Наука и жизнь Казахстана. №3 2020
171
толыққанды өмір сүру үшін рухани күш беру – білімнің басты мақсаты. Сондықтан, оқушылардың
шығармашылық іс – әрекетін анықтау, оны дамыту мәселелеріне көңіл аудару керек. Бұл технология
пәні сабағында және сыныптан тыс жұмыстар барысында технологиялық жүйе негізінде орын алады.
Осыған байланысты оқушыларды шығармашылық іс-әрекетке дайындау оқытудың барлық процесінде
жүзеге асуы қажет.
Шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру мәселелерін шешу кәсіби білім беру процесін зерттейтін
құбылыстың мәнді сипаттамасын білуден басталады. Оқушы іс- әрекеттің субъектісі қоршаған дүниені
шығармашылық көзқараспен жұмыс барысын жоспарлайды, іс-әрекеттің нәтижелі болуы үшін барлық
мүмкіншілікті пайдалана отырып, алдына қойған мақсатына жетуді жүзеге асыруды ойлайды.
Адам шығармашылық жұмыспен шұғылданған кезде, оның бойындағы барлық рухани күштер
іске қосылады, таным, түйсік, пайымдау, оқу мен практика кезінде жинақталған шеберліктері, әсіресе,
қиял арқылы ойлау процесі шығармашылық жұмыста өз нәтижесін береді. Демек, шығармашылық іс-
әрекет оқу мен тәрбиелеудің белгілі бір мақсатты көздеген жаңашыл техникалық нысандарды жасау
құралы ретінде қарастырылады.
Кез – келген кәсіби іс-әрекетте шығармашылықтың бір көрінісі болады, яғни ғылыми
шығармашылық табиғи мәнді кемелденудің жемісі, жалпы алғанда құрылымдық деңгейінің
жоғарылауы. Демек, болмыс заңдылығынан адамзатты шығармашылыққа жетелейтін реттілік пайда
болады: қозғалыс – даму – орындау – шығармашылық. Шығармашылық нәтижесі іздену барысын-
да пайда болатын затта, іс-әрекетте және ойда орындалады. Олай болса, шығармашылық адам іс-
әрекетінің барысы тәрізді маңызды сипатта болады.
Шығармашылық жаңаның, бұрынғыны қайталамайтын ойлау қабілетінен туындаған өнімнің
пайда болуына жеткізеді. Шығармашылықты танып білудің жолдары философияда, психологияда
және педагогикада қарастырылған.
Психологтардың пайымдауы бойын ша шығармашылық барысын мына компоненттер құрайды:
– дәстүрлі емес жауапты талап ететін сұрақ қоюға қабілет;
– туындаған мәселерді көру ептілігі;
– логикалық және математикалық түрінде құрылған ойды бейнелеу;
– көркем–графикалық, заттық және басқа құрылымда мысалы, сәндік–қолданбалы сипатта
шығарманың құрылуы, бұйымның қандай болмасын түйіндерін өңдеуде жаңа технологияларды іздестіру;
– туындаған бейнелерді жасауда пайда болған ойларды қорытындылау қабілеті.
Сабақ барысында оқушылардың шығармашылық іс-әрекетке қажетті ақыл-ой дамуы жүреді.
Ақыл-ой дамуының жолдарына:
– еңбек іс-әрекетіне байланысты білімдерді игеру;
– логикалық ойлаудың дамуы;
– интелектуалды ептіліктер мен дағдылардың қалыптасуы;
– оның ішінде өзінің жұмысын жоспарлай білуі;
– оны жүзеге асыру үшін сәйкес құралдарды таңдау (қажетті материал, құрал- саймандарды)
еңбектік тапсырмалардың орындалуы тәсілдерін дұрыс табу мәселелері қарастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: