Issn 2073-333x международный научный журнал



Pdf көрінісі
бет77/169
Дата17.10.2022
өлшемі7,69 Mb.
#43641
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   169
Байланысты:
Наука и жизнь Казахстана №3 2020 РСИУ (1)

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Назарбаев Н.Ә. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру». Егемен Қазақстан. Астана. 12 сәуір 2017 ж.
2. Шорохов Е.В. Композиция, М., Просвешение, 1986. –С.207.
3. Ералин Қ.Е.Ералина Ғ.Қ.Дизайн негіздері.Түркістан. Тұран.2012.
4. Кузин В.С.Изобразительное искусство и его методика преподования в начальных 
школах.М.,Просвещение.1985
5. Б.Әлмухамбетов, Ж.Балкенов «Сурет салу және әдістері». А. 1996 ж.
6. Садырғалиев Д. Дизайн өнері туралы. Қазақстан мектебі.Алматы.1987.
7. Рунге В.Ф. Дизайнерлік жобалаудағы эргономика. Оқу құралы. М.,1987
8. Бүркітбаев Т.С., Кунжигитова Г.Б. Компьютерлік графика. Оқу-әдістемелік құрал. Шымкент. ОҚМУ, 
2014.


Қазақстанның ғылымы мен өмірі. №3 2020 
162
ӘОЖ 3786:37
Данияров Т., Күнпейс Ж, Дүйсекова М.Т., Қалышбаева Г.
Аймақтық әлеуметтік -инновациялық университеті
ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА БІЛІМ БЕРУДІҢ
ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУДЫҢ БІРІЗДІЛІГІ
Түйін. Бұл мақалада жоғары оқу орнының инновациялық білім беру технологиялары мәселелері 
қарастырылады.
Тірек сөздер: педагогика, тәрбие, білім беру, оқыту, қалыптастыру, педагогикалық технологиялар.
Резюме: В данной статье рассматриваются вопросы иновационные образовательные технологии выс-
ших учебных заведении.
Ключевые слова: педагогика, воспитание, образование, обучение, формирование, педагогические техно-
логии.
Summary.this article deals with the issues of innovative educational technologies of higher educational institutions.
Keywords: pedagogy, education, education, training, formation, pedagogical technologies.
Бүгінгі күнгі білім беру жоғарғы оқу орындарының басты міндеті мен мақсаты жақсы адам-білікті 
мамандарды дайындау екендігі даусыз. Білім беру жүйесін дамыту үдерісінің жаңа оқыту үлгілеріне, 
мазмұнына, технологияларына түрлері мен әдістеріне қатысты шығармашылық қарқындылығымен әрі 
көптүрлілігімен өту және қоғамды ақпараттандыру аясында іске асырылып отыр.
Қазіргі білім берудің барлық деңгейлерінде зерттеулік, комьпютерлік, жобалық және өзгеде, әр 
түрлі инновациялардың кең ауқымы байқалады.
Білім беру саласының дамуын сараптау барысында, ең алдымен,келесі тұжырымдарды алға тар-
туда ескеріліге тиіс мынадай үш мәселе алаңдатушылық тудырады:
– Жаңалықтар мен дәстүрлі ережелер арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ету.
– Жаһандық білім беру үдерісінің шеңберінде батыл дами отырып, жоғарғы оқу орындарындағы 
интелектуалдық элитаны сақтап қалу.
– Қазақ мәдениетінің құндылықтарын, әдет-ғұрыптарын, дәстүрлерін және түп тамырларын 
жоғалтпау керек.
Жоғарғы оқу орындарының инновациялық іс-әрекетіндегі қолданбалы тәжірибенің көптүрлілігі. 
Қазақстандағы элеуметтік-экономикалық ерекшеліктерді ескере отырып, жаңа бағыт-бағдарларды 
айқындауды, теориялық тұрғыдан ұғынуды, жалпылауды және сараптауды талап етеді.
Бүгінгі күнде педагогикалық технология мәселесі теориялық және ғылыми қолданбалы бағыт 
тұрғысынан зерттеу арқауы болып отыр. Теориялық тұрғыдан алып қарағанда, педагогикалық тех-
нология педагогиканың категориясы ретінде қарастырылады, оның мәні, құрлымы айқындалады; 
педагогикалық іс-әрекеттің әртүрлі саласындағы (дидактика, тәрбие, білім беруді басқару) 
педагогикалық технологияның ғылыми негіздері оқып- үйреніледі; педагогикалық технологияны 
жобалаудың әдіснамасы мен теориясының негіздері ашып көрсетіледі.
Зерттеу нәтижесінде, яғни берілген анықтамаларды оқып үйрену, талдау нәтижесінде мына-
дай анықтама айтуға болады біз педагогикалық технология жетілдірілген оқытумен тәрбие жүйесін 
құруды, оқу тәрбие процесін жобалауды көздей отырып, оқытумен тәрбие берудің неғұрлым тиімді 
жолдарын зерттейтін ғылым ретінде де, оқу тәрбие процесінде қолданылатын әдіс-тәсілдердің, 
реттеуші құралдардың жиынтығы, әрі шынайы оқыту процесі ретінде де әрекет етеді[1].
Педаогикалық технологияның құрамы мазмұнды және процессуальды компоненттерден
тұрады. Мазмұнды компоненттер тұжырымдамалық мақсатқа жету құралдары, оқыту тәрбиелеу 
процесінің тиімділігі туралы білімдер жүйесі, диагностикалық-педагогтың кәсіби педагогикалық бет 
пердесі, тұлғаның дербес ерекшеліктері мен оқушылардың дайындық деңгейі, дидактикалық-оқыту 
мазмұны; әдістер, әдістемелік тәсілдер; ұйымдастыру формалары; дидактикалық құралдар құрайды. 
Процессуальды копонент алдын-ала жобаланған оқу-тәрбие процесін басқаруды көздейді.
Педагогикалық технологияларды былайша жіктеуге болады:
қолдану деңгей бойынша авторитарлыққа:
162


Наука и жизнь Казахстана. №3 2020
163
– жалпы педагогикалық, дербес әдістемелік және модульдық;
– ұйымдастыру формасы бойынша: сыныпқа-сабақтық және альтернативтік, академиялық және 
клубтық, жеке және топтық, оқытудың ұжымдық тәсілдері, дифиренциялық оқыту;
– оқушылардың категориялары бойынша: бұқаралық технологиялар, оза оқыту,орнын 
толтыру,виктомологиялық, қиын балалармен жұмыс істеу технологиялары, дарынды балалармен 
жұмыс істеу технологиялары.
Бұл жіктеме педагогикалық технологиялардың мақсатын, мазмұнын және түрлерін ажыратуға 
көмектеседі және оларды атқаратын қызметіне сай пайдалануға негіз болады.
Әртүрлі анықтамаларды талдау иновацияға мазмұнды өзгерістер тән деген қорытындыға әкеледі, 
ал иновациялық өзгерістердің басты функциясы өзгерту функциясы болып табылады.
Иновация мамандар даярлау міндетттерін дәстүрлі формалар арқылы шешу мүмкін болмаған 
жағдайда пайда болып, жаңа мақсат пен міндеттерге сәйкес жаңа технологияларды пайдалану 
қажеттілігін тудырады.
Дәстүрлі және иновациялық педагогикалық технологиялардың аражігі болмағанмен, бұл оларды 
тұтас бір бірінен ажратып алу деген сөз емес. Олардың әрқайсысына тән ерекшеліктерімен қатар бірін-
бірі өзара байланыстырып тұратын ортақ сипаттарыда болады [2].
Трениг технологиялары мен проблемасы. Трениг технологиялары қарым- қатынас жасау ба-
рысында мұғалімнің тұлға аралық және кәсіби мінез-құлқын жетілдіруді көздейді. Бұл технология 
ынтымақтастықта оқытуға бағытталып, «жай ғана бір нәрселерді бірге орындау емес, бірге оқу» иде-
ясын іске асырады, мұнда оқып-үйренілетін тақырып бойынша жұмыс істеу барысында әр топ (ко-
манда) мүшесінің басқа топ мүшелерімен үнемі өзара әрекет жасау арөылы өз бетімен жқмыс істеудің 
нәтижесінде қол жеткізілген белгілі бір «топтық мақсатқа» және барлық топтың жетістігіне ерекше 
көңіл аударылады.
Тренигтің негізгі талаптары:
– топта кез келген басқа серіктестермен өзара әрекетте болу;
– берілген тапсырмаға жауапкершілікпен қарап, белсенді жұмыс істеу:
– серіктестермен сыйлы ұатынаста болу;
– өз жетістіктеріне қарап, барлық серіктестерінің, топтың жетістіктеріне жауапкершілікті сезіну;
– топта бірлесіп жұмыс істеу- бұл күрделі және қте жауапкершілікті еңбек екенін толығымен 
саналы мойындау.
Трениг технологияларын пайдалану оның ерекшеліктерін білу қажет:
– топ мүшелерінің бір-біріне өзара тәуелділігі;
– әрбір топ мүшелерінің өз жетістіктері және жолдастарының жетістіктері үшін жеке жауап-
кершілігінің болуы;
– бірлескен оқу-танымдық, шығармашылық және топтағы басқа да жұмыс түрлерінің болуы;
– топтағы студенттер іс-әрекетін әлеуметтендіру;
– топ жұмысын -жалпы бағалау.
Осы ерекшеліктеріне байланысты тренинг технологиялары үш негізгі принципке сүйенеді:
– барлығына ортақ марапат, яғни топ бірлес әрекет ету арқылы барлығына ортақ бір ғана бағаға 
ие бола алады;
– әрбір топ мүшесінің жеке жауапкершілігі, яғни топтың жетістіктерге ие болуы немесе бол-
мауы оның әрбір мүшесіне бірдей мүмкіндікткері, яғни әрбір топ мүшесінің өз тобына ұпай әперу 
мүмкіндінгі бар.
Жалпы, тренинг интерактивті оқыту әдісіне жатады, оның бастауыш сынып мұғалімдерінің 
ғылыми ойлау стильдерінің қалыптастыруына, қарым-қатынас жасау біліктерін дамытуға, тілдік 
қорын байытуға, ой өрісін кеңейтуге әсері мол.
Проблемалық оқыту өзінің мазмұны мен құрылымы бойынша педагог пен оқушылардың 
шығармашылық процестерін жинақтайтын оқытудың педагогикалық технологиясы болып і барлық 
құрлымы функцианльды түрде әрекет етеді, екіншіден, проблемалық оқытуда әрекеттің моделін құру 
кезеңі мен субъектінің шешу тәсілін өз бетімен таңдап алу, яғни әректті өздігінен реттеу үстем болады [3].
Проблемлық оқытуға тән ерекшеліктерді анықтау оның басқа технологиялардан айырмашылығын 
неғұрлым тереңірек қарастыруға мүмкіндік береді:


Қазақстанның ғылымы мен өмірі. №3 2020 
164
– проблемалық оқытудың бірінші шарты оқу іс-әрекетінің дамуы алдын-ала анықтайтын оқу 
ақпаратының дамушы және дамитын құрылымның жүйесі болып табылады;
– проблемалвқ оқытудың екінші шарты ақпаратты оқу міндетіне ауыстыру барсында оны шешу 
тәсілін таңдап мүмкіндігі қарастырылған кезде ғана іске асырылады.
– проблемалық оқытудың үшінші шарты-студенттің субъекті ретіндегі ұстанымы, оның таным 
мақсатын саналы түсінуі мен қабылдауы және нәтижелерді шешу мен алу үшін бар құралдарды өзіндік 
бағалау;
– проблемалық оқытуды анықтайтын негізгі сипат оқытушы мен студенттің өзара әректінің тәсілі 
ретіндегі проблемалық жағдаят болып табылады.
– Қазіргі кезде проблемалық оқыту педагогика ғылыми мен практикасының ізгілендіру бағытын 
жүзеге асырып отырған негізгі технологиялардың бірі болып табылады. Оның негізін мұғалімнің 
кәсіби қалыптасуынаерекше ықпал ететін инновациялық ортаны құру идеясы құрайды. Сондықтан 
проблемалық оқыту барысында оқытушы оқу процесін студенттің білім алуға өз бетімен іздену логи-
касына неғұрлым жақындасатындай етіп ұйымдастырып, белсенді таным процесі үшін барлық жағдай 
жасауы тиіс.
Қазіргі жағдайдың қалыптасуына байланысты білім беру қызметтерінің барлығындағы 
педагогикалық үдерістердің барлық құрамдарын қайта бағалау, қайта саралауды талап етеді, соны-
мен бірге оқу үдерісіне қатысушы тараптардың субъект-субъективті диалогтық өзара әрекеттерді 
жасауды болжайды, бұл бірлескен қызмет сезімталдық деңгейіне өткенде, яғни құндылықтармен ал-
масу жасағанда әрі оларды бірлесіп қабылданғанда жүзеге асады. Білім берудің қоғамдық бірлескен 
мақсатты көрсеткішіне сәйкес тұлғаның жағымды әлеуметтік бейімделуін, әрі белсенділігін 
қамтамассыз етуі және оның материалдық әрі рухани құндылықтарды толыққанды меңгеруіне 
жағдай жасауы керек. Білім берудің субъективті шарттасқан мақсаттары тұлғаның қажеттілігін толық 
қанағаттандыруға бағытталуы тиіс. Бұл оның жеке тұлғалық мәдениеттілігінің ең жоғары дәрежеде 
сәйкестігін қанағаттандыра алады, айталық: түсіну мәнері, өзін белсенді ету мәнері, өзара тұлғалық 
қарым-қатынас мәнері. Білім беру мақсатының бұл қыры студенттердің өзін тұлғалық тәрбиелеуі деп 
аталады.
Жоғарғы оқу орындарында адамгершілігі мен адамдық қасиеттері бар мұғалімді даярлауды 
жүзеге асыру нәтижесінде жоғары білікті маманға тән мынадай сипаттамаларды қалыптастыруға көңіл 
бөлу керек.
– рухан-адамгершілік қасиеттер;
– тәрбиелеу іскерлігі;
– шығармашылық дербестік;
– өзіндік сананың жоғары деңгейі;
– өз бетінше ақпаратты қабылдау және бағалау қабілеті;
– шешім қабылдау және сол үшін барлық жауапкершілікті мойынына ала білу қабілеті;
– психологиялық-педагогикалық пәндерден сапалы білім;
– адамдарды, олардың психикасын түсіне білу қабілеті.
Маманды даярлауда оқытушы мен студент қарым-қатынасының тұлғалық-тең құқықтық 
принципіне негізделеді, оны жүзеге асырудың шарттары студент тұлғасын өзіндік жүзеге асыру, 
өзіндік анықтау, өзіндік ұйымдастыру, оның шығармашылық мүмкіндігін айқындау және дамыту, 
меншікті педагогикалық көзқарастарын қалыптастыру болып табылады.
Болашақ мұғалімді даярлаудың міндетті арнайы лекциялық курстарға, семинарларға, 
практикумдарға, ғылыми жұмыстарға, үздіксіз педагогикалық практикаларға, дербес сабақтарға, 
кәсіби өзін-өзі жетілдіру процесіне, сонымен бірге студенттермен ұйымдастырылатын оқудан тыс 
тәрбие жұмыстарына басты орын беріледі. Мұның өзі студенттерді оқыту мен тәрбиелеу барысында 
әртүрлі педагогикалық технологияларды пайлалануды көздейді:
– психологиялық-педагогикалық проблемаларды теориялық тұрғыдан талқылау (топтық ой 
бөлісулер, шағын пікірталастар, әңгімеллесулер);
– психологиялық-педагогикалық тренингтер (рольдік жағдаяттарды шешу, «жобалық суреттерді» 
пайдалану, моральдық таңдау жағдаяттарды талқылау);
– студенттерді шығармашылық іс-әрекетке баулу (шығармашылық істерді дайындау және өткізу, 
шағын оқытуды ұйымдастыру, оқушылармен жеке жұмыстар жүргізу), т.б.


Наука и жизнь Казахстана. №3 2020
165
Шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің тәжірибесін оқып-үйрену және жинақтау 
(кеңес түріндегі әңгімелесулер, педагогикалық диалогтар, сабақтарға қатынасу және талдау, тәрбиелік 
сипаттағы сабақтар);
Педагог әрбір студенттің мүмкіндігіне қарауы тиіс және оны тек педагогикалық ықпалдың 
объектісі деп қабылдамай, оны ерікті әрі өз еркімен әрекет жасаушы тұлға деп қабылдауы керек [4]. Бұл 
студенттерге әдеппен қарау, олардың қадір-қасиетін құрметтеу, бұл жағдай өзара сыйласу, әріптестік 
жасау атмосферасын қалыптастырып, студенттерде жалпы мәдени құзіреттілікке қалыптасуына 
жағымды көзқарастар туындауына ықпал етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет