«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ Басқарма шешімінің 2020 жылдың



Pdf көрінісі
бет16/23
Дата19.10.2022
өлшемі0,65 Mb.
#44216
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23
Байланысты:
КБ модели НЗМ

Жиынтық бағалау оқу бағдарламасындағы бөлім/ортақ тақырыптар 
бойынша балл, баға қою арқылы белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан, оқу жылы, білім 
беру деңгейі) аяқталғанда мұғалімдерге, оқушылар мен ата-аналарға оқушының 
ілгерілеуі туралы ақпаратты ұсыну үшін өткізіледі.
Бұл белгілі бір кезеңде оқу бағдарламасы мазмұнын меңгеру деңгейін 
анықтауға, тіркеуге мүмкіндік береді.
Тіркеу үдерісі кезінде оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес 
оқушылардың білімін, дағдысын көрсететін дәлелдерді жинау жүзеге 
асырылады.
Жиынтық бағалау тоқсан барысында (бөлім/ортақ тақырыптар бойынша 
жиынтық бағалау), тоқсан соңында (тоқсандық жиынтық бағалау) және білім 
беру деңгейін аяқтағанда (негізгі, жоғарғы) жүргізіледі.
Жиынтық бағалау бойынша балл/деңгей/баға туралы шешімді мұғалім 
бағалау критерийлеріне сәйкес қолданады. Сонымен бірге мұғалімге әр 
оқушының жұмысы бойынша дұрыс шешім қабылдауы үшін дескрипторлар 
немесе балл қою кестелері көмектеседі. Аталған ақпарат қалыптастырушы 
бағалаудағы сияқты жоспарлау, түзету, оқу үдерісіне талдау жасау үшін 
қолданылады.
Пән бойынша әдістемелік бірлестіктерге жиынтық бағалаудың барлық 
түрлері бойынша бақылау тапсырмаларын, әдістерін, кезеңдерін көрсетіп, оқу 
жылына жиынтық бағалаудың жоспарын құрастыру ұсынылады. 
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау оқу 
бағдарламасына, оқу жоспарына сәйкес бөлім немесе ортақ тақырыптарды 
аяқтаған кезде өткізіледі. Аталған жиынтық бағалаудың нәтижесі бойынша 
оқушыларға тоқсандық баға қою кезінде есепке алынатын балдар қойылады.
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары оқу 
мақсаттарына, бағалау критерийлеріне және ойлау дағдыларының деңгейлеріне 
сәйкес құрастырылады. Жиынтық бағалауға қатысты әдістемелік ұсыныста 
бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды өткізудің тапсырмалар 
үлгілері берілген. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың 
әдістерін, тапсырмаларын мұғалімдер өз бетінше анықтайды, құрастырады.
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды ұйымдастыру, 
жоспарлау критериалды бағалау ережесіне сәйкес өткізіледі. Бөлім/ортақ 
тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың рәсімдер саны жиынтық бағалауға 
қатысты әдістемелік ұсыныста берілген: 
• жаратылыстану-ғылыми пәндер – бөлім бойынша; 
• әлеуметтік-гуманитарлық пәндер – ортақ тақырыптар бойынша;


19
 
• тілдік пәндер – сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша: тыңдалым, 
айтылым, оқылым, жазылым бойынша анықталады.
Оқу бағдарламасында көрсетілген оқу мақсаттары өтілген бөлім немесе 
ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың рәсімдер мазмұнын 
анықтауға мүмкіндік береді. Бөлім немесе ортақ тақырыптардағы бағалауға 
жататын оқу мақсаттарының саны пәндерге байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
Оқу бағдарламасының бөлімі/ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау 
тапсырмаларын құрастыру кезінде мұғалім жиынтық бағалауға қатысты 
әдістемелік ұсыныста көрсетілген үлгілерді қолдануға немесе бейімдеуге 
болады. Одан басқа, мұғалімге келесі алгоритмдерге сәйкес өз бетінше бағалау 
құралдарын құрастыру ұсынылады. 
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау - бұл белгілі бір 
материалды меңгеруді аяқтаған кездегі оқу жетістігін бағалау. Аталған 
бағалауды сабақ үстінде 15-20 минут уақытты алатындай мерзімде 
ұйымдастыру ұсынылады.
Мұғалімге бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың 
нәтижелеріне талдау жүргізу ұсынылады. Аталған талдау оқушыларға кері 
байланыс беруге, сыныптың оқу жетістігі деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. 
Оқушылардың оқу жетістігі деңгейлерінің жалпы сипаты 2-кестеде 
көрсетілген.
2-кесте. Оқушылардың оқу жетістігі деңгейлерінің сипаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет