Ббк 8. Д13 Давлатов Саидмурод



Pdf көрінісі
бет3/134
Дата18.10.2022
өлшемі6,49 Mb.
#43839
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   134
Байланысты:
2 5332646650437436556

үшін жұмыс істейді. Бұл анықтаманы түсініп, қабылдап 
және есте сақтап алу қажет. 
Ал енді бай адамның өмір сүру тәртібін ойлап көрейік. 
Немесе дұрысы – егер мен бай болсам не істер едім деген 
сұраққа жауап іздеп көрейік. Сіздің ойларыңыз шынайы 
көрініс алуы үшін, бір бет таза қағаз алып, сегіз минут ішінде 
сіз бай болған жағдайда істегіңіз келетінін, армандарыңызды 
тізіп жазып шығыңыз. Сізде ақшаның көптігі соншалық тіпті 
оның қанша екендігі маңызды емес деп елестетіп көріңіз. 
Басыңызға келген ойдың барлығын жазыңыз, тоқтамай тіпті 
қаламды қағаздан үзбей барлығын тізіп жазып шығыңыз. 
Сіз жазуыңызды тоқтатып, үзіліс жасағыңыз келсе
қазіргі уақытта қажеттінің барлығын жаздыңыз деген сөз. 
Алайда, бұл сіздің арман мақсатыңыз емес, тек белгілі 
заттардың қажеттілігі ғана. Сіз тек үзілістен кейін ғана қол 
жеткізгіңіз келетін мақсатыңызды жаза бастайсыз. Осылай­
ша сіздің армандарыңыз шынайы көрініске айналады. Со­
нымен қатар дұрыс бағыттала білуді де ұмытпаған маңызды. 
Өзіңізді ауқатты жетістікке жеткен адам ретінде елестетіңіз. 
Және жазуды тоқтатпаңыз. 
Жазып болған соң, қанша бет жазғаныңызды есептеңіз. 
Бір бет, екі, үш? Мен өзім он екі бет жаздым. Және сол кез­
де ұстазым менде арман жоқ екендігін және мені оқытқысы 
келмейтіндігін айтты. Дегенмен, мен өзім өте маңызды зат­
тарды жаздым деп есептедім. 
Ал енді өз тілектеріңізді тыныш жағдайда, асықпай 
және жақсылап ойланып жазып көріңіз. Ойлану, толғану 
үрдісі тайгада серуендеу секілді. Бір рет өтіп, ешқандай 
із қалдырмайсыз. Екі-үш рет жүргеннен кейін із қала ба­


7
Мал муравей телом, да велик делом
стайды, бірақ уақыт өте келе жоғалады. Он рет жүргеннен 
кейін соқпақ жол қалады. Сіздің қазіргі ойланып, елестетіп 
отырғаныңыз тек алғашқы қадамдар. Сіз енді ғана байлыққа 
соқпақ жол салудасыз. 
Мұның барлығын ғылыми тұрғыда да түсіндіруге 
болады. Біздің миымыз отыз алты миллиард нейрон­
нан тұрады. Әрбір нейрон белгілі бір қызметке немесе 
түсінікке жауап береді. Егер сіз «үй» деген сөзді естісеңіз 
өз үйіңізді елестетесіз. Егер «қызыл үй» деген сөзді 
оқысаңыз, міндетті түрде қызыл үйді, қызыл кірпіштен 
салынған үйді елестетесіз. Бұл жағдайда «қызыл» сөзіне 
жауап беретін нейрон «үй» сөзіне жауап беретін нейронмен 
біріктіріледі. Егер осындай тіркесті көп рет қайталасаңыз, 
нейрондардың тұрақты бірігуі, тұрақты бейне (трафарет) 
орын алады. Келесі жол «үй» деген сөзді ғана естісеңіз де 
міндетті түрде қызыл үйді елестететін боласыз. Осылайша 
жүріп-тұру стереотипі мен ойлаудың стандарттық әдістері 
пайда болады. 
Сондықтан, 
сіз 
өзіңізді бай адам ретінде 
елестетіп, бай адамның 
сөзімен сөйлеп, бай 
адам сияқты жүріп-
тұрсаңыз, сәйкесінше 
бай адам сияқты ойла­
на бастайсыз. Ал бұл 
өте маңызды. Себебі, 
байлардың 
ойлау 
қабілеті ерекше. Көп 
ақшаға ие бола тұрып 
бай адамдар жұмыс 
істеуді 
тоқтатпайды. 
«Мен қатты шарша­
дым! Егер менде ақша 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет