«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ Басқарма шешімінің 2020 жылдың



Pdf көрінісі
бет4/23
Дата19.10.2022
өлшемі0,65 Mb.
#44216
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
КБ модели НЗМ

Ашықтық және қолжетімділік. Бағалау түсінікті, айқын ақпараттарды 
ұсынады, сондай-ақ, барлық оқу үдерісіне қатысушылардың қызығушылығын, 
жауапкершілігін арттырады.


6
 
Үздіксіздік. Бағалау оқушылардың оқу жетістігінің ілгерілеуін дер кезінде 
және жүйелі қадағалап отыруға мүмкіндік беретін үздіксіз үдеріс болып 
табылады.
Дамуға бағыттау. Бағалау нәтижелері оқушылардың, мұғалімдердің, 
мектептің, білім беру саласының даму бағытын анықтайды және 
ынталандырады.
1. Критериалды бағалаудың теориялық негізі
 
«Критериалды бағалау» терминін алғаш Роберт Глейзер (1963) қолданған, 
ол әдеттегі мінез-құлық моделінің жиынын анықтау үдерісін, білім 
алушылардың оқу жетістігі деңгейінің шамасы мен қолжетімділігінің 
арасындағы сәйкестікті сипаттады. Бұл оқушы әрекетін алдын ала анықталған 
критерийлерді тіркеп жинақтау арқылы бағалауды білдіреді. Глейзер 
критериалды стандарттағы бағалаудың басқа оқушылар жетістігіне тәуелділік 
пен салыстыруға қатысы жоқ екенін, сондай-ақ, әр оқушының құзыреттілік 
деңгейі туралы ақпараттануға бағытталғандығын атап көрсетті.
Оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау жүйесі оқыту, оқу, 
бағалаудың өзара байланысына және оқу үдерісін ұйымдастырудың бірыңғай 
тәсілдерін қамтамасыз етуге негізделген. (Бойл және Чарльз, 2010). Бұл барлық 
бағалау элементтері арасындағы өзара байланыс орнатуды, теориялық 
негіздемені болжамдайды (оқу мақсаттары, бағалау түрлері, құралдары мен 
нәтижелері). 1-суретте критериалды бағалау жүйесінің тұжырымдамалық 
(концептуалдық) құрылымы көрсетілген.
1-сурет. Критериалды бағалау жүйесінің тұжырымдамалық 
(концептуалдық) құрылымы


7
 
Оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау жүйесі
• оқыту мен бағалаудың тұтастығына негізделеді; 
• оқушылардың үлгерімін, ілгерілеуін қамтамасыз етудің бірыңғай тәсілін 
қалыптастыруға бағытталады;
• оқу бағдарламасына сәйкес дағдыларды дамытуды, білім алу дәлелдерін 
жинақтауды, оқу мақсаттарын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді; 
• оқу бағдарламасының мазмұны негізіндегі әр сынып үшін пән бойынша 
бағалаудың формалары мен тәсілдерінің әртүрлілігін қамтиды.
Төменде критериалды бағалау жүйесінде қолданылатын теориялық 
негіздердің сипаты ұсынылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет