7
әдістемелік жҥйесі бес тҥрлі ӛзара иерархиалық тҥрде байланысқан
компоненттерден тҧрады. Олар:
пәнді оқыту мақсаты, мазмұны, әдістері,
түрлері мен құралдары (1.2-сурет).
Оқытудың әдістемелік жүйесі дегеніміз –
оқушыны оқытудың
тиімділігін арттыруға бағытталған, оқу процесінің ӛзара байланысқан
және бір-біріне себепші болатын оқыту тҥрлерінің, формаларының және
жоспарлау мен ӛткізу қҧралдарының, бақылау мен сараптаудың,
тҥзетулерінің реттелген жиынтығы [23, 322-б.].
Информатканы оқыту әдістемелік жҥйесі – оқыту тәсілдерін
алгоритмдеу, жҥйелеу, мақсатты анық тҧжырымдау негізінде мҧғалім мен
оқушылардың ӛзара әр алуан әрекеттестіктерін қамтиды.
Сондықтан
жҥйеде
үйретуші (мҧғалім) –
сабақтардың жетекшісі, ал,
үйренуші
(оқушы) –
оқу объектісі болып табылады (1.3-сурет).
Информатиканы қазіргі оқыту әдістемелік жҥйесінің ӛзіндік
сипаттамалары [27]:
- оқу процесін ғылыми негізде жоспарлау;
- теория мен практикалық дайындықтың бірлігі;
- оқу материалын оқытудың жоғарғы деңгейдегі қиындығы мен
оны жеделдете оқытылуы;
- оқушылардың белсенділігі мен ӛз бетінше ізденімпаздығы;
- жеке және ҧжымды іс-әрекетерді бірлестіру;
- оқу процесін техникалық оқыту қҧралдарымен жабдықтау;
- әртҥрлі пәндерді кешенді тҥрде оқыту тәсілдері.
Информатиканы
оқытып, ҥйретудің мақсаттары жалпы білім беретін орта және кәсіптік
бағдар беретін мектептерде тәрбиелеу мен білім берудің жалпы
мақсаттарымен, сонымен бірге ғылыми ӛзгешелігі, қазіргі қоғамдағы
және ғылымдар жҥйесіндегі алатын орнымен анықталады.
Информатиканы оқыту әдістемесі - информатика пәнін оқытудың
мақсатын (
не үшін оқытамыз?), мазмҧнын (
нені оқытамыз?),
әдістерін
(
қалай оқытамыз?)
8
анықтаумен қатар, қалай тиімді оқытуға болады? - деген мәселені
қарастырады. Бҧл мәселелердің ӛзара байланысын 3-схема т.рінде кескіндеп
кӛрсетуге болады.
Информатика курсын оқытудағы "
не үшін оқытамыз?" сҧрағы қоғам
талабына сай қойылып отыр. Қоғамдық процестер,
техника мен жаңа
ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы, тиісті информацияны ӛз
уақытында алуға деген қажеттілік, алынған информацияны ӛңдей білу осы
сҧрақтың кӛлемінде зерттеледі.
"
Не үшін оқытамыз?" сҧрағынан "
нені оқытамыз?"
деген маңызды
мәселе туындайды. Осы мәселеге байланысты теориялық материалдардың
мазмҧны, оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
анықталады. Соған сӛйкес
өкімдер, бұйрықтар, әдістемелік хаттар арқылы
оку жоспарына ӛзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
Бұйрықтар мен
өкімдер орындалуы міндетті қҧжаттар болып табылады, ал
әдістемелік
хаттар ҧсыныс ретінде беріледі.
"
Қалай оқытамыз?" - деген сҧраққа жауап беруде мҧғалімнің іс-
әрекетіне ерекше мән беріледі. Себебі, мҧғалім
оқу процесіндегі жетекші
тҧлға. Ол оқу бағдарламасын таңдайды, осы бағдарламаға сәйкес
кҥнтізбектік-тақырыптық жоспар және оған сәйкес сабақ жоспарын жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: