Қазақстанның ғылымы мен өмірі. №3 2020
174
Мұғалім оқушыларға центрлері бір-бірінен шағын қашықтыққа алыстатылған концентрлік
шеңбердің екі түрін сызуды ұсынады (сурет 2). Шеңберлердің радиустарының ұзындығын арттыра
отырып, оқушылар тиісті жұп шеңбердің қиылысу нүктелері бір түзуде жататынын анықтайды. Бұл
оқу эксперименті өте тиімді; Бұл оқу эксперименті өте тиімді; түзуді тікелей өткізу мүмкіндігі мен
қажеттілігі өте табиғи пайда болады. Оқушылар үлкен қиындықсыз осы түзудің барлық нүктелері
центрлерден бірдей қашықтықта орналасқандығын және бірдей радиустағы сол түрдегі әрқандай
шеңбер жұптары қиылысу нүктелерін дәл сол түзуде беретіндігін анықтайды.
Сызғышты (түзу сызық пен кесінді) енгізудің табиғи сәті
келеді. Түзу және кесінді (оның қарапайым моделі – сызғыш)
енді құрал ретінде пайдаланылады, қазіргі жағдайда екі центрді
қосу үшін. Осылайша толықтырылған фигура оқушыларды жаңа
дербес жаңалықтарға алып келеді: шеңберлер, егер олардың
радиустары центрлер арасындағы қашықтықтың жартысынан
үлкен ұзындыққа ие болса, қиылысады; олардың центрлерінің
сызығы, олардың симметрия осі болып табылады, бұрын
салынған түзудің кейбір бөліктері центрлердің осы сызығымен
екі конгруэнтті бөлікке бөлінеді және т. б.
Симметрияның пайымдаулары оқушыларға түзулердің қиылысу нүктесіндегі бұрыштары
конгруэнтті, ал иілу олардың бір-біріне салынуы мүмкін екеніне көз жеткізеді.
Мұғалімге тек тік бұрыш, перпендикуляр туралы түсінік және оларға сәйкес терминдер енгізу
ғана қалады.
Мұғалім оқушыларға бастапқы шеңберге және оған іштей сызылған, мысалы, алтыбұрышқа
қайта оралуды ұсынады (сурет 3), оны тек бір циркулдің көмегімен толық құруға болмайды, бірақ
оның төбелері бұрын табылған. Жаңа фигура — алтыбұрыш және оның диагоналдары оқушылар
алдында жаңа ұсыныстар үшін кең мүмкіндіктер ашады және сонымен бірге оларды көпбұрыштардың
әртүрлі түрлерімен (тең қабырғалы үшбұрышпен, ромбпен, тең бүйірлі трапециямен, тік бұрышты
үшбұрышпен және т.б.) таныстырады, фигуралардың центр айналасында
айналуы арқылы тағайындалатын сәйкес фигуралардың конгруэнттілігі ұғымымен таныстырады.
Осы нақты фигуралар мен қасиеттерден абстрагия жасай отырып, оқушылар өз тұжырымдарының
бастапқы шеңбердің өлшемдерінен, алтыбұрыштың бірінші төбесінің қалпынан, шеңбердің центр
төңірегінде айналуынан, осы шеңбердің қағаз бетінде немесе кеңістікте орын ауыстыруынан тәуелсіз
болуын қарастырады.
Зерттеудің келесі фазасы сол радиусты, центрі алтыбұрыштың төбелерінің бірінде орналасқан
шеңберді пайдаланумен байланысты. Бұл жағдайда алтыбұрыштың диагоналдарының бірі ортақ
хорда болады. Тапсырма шеңбердің бірінің белгіленуімен және екінші шеңбердің радиусы өзгеруімен
әрі қарай дамиды. Хорда және диаметрге қатысты нәтижелер пайда болады (хорданың қақ бөлінуі,
ортогоналдық, ұзындығы центрден қашықтықтың монотонды функциясы ретінде және т.б.).
Үшбұрыштың құрылу шарттарын, оның симметриясын және т. б. анықтау мүмкіндігі келіп шығады.
Оқу уақытының, бағдарлама мен оқулықтың қатаң шектерімен құрсауланған кәдімгі оқытуда
оқушылардың бағдарламалық материалды оқу кезінде осындай кең және соншалықты еркін іздестіруге
жол берілмеуі екіталай; оқушылар осындай іздеуде алға алысқа бара алады, мұнда олардың білімін
жүйелеу өте қиын болады. Алайда, оқушылардың шығармашылық іс-әрекетінің осы түрдегі фрагменттері,
сыныптан тыс сабақтар туралы айтпағанның өзінде, математика сабағы үшін әдеттегі болуы тиіс.
Математикалық ойлауды сипаттау кезінде оқушылардың математикалық ойлау стилі деп
аталатын тәрбиесіне назар аударған жөн[1].
Мектептегі оқыту тәжірибесінен ойлаудың математикалық стилін құрайтын ойлаудың кейбір
сапасын нақты мысалдармен сипаттаймыз.
1. Ойлау икемділігі сипатталады:
Достарыңызбен бөлісу: