Сабақтың тақырыбы: Домбыраның құлақ күйін келтіру. Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



бет1/2
Дата17.10.2023
өлшемі153,48 Kb.
#117257
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
сабақ (5)


Педагогтің аты жөні:

Кыраубаева И.К.

Күні:




Сынып:



Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Домбыраның құлақ күйін келтіру.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

Оқушыға домбыра аспабы туралы , домбыраның құлақ күйін келтірудегі ерекшеліктері өзіне ғана тән саздық өзгешелігі жөнінде толық мағлұмат беру.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыға аспаптың құлақ күйін оң,теріс бұрауда келтіруді түсіндіре отырып, түрлі қағыстармен , орындалу ерекшелігін көрсету.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі (уақыты)

Педагог әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау




Сабақтың басы

20 мин

Сабақтың ортасы

15 мин


Cабақ соңы
5 мин

Сәлемдесу.
1.Сабаққа өз уақытында кешікпей келу керек.
Оқушының сабаққа әзірлігін тексеру, назарын сабаққа аудару мақсатында бірнеше сұрақтар қою!

  1. Домбыра құлағы нешеу?

  2. Домбырада неше ішек болады?

  3. Астынғы үстінгі ішек дыбысын қай нотаға бұрап қою керек?

  4. Домбыра аспабын интернет желісінде қалай құлақ күйін келтіруге болады?

Домбыраның қыр сырын , қағысын, пернелерін, нота сауатын танып білгеннен кейін , аспаптың құлақ күйін оң,теріс бұрауда келтіруді , түрлі қағыстармен , орындалу ерекшелігін үйренеміз.
«Домбыраның бұрауы ,қағыстар»
Домбыраның құлақ күйі негізінен оң (таза кварта), теріс (таза квинта) бұрауларға келтіріледі. Қазақтың күйшілік дәстүрінде мұнан өзге шалыс бұрау (секунда), қалыс бұрау (үлкен терция), тел бұрау (унисон) деп аталатын көне түрлері де болған. Бұл бұраулар Тәттімбет, Тоқа заманына дейін қолданыста болғаны айтылады, күй тартудың бұл бұраулардағы тәсілдері күрделі болғандықтан мұндай құлақ күйлерімен күй тарту күй сайыстарында ғана ойнаған.
Домбыра аспабында оң қолдың қозғалысы арқылы дыбыс шығару әдісі қағыс деп аталады. Алғашқы қағысты меңгеру барысында екі қағыс түріне де (төкпе және шертпе қағыстарына) бірдей жаттығу керек. Төкпе қағысты сұқ саусақ пен басбармақ, ал шертпе қағысты тек сұқ саусақпен орындаудан бастаған жөн. Ең негізгі бізге белгілі қағыс түрлері:
Домбыра қағыстары:
- «Тентек қағыс» – Құрманғазы дәстүріндегі кейін Дина дамытқан кең шеңберлі қағыс;
- «Төре қағыс» – Төре күйлеріндегі ішектің екі жағынан аса алыс кетпейтін қағыс;
- «Триоль» - сұқ саусақ бас бармақ сұқсаусақ «сбс» Қазанғап күйлерінде кездесетін қағыс түрлері;
- «Сүйретпе қағыс» – Абылдан келе жатқан бұл қағыс күйлердің динамикалық жақтарын аса жандандырады. Әсіресе ол шартты бөлуден жұпты бөлінген дыбыстарға ауысқанда, соңғылардың үлкен айырмасын көрсетеді;
- «Сипай қағыс» – саусақтың ұшымен сипай өтетін қағыс.
-« Қара шертіс» -төрт саусақпен шертіп ойнау.
- «Дара шертіс»- даралап әр ішекті кезек-кезек шертіп.
Үнтаспадан «Аңшының зары» күйі тыңдРаздық Ахметжанұлы « Аңшының зары»
Мәтінмен жұмыс:
Раздық күйші (1905–1949) – сазгер, шертпе күй шеберінің бірі.
Раздық Ахметжанұлы қазақ елі мен Қытай Халық республикасының Шыңжаң өлкесіне бірдей танымал күйші-сазгер. Раздықтың ұстазы белгілі Шортай домбырашы. 1925–1930 жылдары əбден қартайып барып дүние салады. Осы Шортабай күйшіден тəлім-тəрбие алған Раздық, шыңдала
келе өз жанынан да күй шығара бастайды.
Раздықтың «Аңшының зары», «Шыңырау», «Сал күрең», күйлері күні бүгінге дейін өз бояуын жоғалтпай, өз тарихымен жадымда сақталып келеді. 
«Аңшының зары» күйі өз алдына бір аңыз. Аңыз екі ағайынды жігіт ортасында өткен тарихи трагедияны баяндайды. 
«Аңшының зары»- Бір аңыздың желісіне құрылған күй . Аңшылықты кәсіп қылған ағайынды екі жігіт ,бір таудың шатқалында аң аулап жүреді.Абайсызда інісінің оғынан ағасы жазым болады .Осы қайғылы жағдайды жеңгесіне естіртуге , інісі керегеде ілулі тұрған домбыраны алып,бір мұңды күй шертеді.Күй мұңынан аңшылық сапарларында не болғанын сезген жеңгесі, «Ағаңнан айрылып қалғаннан саумысың? »деген екен.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет