Байганова А. М., Наурызова Н. К. Информатиканы оқыту әдістемесі (оқу құралы) Актобе, 2020



Pdf көрінісі
бет15/92
Дата18.10.2022
өлшемі1,47 Mb.
#43818
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   92
Байланысты:
ОҚУ ҚҰРАЛЫ Инф оқыту әдістемесі

 
 
Жалпы білім беретін орта мектептерінде барлық пәндер бойынша 
оқушыларен оқу тәрбие жҧмысын жҥргізудің ең негізгі формасы сабақ. 
Мектептегі сабақ жалпы оқытудың класс сабақтық сипаттамасының негізін 
қалайды. Оған тән белгілер (класс сабақ жҥйесіне): 
1.оқушылар тобы қҧрамының тҧрақтылығы; 
2. әрбір кластағы оқыту мазмҧнының қатаң анықталғандығы; 
3. тҧрақты сабақ кестесіінің болуы; 
4. оқушы мен коллективті хәне жеке тҥрде жҥргізілетін жҧмыстардың 
бірлігі; 
5. мҧғалімнің жетекшілік ролі; 
6. оқушылар білімін жҥйелі тҥрде тексеру және бағалау; 
Жалпы класс сабақ жҥйесі чех халқының педагогі Я.А.Коминскийден бастау 
алған. Сонан бері тәжірибелер жинақталып бірнеше тҥрлері пайда болды 
(белльланкастерлік тҥрі, мангейм жҥйесі, дальтон жоспары, трамп жоспары) . 
Әрбір сабақтың ӛзіне тиісті мақсаты, міндеті, бағыт бағдары және 
логикалық жағынан аяқталған болуы керек. Информатикамен ЕТК - н
мектепке енгізгеннен бергі уақытта жиналған тәжірибе бҧл пәнді оқыту ҥшін 
бҧрыннан қолданылып жҥрген оқыту формалары: ҥй тапсырмасын тексеру, 
зертханалық 
сабақ, 
бақылау 
жҧмыстары 
т.б. 
пайдаланудың 
дҧрыстығынкӛрсетіп отыр, дегенмен оқыту процесінде ЭЕМ сын пайдалану 
оқытуды ҧйымдастырудың жаңа формаларын, әдістерін іздестіруді талап етіп 
отыр. 
Сабақтың басты белгісі: оның дидактикалық мақсаты, яғни 
оқытушының алға қойған жоспарын кӛрсетеді, осы белгінің негізінде 
сабақтың типі анықталып, сарапталады. Дидактикада сабақ дегеніміз: 

жаңа сабақ ( жаңа материалды тҥсіндіру, оны оқып ҥйрену); 

оқушылардың шеберліктерін және дағдыларын дамыту, яғни 
білімді бекіту және ол білімді қолдана білу іскерлігің шыңдау 
сабағы; 

ӛтілген материалды қайталау және жҥйелеу; 


26 

білімді бақылау және тексеру; 

қҧрама сабақтар (комбинированные уроки); 
Ал ӛмірде кӛбіне аралас сабақ тҥрі кеңінен қолданылады. Сабақтың 
тҥрлерінтараластыра қолдану жаңа білімді сапалы, әрі жылдам қабылдауды, 
кері байланысты және педагогикалық процесті басқаруды, бағаларды 
кӛбейтуді, 
оқытуды 
жекеше 
ҧйымдастыруды 
қамтамасыз 
етеді. 
Информатикадан ӛтілетін сабақтардың ӛзіндік дидактикалық ерекшеліктері 
бар. ЭЕМ ді қолдану мӛлшеріне қарай ҥш т
Ал ИжЕТН сабағын оқытуды ҧйымдастыруда ескеретін нәрсе әрбір 
сабақта оқушылар ЭЕМ-мен жҧмыс істеуі тиіс. ЭЕМ ның сабақта қолдану 
ҧзақтығына байланысты тағы да классификация жасауға болады: ИжЕТН 
курсының конкурстық программасында ЕТК нің сабақта (М.П. Лапчик 
информатика курсы бойынша ӛтілетін сабақтарды) қолданудың ҥш тҥрі
кӛрсетілген: демонстрация, фронтальдық зертханалық жҧмыс, практикум. 
Демонстрация Мҧғалім демонстрациялық экрандарды пайдаланып 
сабақтың мазмҧнына сәйкес қажетті элементтерді (мысалы, программадан 
фрагменттер, блок схемелар, текстер) оқушыларға кӛрсетіледі. Мҧны 
орындағанда мҧғалім ӛзінің жҧмыс орнында отырады, ал оқушылар оның 
қимылын бақылап тҧрады немесе ӛз жҧмыс орындарында оны қайталап 
отырады. 
Кейбір 
жағдайларда 
дайын, 
арнайы 
демонстрациялық 
программаларды оқушының жҧмыс орнына жіберуге болады, мҧнда 
оқушылар ӛзбетінше жҧмыс жасайды. Қазір ДЭЕМ ның графикалық 
мҥмкіндіктері дамыған сайын компьютердің кӛмегімен жҥргізілетін 
демонстрацияның да дидактикалық мҥмкіншіліктері, маңызы артып келе 
жатыр. Сонымен демонстрацияның атқаратын міндеті оқушыларға жаңа 
информацияны хабарлау. 
Фронтальды лабораториялық жұмыс Барлық оқушылар ӛз жҧмысын 
орнында мҧғалімнің жҧмыс орнынан жіберілген программамен жҧмыс 
жасайды, зертханалық жҧмыстың атқаратын дидактикалық қызметі: 
1. оқытушы программаның кӛмегімен жаңа материалды тҥсіндіру 
(обучающие программы); 
2. жаттықтырушы программаның (программа тренажер) кӛмегімен 
мҧғалімнің тҥсіндірген жаңа материалын бекіту; 
3. тексеруші программаның (контролирующие программы) кӛмегімен 
игерілген білімді тексеру; 
Фронтальды зертханалық жҧмыс кезіндегі мҧғалімнің міндеті 
локальдік жҥйенің кӛмегімен оқушының жҧмысын бақылап отыру, қажет 
болғанда кӛмек кӛрсету. 
Практикум оқушылар мҧғаліммен ӛзбетінше , жеке жеке 
тапсырмалар алып бір-екі сабақ бойы тапсырманы орындайды. Тапсырманың 
кейбір бӛліктерін сабақтан тыс уақытта, кӛбінесе ҥйде орындайды. Мҧндай 
тапсырмалар ереже бойынша курстың белгілі бір бӛлімін аяқтаған соң 
беріледі. Оқушылар қай уақытта машинамен жҧмыс іст еу керек, қай уақытта 
кітаппен жҧмыс істеу керек ӛздері шешеді; мҧғалім практикум кезінде 


27 
оқушының ЕТК гі жҧмыс уақыты тиісті нормадан асып ктпеуін қадағалауы 
керек. 
Информатика курсының дидактикалық ерекшеліктері осы пәнді 
оқыту барысында жҥргізілген алғашқы эксперимент кезінде байқалды
(Первин Ю.А.) ЭЕМ де тҧрақты жҧмыс істету арқылы оқушыларды 
программалауға ҥйрету жақсы кӛңіл кҥй жағдайында ӛтеді, себебі ДЭЕМ да 
тапсырмаларды дҧрыс орындаған оқушы ӛзін сол ақылды машинаның 
қожасы ретінде сезінеді; бҧдан оқушыларда ӛзіне ӛзі сезімділік пайда болады 
да, ол ӛзінің білетінін басқаға ҥйреткісі келіп тҧрады. Пәннің ӛзіндік 
ерекшелігі оқушылар кҥнделікті сабақта бірімен бірі сӛйлесіп, пікір алысуға, 
тәжірибе алмасуға уақыт тығыз, мҧндайжағдайды болдырмауға жас 
программисттердің жазғы, қысқы мектептері, компьютерлік клубтар
олимпиадалар кӛмекке келеді; осындай жиындарда оқушылар жас 
айырмашылықтарына қарамастан тӛменгі класс оқушысының жоғарғы 
классоқушысына, оқушының студентке, студенттің мҧғалімге консультация 
беретін жағдайлары кездесіп жатады. Сол сияқты коллективті тҥрде жҧмыс 
жасауына (бір ҥлкен есепті бірнеше оқушының шығаруы немесе бір 
проблема ҥшін бірнеше оқушының жҧмыс жасауы) оқушылармен жеке 
жҧмыс жасауға жағдай туғызудың кӛп мҥмкіншілігі бар. 
Информатикадан оқу сабақтарын дидактикалық функциясы бойынша 
топтауға болады: 
1- түрі сабақ. 
Сабаққа тән дидактикалық функциялары оқу бағдарламасында білім 
кӛлемін беру; негізгі іскерліктерді қалыптастыру: оқулықпен, анықтамалық 
әдебиеттермен және т.б. жҧмыс істеу, бақылау жҥргізу, қорытынды жасау, 
есептер шығару. 
2-түрі лекция (теориялық оқыту) 
Қандайда бір проблема бойынша ҧғымды беру; тақырып немесе тарау 
бойынша білімді қорытындылап, жҥйелеу, лекция жазу, жоғарғы оқу 
орнындағы оқу тҥріне дайындау іскерлігін қалыптастыру. 
3-түрі Семинар (теориялық оқыту) 
Ӛтілген тақырып, бӛлім бойынша білімді жалпылап, жҥйелеу; қосымша 
әдебиеттермен жҧмыс істеу іскерлігін жетілдіру, әр тҥрлі әдебиеттермен 
мақалалардағы баяндалған материалдарды салыстыра білу, ӛзінің кӛзқарасын 
айта білу және негіздей білу іскерлігі реферат, тезис, баяндамалар жоспарын 
және хабарламалар жазу; оқылғанды конспектілеу, кӛшірме жасау және оны 
ӛзінің білімін дәлелдеу ҥшін пайдалану. 
4-түрі Конференция (теориялық оқыту) 
Ӛтілген материалдар бойынша білімді тереңдетңп, кеңейту, қосымша 
информация кӛздерімен жҧмыс істей білу іскерлігін дамыту оқыған 
материалы жӛнінде баяндама немесе хабарлама жасау; қосымша 
әдебиеттермен ӛзбетімен жҧмыс істеуге тәрбиелеу. 
5-түрі әңгімелесу (теориялық оқыту) 


28 
негізгі оқу материалынан нені меңгергенін анықтау; біліміндегі 
олқылықтарды ашу және тҥзетулер енгізу, пән бойынша ӛз бетімен жҥйелі 
жҧмыс істеуге жетелеу; 
6-түрі консультация (теориялық оқыту) 
білім мен іскерліктеріндегі олқылықтарды жою, меңгерілген білімін 
нақтылау, оқу процесінде пайда болған сҧрақтарға жауап беру, оқу іс 
әрекетінің меңгеруге кӛмек кӛрсету; 
7- түрі фронтальдық лабораториялық жұмыс 
оқушылардың программалық қамтамасыз етумен жҧмыс істей білу 
іскерлігін қалыптастыру (жаңа материалды меңгеру, бекіту, меңгерілген 
материалды тексеру), жеңіл есептерді орындау, ӛз бетімен эксперимент 
нәтижелерін тіркеп, оның ӛорытындысын тҧжырымдау; 
8-түрі практикум
кҥрделі программалармен және ПҚ дің қосымшаларымен жҧмыс істей 
білу іскерлігін қалыптастыру, ӛз бетімен зерттеу жҥргізе білу іскерлігін 
қалыптастыру;
Информатика сабағын ұйымдастыру түрлері 
Компьтердегі оқу процесі ҥш аспектіні қамтиды: 
1. оқушының оқу танымдық іс әрекетін басқару; 
2. оқушының информациялық процестерді басқаруы; 
3. оқушының жеке тҧлғалық қасиеттерін қалыптастыру және дамыту; 
Аталған аспектілерге сәйкес: 
1) оқу танымдық процесті ҧйымдастырудың тҥрлері класс- сабақ 
жҥйесі және т.б. 
2) оқытуды ҧйымдастырудың тҥрі: дербес, фронтальды, коллективтік, 
топтық; 
3) тәрбие жҧмысын ҧйымдастыру тҥрі болып бӛлінеді. 
Оқыту тҥрін таңдау аса маңызды мәселе болып табылады, сабақтың 
мақсаты оқытушының таңдаған әдісіне байланысты, ондай әдістің бес тҥрін 
келтіруге болады: 
1. тҥсіндірмелі иллюстрациялық; 
2. программаланған; 
3. модельдік; 
4. эвристикалық; 
5. проблемалық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет