Ббк 8. Д13 Давлатов Саидмурод



Pdf көрінісі
бет4/134
Дата18.10.2022
өлшемі6,49 Mb.
#43839
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   134
Байланысты:
2 5332646650437436556

Егер бай адамнан бар­
лық байлығын, барлық 
ақшасын тартып алса 
да, ол жарты жылдан 
кейін қайтадан бай­
ып кетеді. Ал егер ке­
дей адамға үлкен ақша 
берілсе, ол жарты жыл 
ішінде барлығын жұм­
сап, қайтадан кедей бо­
лады. Себебі, байлық 
немесе кедейлік – ол ішкі 
жағдай, ойлай білу, өмір 
сүре білу қалпы. 


8
Мен және Ақша
болғанда міндетті түрде демалатын едім» деген сөздер кедей 
адамның сөздері. 
Көп адамдар былай дейді: «Менде идея көп, бірақ ақша 
жоқ. Мен өте ақылдымын, өте дарындымын, тіпті даныш­
панмын. Егер менде ақша болғанда көп іс жасар едім. Бірақ 
ақша жоқ, сол үшін де шарасызбын. Ақшасыз мен ештеңе 
істей алмаймын». Ол адамдарға былай десең: «сен қимылда, 
жұмысты баста сонда ақша өзі келеді», олар былайша жауап 
береді: «бастапқы қаржысыз не істеуге болады? Сен алдымен 
маған ақша бер, содан соң мен жұмыс жасаймын, ал ақшасыз 
ештеңе шықпайды. Ақша болмаса өз ісіңді жүргізу тура­
лы армандаудың да қажеті жоқ». Мұндай адамдар бірдеңе 
істеу үшін, қол жеткізу үшін міндетті түрде ақша қажетті 
екеніне сенімді. Және аз ақша емес. Алайда, ауқатты адам­
дар туралы әлемдік тарих басқаша сыр шертеді. Жетістікке 
жеткен адамдардың өмірін, жетістіктерін зерттеу арқылы 
алған білімдеріңіз негізінде, олар ұстанған қағидалар мен 
ережелерді басшылыққа ала отырып, сіз 2-3 айдың ішінде өз 
кірісіңізді 30-70% жоғарылата аласыз. Дәл осындай білімді 
сіз осы кітапты оқу арқылы ала аласыз. Осылайша сізде өз 
арманыңызды жүзеге асыруға мүмкіндік болады. Әлемде 
ақша да, махаббат та, бақыт та жеткілікті. Бастысы оларды 
ала білу қажет. 
Сіздің осы кітаптан оқып, үйренгеніңіз сізге дұрыс емес 
болып көрінуі немесе сіздің ұстанымдарыңызға қарсы болуы 
мүмкін. Алайда, егер сіз шынымен өз мақсатыңызға жеткіңіз 
келсе және армандарыңызды жүзеге асырғыңыз келсе, білім 
алуға, түсіністікке және жаңа ақпаратты жағымды қабылдауға 
көңіл бөлуіңіз керек. 


9
лдымен аз ақшаны ұстап 
үйрену қажет, аз ақшаны 
ұстап үйренбейінше сіз 
үлкен соманы ұстай алмай­
сыз. Статистика бойынша әрбір жүз адамның он ал­
тысы ауқаттылыққа қол жеткізеді, алайда, олардың 
тек біреуі ғана сол байлықты өмірінің соңына дейін 
сақтай алады. Және дәл сол адам бай адам болып 
есептеледі. Ақшаны ұстап қалу оны табудан әлде 
қайда қиын болып табылады. 
Бай болуды қатты қалайтын адамдар үшін 
негізгі қажетті қағидаларды есте сақтаңыздар: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет