138
Сынығы едің алтынның... «Қазағым» деп жүрегі қарс айырылған ардақты тұлғамыз
Ахмет Байтұрсынұлының биыл туылғанына 150 жыл толғалы отыр.
Қазақ топырағында
небір ұлы тұлғалар дүниеге келген. Солардың бірі - ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы.
Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ халқының ұлы көсемі, халқымыздың ұлы ағартушысы,
ірі ғалым-лингивист, ақын, аудармашы, әдебиет жинаушысы, бірқатар оқулықтар мен оқу
құралдарының авторы. Болашақ ұрпаққа қалдырған мұрасы, шығармашылығы бүгінгі күні
оқушының жадына тез қонымды, әрі қызыға оқиды.
Қарапайым отбасында дүниеге келген Ахметтің
балалық шағы мал бағып, күйбең
тіршілікпен өткен. Әділетті жақтау, ешкімге қиянат жасамау - Ахметтің өмірлік ұстанымы еді.
Бар оқығаны: ауылдағы екі жылдық, Орынбордағы төрт жылдық мұғалімдер мектебі еді.
Соған қарамастан, ол өз бетінше ізденуден жалықпады, оқыды, тоқыды, үйренді, соңында
мәңгі өшпес ұлы тұлға болды. Бүгінгі күні ұлы тұлғамыздың 150 жылдық мерейтойы
тойланғалы отыр. Қазақ елі болып атамыздың мұрасын жаңғыртып, ұрпақтың санасына сіңіріп
жатқан жайымыз бар. Халқының жүрегінен ойып тұрып орын алған шебер, көрнекті ағартушы
атамыздың ізі жалғасуда. Өлеңдерінің арқайсысында бір үлкен маңызды түйін бар. Әрбір
өлеңнің шумағының ұрпаққа беретін тәрбиелік маңызы зор.
Ахмет Байтұрсынұлының кең ауқымда танылған «Маса» атты жинағы бар. Бұл
жинағында
ол заман ағымымен кетпей, өзгелер құсап қазақ халқын бай, кедейге бөлмей, тұтас
жақсы көрді. Ол отаршылдықтың озбыр саясатына қарсы халықты ояту үшін халықты
ағартушылықтан басқа жол жоқ екенін надандықпен, қараңғылықпен күресу керектігін толық
түсініп, бар ғұмырын осы жолға арнады. Бірақ зорлықпен, күшпен дегенін болдырып үйренген
большевиктер бұл ақиқатты теріске шығарып, оның есімін де, еңбегін де тарихтан өшіруге
тырысып бақты. Барлық өмірін адал қызмет етуге арнаған оны туған халқына жау етіп
көрсетіп, «халық жауы» деген
жаланы жамылғы етіп жауып, атқызды, атын атағандарды
қуғынға салды. Арам ойларымен көздеген мақсаттарына жете алмады. Ұлтын, елін, жерін
сүйген Ахмет Байтұрсынұлы атамыз халқымен қайта табысты. Белгілі ақын Сәкен Сейфуллин
айтқандай: «Ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттық арын жоқтаған патша
заманында жалғыз-ақ Ахаң еді». Сол замандағы халықтың ащы мұңын, күйінген тағдырына
шын жүректен әділдікті аңсаған жалғыз Ахмет атамыз еді. Өз заманының ағысына қарсы тұра
білген қоғам қайраткері. Қазақ халқының рухани көсемі болып, халқының бақытты өмір
сүруіне өзінің ақылын арқау еткен. Халық үшін, халықтың мәдени-әлеуметтік болмысын
көтеру үшін қызмет еткен. Ең алғаш қазақ тілінде әліппе кітабын жинақтаған Ахмет еді. Қазақ
балалары көзі ашық, сауатты азамат болып шығуға септігін тигізген. Қазақ тіліндегі әліп-би
осы сөздердің бәріне дәлел. Тек тың туындылар жазумен ғана шектелмеген. Орыс ұлтының
көптеген жазушыларының шығармаларын қазақ тіліне аударған,
өзінің халыққа шамшырақ
екенін дәлелдеп кеткен. Халқының білімді болуына үлкен жол ашқан. Қазақ тілінің табиғатын,
құрылымын танудағы қызметі қазіргі мектептерде қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулықтар
жазумен ұласады. Ахметтің қалыптастырған әдеби-теориялық терминдері осы күнге дейін
өмірін жалғастыруда. Бұның бәрін әдебиетші Ахметтің қымбат, алтын, кемеңгер сөздері мен
тәрбие нәріне толы адамдық қасиеттері сипаттап жазған өлеңдері бәрі-бәрі болашақ
ұрпаққа
сара жол.
Ахмет Байтұрсынов қазақ балаларын ел қатарына қосып, білім алуына 1896 жылдары
көңіл бөле бастаған. Бүгінде сарқылмас ізгі мұра иесі Ахмет Байтұрсынов мәдениетіміз бен
ғылымымызға қалтқысыз беріле қызмет сіңірген, таланты мен тағдырын, жан дауасын тек сол
мақсаттан тапқан жан. Ахмет Байтұрсынұлы - күрделі тұлға, зерделі ғалым. Күрделі болғанда
ел - жұртының тарихы мен тағдыр талантын терең біліп толғаған, танымына лайық алысқа
қол ұсынған алғашқы оқымысты. Ол қазақ халқының әлеуметтік өмірі мен мәдениетінде Қазан
революциясына дейін де, одан кейін де аянбай адал қызмет еткен ірі қайраткер, үлкен талант
иесі, тарихта орны айрықша зор тұлға.
Белгілі жазушы Мұхтар Әуезов: «Ахмет - қазақ халқының рухани көсемі» деп пікір
қалдырған. Ақынның ұланғайыр еңбегі сан саладан көрінеді. Ол - қазақ балаларының ана
139
тілінде сауатын ашып, ары қарай қазақ тілінде білімін жалғастыруға жол ашқан қайраткер.
Осы мақсатты іске асыру жолында аянбай тер төгіп, қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен
грамматикалық
құрылысын баяндап, талдап, танытқан зерттеуші, тұңғыш «Әліппе»
кітабының авторы. Ақындық жолында өз халқының саяси, мәдени, рухани және әлеуметтік
өмірінің сан-саласына көз тігіп, тікелей араласқан ірі публицист.
Ахмет Байтұрсынұлы бітіріп шыққан мамандығы бойынша профессионал лингвист
емес еді. Оны тіл білімі саласына алып келген, оқу-ағарту ісін жолға қою, халықты жаппай
сауаттандырып көзін ашу еді. Осы мақсатты көздей отырып, халқын ұлттық теңсіздіктен
құтқару еді. Ақыры мақсатына жетіп, профессионал лингвист атанды. Оқыған, іздеген адам
әрдайым мақсатқа жететінінің нақ дәлелінің көрінісіне айналды. Көптеген бай мұраларының
ішінде көлемі жағынан да, көздеген мақсаты жағынан да ауқымдысы - тіл мен оқу. Жиналған
мәліметтерге сүйенсек, Ахмет Байтұрсыновтың 15-16
кітабы жарық көрген, солардың 11-
12-сі тіл мен методикаға қатысты екен.
1910 жылдан бастап Ахмет Байтұрсынов қазақ жазуымен (графикасымен) айналыса
бастайды. Сол күнге дейін түркі халықтары сияқты қазақтар да пайдаланып отырған араб
таңбалары таза сол күйінде қазақ тілі үшін қолайлы емес екендігін біліп, оны қазақ тілінің
дыбыстық жүйесіне икемдеп, қайта түзетіп, алдымен қазақ тілінің фонетикасын зерттеуді
қолға алады. Сөйтіп Байтұрсынов реформалаған араб жазуы өз кезеңінде үлкен рөль атқарды.
Қазақ әдебиеті тарихында Абайдың орны қандай болса, қазақ
тіл білімі мен мәдениеті
тарихында Ахмет Байтұрсыновтың орны сондай. Ахмет Байтұрсыновтың өткен жолы мен
шығармашылығы ізгілікке толы болған. Ол атқарушылық қызметті де атқара жүріп, оқу-
ағарту ісінен ешбір қол үзбеген қайраткер. Өзі үшін емес, халық үшін өмір сүрген рухани
көшбасшы, өйткені Ахмет Байтұрсынов өз өмірін халық үшін құрбан еткен абзал азамат. Өз
халқының өмірінің сан-саласына араласып, өз көзқарасын ашық ортаға салған қоғам
қайраткері. Ахмет Байтұрсынұлының ойы, сөзі, ісі әрдайым бірлікте болған. Сонысымен де
ізгі педагог. Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен қызметі, рухани мұралары ұрпаққа баға
жетпес асыл мұра. «Ақынның өзі өлсе де, хаты өлмейді» демекші, ұлы тұлғамыздың, ұрпаққа
қалдырған ұлы мұрасы әрдайым жас ұрпақтың жадында сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: