ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ
https://vk.com/mega_education
107
Зайсан көлі, әсіресе жаздыгүні өте әдемі болады. Ол жаздың тымық күнінде
шексіз теңізге ұқсайды. Көл өте үлкен, жағалай біткен көк құрақ.
Құсы көп, әсіресе жазғытұрым қаз қаптап кетеді. Жұмыртқаларын қамыс
құраққа салады. Қайықпен аралап жүріп қаптап алуға болатын. Қамыстарда
шағала, үйрек, қаз, бірқазан, әупілдектер, суында құндыз, ондатрлар мекен етеді.
Мұнда шабақ балық көп, одан кейін шортан, қарабалық, сазан, алабұға. Міне,
Зайсан көлі бұрын осындай еді. (90 сөз )
1. Екінші абзацта не туралы айтылған?
A)Көлді мекендейтін
жәндіктер туралы
B)Көлдегі балықтар туралы
C)Көлдің көлемі туралы
D)Көл атауы туралы
E)Қамысты құрақтағы құстар туралы
2. Көлдің «Қоңыраулы көл» аталуының себебі неде?
A)Көлде жүзген құс үнінің жағымдылығына байланысты.
B)Көлдің әдемілігіне байланысты
C)Көк толқындардың жылдамдығына байланысты
D)Көлден шыққан ерекше дыбысқа байланысты
E)Көл толқындарының бұйралығына байланысты
1.Айдостың туфлиі жыртылып қалды. Ертесі
сабаққа киіп баратын туфли
табыла қоймады. Ауылдағылар ауданға себепсіз бара бермейді. Әкесі жыртылған
туфлиінің табанын алып, басқа табаны тозған аяқ киімге тігіп берді. Көзге қораш
көрінеді. Оны қарап тұрған әкесі жоқ. «Тамаша емес пе?» деп қояды.
2.Ертесіне еріксіз әлгі аяқ киіммен мектепке барды. Галош секілді бірдеме өзі.
Әшейінде партаның үстімен жүгіріп жүретін Айдос осы жолы тыныш отырды.
Сұрағандарға «ауырып отырмын» дей салды. Аяғына бәрі қарап отырғандай.
Партаның астына тығып әлектенді. Мұғалімдер сабақ сұрайды, бұл дайын емеспін
дей салады. Олар да журналға тиісті бағаларын қонжитып жатыр.Тақтаға да
шықпады. Өзін қор санады. Тамағына өксік тығылды. 4 сабақ
біткенше орнынан
тапжылмай отырды.
3.Сабақ аяқталысымен мектептен жүгіре шықты. Еңіреп жылап үйге
келді.Үйге кірсе, жаңа туфли әкеліп қойыпты. (113 сөз)
3. 2-бөлімде қандай жағдай туралы айтылды?
1. Айдос келеңсіз жағдайға тап болды.
2. Сыныптастарының барлығы Айдостың аяқ киіміне күлді.
3. Айдос бүгінгі сабағын әдеттегідей оқыды.
A)Үшінші
B)Бірінші
C)Екінші
D)Барлығы теріс
E)Барлығы дұрыс
4. 1-бөлім бойынша Айдос қандай әрекетке ыза болды?
A)Әкесі Айдостың пікірін сұрамағанына