Оқу сауаттылығЫ



Pdf көрінісі
бет152/515
Дата20.10.2022
өлшемі3,95 Mb.
#44422
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   515
Байланысты:
O 1179 u Sauattyly 1179 100 n 1201 s 1179 a

ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ 
https://vk.com/mega_education
 
157 
арасында Спаргапис те бар еді. Мұны естіген Томирис шұғыл түрде Кирге елші 
жіберіп: 
– Мидия патшасы! Сен мына болмашы жеңісіңе мақтанба! Сендер ашық 
айқастан қашқақтап, менің ұлымды айламен алдыңдар. Кир, енді сен менің 
ақылымды тыңда. Тұтқынға түскен ұлымды кайтар да, аман-есеніңде еліңе қайт. 
Бұған құлақ аспасаң, Тәңірімнің атынан ант етемін, қанша қомағай болсаң да мен 
сені қанға тұншықтырамын, – деп өз сәлемін жеткізеді. 
Кир Томиристің сөзіне мән бермейді. Парсы патшасының жарлығымен алдына 
алып келген сақ ханзадасы қынабындағы қанжарын өзінің жүрегіне қадайды. 
Парсылардың мазағына тапталғысы келмеген Спаргапис ажалдан намысты жоғары 
қояды. 
6. Баласының мерт болғанын естіген Томирис парсыларға қарсы жорығын 
бастайды. Екі жақтың да жауынгерлері шегінбестен ұзақ уақыт соғысады. 
Ақырында сақтар жеңіп, парсы әскерінің тас-талқанын шығарады. Жан алып, жан 
беріскен осы қақтығыста Кир патшаның өзі де бақилық болады. Парсы 
патшасының мәйітін тапқызып, басын алдырған Томирис: «Сен менің ұлымды 
зұлымдықпен мерт етіп, мені тірідей өлтірдің. Сондықтан да сені қанға 
тұншықтыруға ант берген едім. Енді сол қанды тойғаныңша іш», – деп, кесілген 
басты қанға толы торсыққа салуды әмір етеді. Сақтардың әйел патшасы өз антын 
еш бұзбастан орындаған екен. 
13.Спаргапистің намысшылдығы қай азатжолдан көрінеді? 
A)Екінші 
B)Бесінші 
C)Төртінші 
D)Үшінші 
E)Бірінші 
14.Автордың мәтінді жазудағы мақсаты қандай? 
A)Сақ патшасының ержүректілігін өнеге тұту 
B)Мидия патшасының ақылдылығын дәріптеу 
C)Парсы патшасының батылдығын насихаттау 
D)Спаргапистің соғыстағы жеңісін үлгі тұту 
E)Кирдің жеңісін мақтан ету 
15.Екінші азатжолдың үшінші азатжолға қатысы қандай? 
A)Ойды қорытындылайды 
B)Ойды дамытады 
C)Ойды пайымдайды 
D)Ойды салыстырады 
E)Ойды тұжырымдайды 
16.Неліктен Томирис Кирдің ұсынысынан бас тартты? 
A)Кирді ұнатпағандықтан 
B)Елінің тәуелсіздігін ойлағандықтан 
C)Соғысқа дайын болғандықтан 
D)Өзі ешкімге тәуелді болғысы келмегендіктен 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   515




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет