Ахмет Байтұрсынұлы алғаш рет қазақ тілінде ғылыми-теориялық терминдер жүйесін
жасай отырып, қазақ әдеби тілінің тазалығына да қатты көңіл бөліп, орыстың классик
жазушыларының талаптарын үлгі ретінде ұсынады. Ол талаптар мынадай:
1) ескірген сөздерді ретіне қарай қолдану;
2) өз тілінде бар сөздің орнына басқа жұрттан сөз алудан, яғни шет сөздерден қашу;
3) қазақ тілінің бай мүмкіндігін пайдалана отырып, ұғымның мәнін ашатын жаңа пән
сөздер ойлап табу керек. Біз сияқты мәдениет жемісіне жаңа аузы тиген жұрт өз тілінде жоқ
деп мәдени жұрттардың тіліндегі даяр сөздерді алғыштап, ана тілі мен жат тілдің сөздерін
араластыра-араластыра ақырында ана тілінің қайда кеткенін білмей айырылып қалуы
ықтимал. Сондықтан мәдени жұрттардың тіліндегі әдебиеттерін, ғылыми кітаптарын қазақ
тіліне аударғанда, пән сөздерінің даярлығына қызықпай, ана тілімізден қарастырып сөз
табуымыз керек» [3, 179-180 б.] деген талабын ғалым нақты іске асыра білді. Оған ғалымның
тіл білімі, әдебиет, мәдениет, өнер салаларына қатысты жазған мақалалары, еңбектері дәлел.
Қорытындылай келе, қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі ретінде айтарым,
А.Байтұрсынов еңбектері бізге мәңгілік бағдаршам. Ғалымның еңбектеріне шолу жасар
болсақ, тіл тазалығы дейтініміз – ана тілдің сөзін басқа тілдің сөзімен шұбарламау. Басқа
тілден сөз тұтыну қажет болса, жұртқа сіңісіп, құлақтарына үйір болған, мағынасы халыққа
түсінікті сөздерді алу деп анықтама берген болатын. Бұл еңбектің жария болған жылы
баршамызға аян. Ал, бұл анықтама, бұл тақырып әлі күнге күн тәртібінде. Біз өз
ғалымдарымызды толық танып, зерттеп бітпедік. Шетелдік тәжірибелерге сүйену, әрине,
керек және содан өзімізге керектісін ала білу. Бірақ, сол ғылыми пікірлер мен еңбектер
өзімізде болған сәтте толық танып, зерттемеу өзгенің тәжірибесіне ұмтылу қажет емес секілді.
Ұлт ұстазының еңбектерін ұлықтап, өз деңгейінде зерттеу және сол еңбекті сабақ
барысында пайдалана отырып, жемісін көру біздің аға буын алдындағы парызымыз деп
білеміз. Педагогика саласы, ұстаз болу әрдайым ізденіс, оқу, жаңашылдықты талап етілетіні
жасырын емес. Ғалым еңбектерінде сол жаңашылдықтың барлығын табуға болады. Тек ізденіс
пен шеберілік қажет.
Достарыңызбен бөлісу: