Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тілін меңгертудің әдістемесінің негізін қалаған ғалым-әдіскер екендігін бүгінгі ұрпаққа қалдырған әдістемелік мұраларынан белгілі. Ұлы ұстазымыздың өз заманында қарапайым қазақтың сауатын ашқан «Әліппе», «Сауат ашу», «Тілашар» т.б. оқу-құралдары күні бүгінге дейін әдістемелік және тілтанымдық тұрғыдан өз мәнін жоймаған құнды еңбектер екені даусыз. Ғалымның «Әдіс – керекшіліктен шығатын нәрсе. Әдістің жақсы-жаман болмағы жұмсалатын орнының керек қылуына қарай» деген сөздері әрбір педагогқа бұлжымас қағида болары сөзсіз.
Бүгінгі білім беру кеңістігінде шетелдік және отандық әдіскерлер «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы, «Инсерт» стратегиясы сияқты тағы басқа оқытудың түрлі әдістерінің ерекшеліктері мен ұстанымдарын айқындап көтеріп жүр. Өткенге барлап қарасақ, бүгінгі жаңашыл деп табылған оқыту технологияларының Ахмет Байтұрсынұлының жоғарыда аталған еңбектерінен бастау алатынын атап өткен жөн болар. Бұны біз ғалымның өз заманындағы балалар мен ересектердің сауатын ашуға арналған оқу құралдарынан да, шағын мақаларынан да аңғарамыз. Мәселен, Ахмет Байтұрсынұлының бастауыш мектептеріне арналған «Әліпбиі» (Жаңа құрал) оқулығын жазуда көрнекілік, түсініктілік, жүйелілік, өмірмен байланыстылық, т.б. дидактикалық ұстанымдарды, дамыта оқыту идеясын басшылыққа алғанын анық аңғаруға болады. Себебі, автор бұл еңбекте білім белгілі бір жүйемен, ретпен берілуін ескеріп, балаға әлі келетін білімді ғана ұсынған. Баланың ойлау қабілетін дамытумен қатар, оларды іс-әрекетке жаттықтыру қажеттігін де ескерген.
Сөз өнері жайында жазылған әлемдік ғылымның ең үздік үлгілерін пайдалана отырып, әдебиеттанудағы ұғым, термин, категориялардың соны ұлттық үлгілерін жасады. Мысалы, меңзеу, теңеу, ауыстыру, кейіптеу, әсірелеу, алмастыру, шендестіру, үдету, түйдектеу, кекесіндеу, т.б. Өлеңге жан-жақты зерттеу жасап, шумақ, тармақ, бунақ, буын, ұйқас, т.б. ұғымдарға анықтама берді. Байтұрсынұлы қазақ әдебиетінің даму кезеңдерін ғылыми негізде топтап берген. «Әдебиет танытқыш» – сан-салалы әдебиет табиғатын жан-жақты ашып, талдап-түсіндірген ғылыми- зерттеді. Байтұрсынұлы «Әдебиет танытқышымен» қазақ әдебиеттану ғылымының негізін салды. Сондай-ақ ол – әдебиет тарихының мұрасын, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаған зерттеуші ғалым. Көркемдігі айрықша «Ер Сайын» жыры (1923) мен қазақ тарихының төрт жүз жылын қамтитын «23 жоқтау» жинағын (1926) кітап етіп шығарды. Халық мұрасына үлкен жанашырлықпен қараған Ахмет Байтұрсынұлы «әдебиет тіліне негіз етіп ел аузындағы тіл алынбаса, оның адасып кететіндігін» айтты.
Байтұрсынұлы әліпбиі қазақ тілінің табиғатына бейімделген араб жазуы негізінде жасалды. Ол Қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінде (Орынбор, 1924), құрылтайында (Баку, 1926) араб жазуындағы әліпбидің қажеттілігін, құндылығын жан-жақты тұжырыммен дәлелдеген ғылыми баяндама жасады. Бұл әліпби ұлттық жазудың қалыптасуындағы ірі мәдени жетістік болып табылады. Ол халыққа ғылым-білімнің қажеттілігін түсіндірумен ғана шектелмей, білім беру ісін жолға қоюға күш салды. Орыс, татар мектептерінен оқып шыққан ұлт мамандарының өз тілін қолданудағы кемшіліктерін көріп: «Әр жұрттың түрінде, тұтынған жолында, мінезінде қандай басқалық болса, тілінде де сондай басқалық болады. Біздің жасынан не орысша, не ноғайша оқыған бауырларымыз сөздің жүйесін, қисынын нағыз қазақша келтіріп жаза алмайды не жазса да қиындықпен жазады, себебі, жасынан қазақша жазып дағдыланбағандық» деп жазды. Байтұрсыновтың «Оқу құралы» (1912) – қазақша жазылған тұңғыш әліппелердің бірі. Байтұрсынұлы қазақ тілінің тазалығын сақтау үшін қам қылды. Өзі жазған «Өмірбаянында» (1929): «…Орынборға келгеннен кейін, ең алдымен, қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысын зерттеуге кірістім; одан кейін қазақ әліпбиі мен емлесін ретке салып, жеңілдету жолында жұмыс істедім, үшіншіден, қазақтың жазба тілін бөтен тілдерден келген қажетсіз сөздерден арылтуға, синтаксистік құрылысын өзге тілдердің жат әсерінен тазартуға әрекеттендім; төртіншіден, қазақ прозасын жасанды кітаби сипаттан арылтып, халықтық сөйлеу тәжірибесіне ыңғайластыру үшін ғылыми терминдерді қалыптастырумен айналыстым» деген. Б. қазақ мектептерінің мұқтаждығын өтеу мақсатында қазақ тілін пән ретінде үйрететін тұңғыш оқулықтар жазды.
Алаш ардагері, қоғам қайраткері, ақын, әдебиеттанушы теоретик ғалым, ғұлама әдіскер Ахмет Байтұрсынұлының шәкірті Телжан Шонанұлымен бірге жазған «Оқу құралы» оқырмандар қолына тұңғыш рет 2004 жылы қазақ әрпіне түсіріліп, ұсынылған еді. Сол кітап түпнұсқамен қайта салыстырылып, толықтырылды. Бұл хрестоматиялық еңбек бастауыш мектеп оқушыларына қазақ тарихы, әдебиеті мен қазақ тілі, жағырапия, шаруа-кәсіп және жаратылыстану, т.б. ғылым салалары бойынша санқырлы мағлұматтар береді. «Оқу құралы» үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім «Әдебиет, тұрмыс, еңбек», ал «Ғылым» атты екінші бөлім жеткіншектер ұғымына қажетті ғылыми ақпараттармен толықтырылған. «Дүние» деп аталған үшінші бөлім жаратылыстану тылсымдарымен таныстырады. Әдістемелік тәсілі мен тілі ұлттық дүниетанымға сәйкес келетіндіктен оқулық өте қызықты оқылады. Сондықтан «Оқу құралы» мектеп оқушылары мен оқытушыларына, жоғары оқу орындарының ұстаздары мен студент жастарға, жалпы оқырман қауымға арналады.
«Әдебиет танытқыш» атты зерттеуі (1926) қазақ тіліндегі тұңғыш іргелі ғылыми-теориялық еңбек. Байтұрсынұлы әдебиет тарихына, теориясы мен сынына, методологиясына тұңғыш рет тиянақты анықтама беріп, қазақ әдебиеттану ғылымының жүйесін жасады. Сөз өнері жайында жазылған әлемдік ғылымның ең үздік үлгілерін пайдалана отырып, әдебиеттанудағы ұғым, термин, категориялардың соны ұлттық үлгілерін жасады. Мысалы, меңзеу, теңеу, ауыстыру, кейіптеу, әсірелеу, алмастыру, шендестіру, үдету, түйдектеу, кекесіндеу, т.б. «Әдебиет танытқышта» ақындық дарын табиғаты, шығарм. психологиясы, шабыт стихиясына ғылыми тұжырым берілді. Өлеңге жан-жақты зерттеу жасап, шумақ, тармақ, бунақ, буын, ұйқас, т.б. ұғымдарға анықтама берді. Байтұрсынұлы қазақ әдебиетінің даму кезеңдерін ғылыми негізде топтап берген. «Әдебиет танытқыш» – сан-салалы әдебиет табиғатын жан-жақты ашып, талдап-түсіндірген ғылыми- зерттеді. Байтұрсынұлы «Әдебиет танытқышымен» қазақ әдебиеттану ғылымының негізін салды. Сондай-ақ ол – әдебиет тарихының мұрасын, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаған зерттеуші ғалым.
Кейіннен А.Байтұрсынұлы 1926 жылы «Әліп-би (Жаңа құрал) атты жаңа еңбегін басып шығарды. Бұл әліппе осы күнде кеңінен қолданылатын «суретті әліппе» негізінде шығарылған. Еңбек 1926 жылы Қызылордан 116 беттік кітап болып жарық көрген. Кітапта 128 сурет қолданылған. 1927 жылы «Әліп-бидің (Жаңа құрал)» екінші баспасын Қызылорда, Ташкент қалаларындағы баспа үйлері, 1928 жылы үшінші баспасын Қызылорда баспа үйі 20 000 дана етіп шығарған.
Кітаптың үйрету әдісін екі бағытта алып қарауға болады:а) Әліппе және оқып үйрену әдісі.А.Байтұрсынов кітапта қазақ әліппесінің соңғы нұсқасын берген. Кітапта арабша жазуды қолдана отырып, сөздердің оқылуына оңай болғанымен, қазақша сөздердің оқылуын қиындадатын «усул-и техежжи» (әріптерді буынға бөліп оқып үйрену) әдісі емес, «усул-и сафти» әдісі (әріп пен сөздерді буынға бөлмей оқу) қолданылған. Осылайша А.Байтұрсынұлын сол жылдардағы «усул-и жадид» деп аталатын әдісті білім беру саласына қосып, білім алудағы жаңашыл көзқарасты қолдаған қайраткер ретінде көруге болады.Кітапты “а”,“р”,“з” әріптерінің таныстырылуымен бастаған А.Байтұрсынұлы еңбегінде ерекше әдіс қолданған. “А” әрпіннен кейін “р” әрпінің жазылуы осы күнде қолданылған әдістерден ерекше. Кітапта жазылған алғашқы мысал “ар” сөзі. Осы сөздің бірінші мысал болып жазылуында үлкен мән бар. Өйткені қазақтар амандасқан кезде «армысыз» сөзін қолданады. Осы сөз «ар» сөзімен тікелей байланысты.А.Байтұрсынұлы әр оқушының үйрену деңгейін назарға ала отырып, әріптерді үйрету барысында жаңылтпаштардан мысалдар келтіріп отырған. Мысалы «о» әрпінен кейін “Зор Ораз, Ор Ораз,Ораз орар, аз орар”, “т” әріпінен кейін “Астан ас асат. Асаттар ас асатыр. Асат, аз асат! Сарт, сазан тазарт” т.б. [1;12].А.Байтұрсынұлы бұл еңбегінде негізінен балаларға таныс сөз бен сөйлемдерге, мәтіндерге орын берген. Осы мәтіндерде арабша, парсы және орыс тіліндегі сөздер қолданылмаған.б) Мәтіндер және мәнерлеп оқуды дамыту әдісі.Бұл кітаптың негізгі ерекшеліктерінің бірі-дидактикалық мәтіндердің жинақталуы. Осы мәтіндер оқушылардың назарын аудара отырып, олардың оқуға деген талпынысын арттыра түседі. Әріптер мен мәтіндер ретімен жазылғанда ғана оқушылардың меңгеруі жеңіл болады. Сонымен қатар білім берудегі мағлұматтарды аздан- көпке, белгіліден- белгісізге, оңайдан- қиынға қарай ретімен берген. Әдіскер М.Жұмабаев Ахмет Байтұрсынұлы әліппесінің дыбыстық, әдіспен құралғанына сілтей келе: "Бұл әлифба бойынша қалай хат танудың жолы Ахмет Байтұрсыновтың "Баяншы" һәм "Әлифба астары" деген кітаптарында көрсетілген. Мұғалімдер соларды жолбасшы қылсын",- деп жазады [2;53]. Бұл әдіскер А.Байтұрсынұлының еңбегіне берілген баға.
Ақындыққа таласы барын
А.Байтұрсынұлы «Оқу құралы»
жинағының беташары ретінде жазылған «Тарту», «Ер Сайын»
жинағына алғы сөз іспетті «
Г.Н.Потанинге тарту» өлеңдері-
мен паш етті. Бүкіл шығармашылығына терең ішкі мазмұн мен
сыртқы түрдің үйлесімділігі тəн, соған сəйкес ол туындылар-
дың сипаттары айрықша.
Байтұрсынұлы Ахмет
Алты томдық шығармалар жинағы. – Алматы: «Ел-шежіре», – 2013.
Шетелдермен байланысы
Орыс əдебиетімен етене таныс А.Байтұрсынұлының мысалжанрына көңіл бөлуі де тегін емес еді. Мысалжанрының шағынкөлемді туындылары арқылы маңызды ойлар айта білудің, оныастарлап сөйлетудің мүмкіншілігі зор екендігін жете сезінгенА.Байтұрсынұлы əлеуметтік ортаға ықпал ету үшін «Қырықмысал» жинағын 1909 жылы Петерборда жариялайды. Бұлкітапқа енген мысалдар көлемімен де, сюжеттік дамуымен деөзге сөз зергерлері туындыларынан дараланып тұрғаны айқын. Жоғарыда атап өткеніміздей, зерттеушілердің айтуы бойыншабұл мысал жанрындағы негізгізаңдылықтардың бірі: бұрыннанбелгілі сарынның негізінде дүниеге келген мысал сол автордыңшеберлігінің арқасында төл туынды болып кете беруі түсініктіжай. Оған дəлел – Эзоп, Федр, Лафонтен, Крылов мысалдары-на арқау болған сюжеттік жүйенің ортақтығы.