ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Көшербаев Қ.Е., Ахметов Ә.Қ., Әбілқасымова А.Е., Рахымбек Х.М., Қазақстан Республикасында
жоғары білімді дамыту стратегиясы. -Алматы: Білім, 1998. – 232 б.
2. Кайдарова А.Ж. Опыт педагогов-новаторов в профессиональной подготовке будущих учителей // Вест-
ник АГУ им.Абая. -2002. № 3 (5). -С.80-83.
3. Инновационность в образовании и подготовке учителей // Вестник высшей школы- Альма-матер. -2001.
№4. -С.7-10.
4. Таубаева Ш.Т. Құдайбергенова К.Инновациялық үрдісі теорияның дамуы. Ізденіс. 1996-№5-91-98 б
Қазақстанның ғылымы мен өмірі. №3 2020
166
ӘОЖ 373.5.78.01
Исабаева А.С., Құрманбекова Ж.Ж., Сахиева Ф., Барахова Р.
Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті
ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ
ІС-ӘРЕКЕТКЕ БЕЙІМДЕУДІҢ ЖОЛДАРЫ
Т
үйін. Бұл мақалада оқушылардың шығармашылық жұмыстарға белсенділігі, шығармашылық іс-
әрекетке бейімділігі жайында жазылған.
Тірек сөздер: Шығармашылық, іс-әрекет, қажеттілік,тәрбие, оқушы
Резюме. В данной статье говорится об активности учащихся в творческой деятельности, склонности к
творческой деятельности.
Ключевые слова: творчество, деятельность, потребность,воспитание, ученик
Summary. In this article it is told about activity of pupils in creative activity, propensity to creative activity.
Keywords: creativity, activity, need, education, student.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің жеке адамды
қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған рөлі атап көрсетілсе», – осы заңның
41 бабында: «Педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көздеген
деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, жеке шығармашылық қабілеттерінің
көрінісін, дамуы үшін жағдай жасауға міндетті» – делінген. Болашақ ұрпақтарға әлемдік ғылым мен
прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай
білу мүмкіндігін жетілдіру қоғамның басты міндеттерінің бірі болып табылады.[1]
Қазақстан Республикасының гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында: «Білім берудің
гуманитарлық сипаты, онда адам тек зерттеу объектісі ғана емес, ең алдымен, шығармашылыққа
құлшынысымен оқушылардың баурап жететін субъектісі ретінде көрінуімен бедерленеді»,- делінген.
Білім беруде оқушы мұғалімнің объектісі ғана емес, білімді меңгеруде жеке субъект ретінде көрінеді.
Жоғары сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетке дайындығын қалыптастыру үшін мұғалім
белсенділігі, шығармашылық ізденісі, шәкірттерінің жас және жеке ерекшелігімен қатар оның неге
қызығатынын жете білуі маңызды болмақ.емес. [1]
Жоғары сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетке дайындығын қалыптастыруды
нақты теориялық және практикалық мәселе ретінде зерттеу қажеттігі бүгінгі білім берудің басым
бағыттарына байланысты олардың жас және жеке ерекшелігіне сәйкес шығармашылықпен ізденуде,
кез келген жағдаятта ұтымды шешім қабылдаудағы психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерімен
түсіндіріледі.
«Шығармашылық» деген сөздің төркіні, этимологиясы «шығару», «ойлап табу», дегенге келіп
саяды. Мәселен, философиялық сөздікте шығармашылыққа
«қайталанбайтын, тарихи – қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс- әрекет» де-
ген анықтама берілсе, көрнекті кеңес педагогы И.Я.Лернер: «адамның іс- әрекеті әлеуметтік мағынаға
ие болу үшін білім, оны жүзеге асыру тәжірибесі ғана емес, шығармашылық тәжірибесі де керек»,- деп
тұжырымдайды. [2]
Яғни шығармашылық – білім, білік, дағдыны жаңа жағдайда тасымалдай білуді, объектінің жаңа
қызметін көре білуді, жаңа шешім табуды белгілейді. Әр адам өзінің
«Менін» сезінуге, толықтыруға, сыртқы әлеммен әлеуметтік қарым-қатынастарда өз орнын
табуға, өзін шығармашылықпен өзгертуде белсенділік танытуға ұмтылады. Шығармашылық – адамның
ойлауының және өзбетінше әрекетінің жоғарғы формасы.
Американдық психологтардың анықтамасы бойынша шығармашылық дегеніміз- бұл, тани білу,
жаңа бір нәрсені анықтауға ұмтылу және өз тәжірибесін терең түйсіне білу қабілеті. Шығармашылық
психологиялық тұрғыдан алғанда, нәтижесінде жаңа материалдық рухани құнды дүние тудыратын
әрекет.
Ал педагогикалық тұрғыдан шығармашылық дегеніміз-адамның белсенділігі мен өз бетінше
жұмыс істеуінің жоғары түрі және ол әлеуметтік қажеттілігі мен өзінің ерекшелігімен бағаланады. Ең
166
Наука и жизнь Казахстана. №3 2020
167
бастысы, шығармашыл тұлғада шығармашылыққа деген тұрақты қажеттілік, тұрақты сұраныс болып,
өз ісіне қанағат табу сезімі болуы қажет.
Осыған орай адам идея, жаңалық аштым деп ойлайды, ал шын мәнінде олар адамды ашады деген
ғалымдардың пікірінің дұрыстығына көз жеткізе түсеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |