Қазақ тілі в1 деңгей пәні бойынша Барлық бағыттардағы факультеттердің орыс бӛлімдеріне арналған



Pdf көрінісі
бет52/77
Дата17.10.2022
өлшемі1,6 Mb.
#43674
түріБағдарламасы
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   77
Байланысты:
(В1 денгей) 2020-2021

 
 
Оқылым: 
2-тапсырма
ЕХРО туристік саланың тамырына қан жҥгіртті. Кӛрмеге 
келген қонақтардың қай-қайсысымен сӛйлессеңіз де, кең байтақ 
Қазақстан туралы тҥсініктерін толықтырып, қазақ халқының 
мәдениеті мен тарихы жайлы тың мағлҧмат алғандарын айтады. 
Қазір мҧнайлы ӛңір Атыраудың кӛрікті орындарын кӛруге 
барған мейман кӛп.
Америкалық 
Майкл 
Аленнің 
Атырауға 
деген 
қызығушылығы ерекше. Банджо аспабын жетік меңгерген 
музыкант және ӛлкетанушы журналист ретінде ол ӛзі болған 
жерлерде халықтық саз аспаптары мен тарихына жете мән 
береді. «Себебі музыка тілі ортақ. Ол арқылы халықтың жанын 
тҥсінуге болады», – дейді. Айтқандай, жақында Астанада ӛтіп 
жатқан дҥниежҥзілік кӛрмені аралап қайтты. Майкл Ален, 


91 
турист (АҚШ): - Мен кӛрмеде 4 шілде кҥні болдым. Бҧл кҥн 
Американың ҧлттық мерекесіне тҧспа-тҧс келді. Мҧнда 
жергілікті және америкалық ӛнерпаздар концерт берді. Бҧл ӛте 
есте қаларлықтай сәт еді. Мен тҧңғыш рет қобыз бен 
домбыраның сазын тыңдадым. Жалпы мен жҧмыс істеп жатқан 
Атырау ӛңірі кҥй мектебінің бесігі саналады. Және белгілі 
жырау Қашағанның туған Отаны.
Роба ван Звайнтерн – Нидерланд Корольдігінің азаматы. 
Голландиялық туристі Қазақстанның қайталанбас ғажайып 
табиғаты қызықтыратын сыңайлы. Роб ван Звайтерн, турист 
(Нидерланды): - Бҧрын мен Қазақстанды тҧрмысқа қолайсыз, 
қҧм басқан ел деп ойлаған едім. Ал бҥгін ЕХРО кӛрмесі арқылы 
оның таңғажайып табиғатының куәсі болып отырмын. 
Шынында да алуан тҥрлі жануарлар әлемі мен табиғи ҥйлесім 
мені таңқалдырды. Мҧны тҥсіну ҥшін тек кӛзбен кӛру керек 
секілді. 
Қазақстан ғажайыптарын терең тҥйсінген тағы бір 
турист – ресейлік Алексей Пластинкин. ЕХРО-дан ерекше әсер 
алған жиһанкез Қазақстан туралы тҥсінігінің жаңа деректермен 
толыққанын мойындайды. Алексей Пластинкин, турист (Ресей):
- Мені Қазақстанның бай тарихы таң қалдырды. Мҥмкін 
мен әзірге оның аз ғана бӛлігін тамашалаған шығармын. 
Сондықтан осы бай ӛлкені тағы да асықпай араласам деймін. 
Соның ішінде Тҥркістанда болу – басты арманым. Атырау 
тарихи ӛлкетану музейінде болған меймандар енді ЕХРО-ға 
арналған арнайы жоспар арқылы мҧнайлы ӛңірді аралап кӛрмек. 
Сапар барысында олар «Ақжайық» табиғи қорығы, 12-15 
ғасырдағы батыстағы бас қала, қазақ хандығының алғашқы 
астанасы «Хан ордалы Сарайшық» қаласының орындарын 
аралайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет