19
• тілдік пәндер – сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша: тыңдалым,
айтылым, оқылым, жазылым бойынша анықталады.
Оқу бағдарламасында көрсетілген оқу мақсаттары
өтілген бөлім немесе
ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың рәсімдер мазмұнын
анықтауға мүмкіндік береді. Бөлім немесе ортақ тақырыптардағы бағалауға
жататын оқу мақсаттарының саны пәндерге байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
Оқу бағдарламасының бөлімі/ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
тапсырмаларын құрастыру кезінде мұғалім
жиынтық бағалауға қатысты
әдістемелік ұсыныста көрсетілген үлгілерді қолдануға немесе бейімдеуге
болады. Одан басқа, мұғалімге келесі алгоритмдерге сәйкес өз бетінше бағалау
құралдарын құрастыру ұсынылады.
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау - бұл белгілі бір
материалды меңгеруді аяқтаған кездегі оқу жетістігін бағалау.
Аталған
бағалауды сабақ үстінде 15-20 минут уақытты алатындай мерзімде
ұйымдастыру ұсынылады.
Мұғалімге бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың
нәтижелеріне талдау жүргізу ұсынылады. Аталған талдау оқушыларға кері
байланыс беруге, сыныптың оқу жетістігі деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Оқушылардың оқу жетістігі деңгейлерінің жалпы сипаты 2-кестеде
көрсетілген.
2-кесте. Оқушылардың оқу жетістігі деңгейлерінің сипаты
Достарыңызбен бөлісу: