Оқу сауаттылығЫ



Pdf көрінісі
бет314/515
Дата20.10.2022
өлшемі3,95 Mb.
#44422
1   ...   310   311   312   313   314   315   316   317   ...   515
Байланысты:
O 1179 u Sauattyly 1179 100 n 1201 s 1179 a

ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ 
https://vk.com/mega_education
 
334 
Ахмет Аль Баварди Шығыс Қазақстанға арнайы келіпті. Ол Күршім және 
Катонқарағай өңірінің таулы, өзенді жерлеріне ұшырылған сұңқарды жеке 
бақылап, әрқайсысын суретке түсіріп отырды. Акцияны ұйымдастырушылар, ең 
бастысы, еркіндікке жіберілген құстар қайтадан браконьерлердің қолына түспесе 
дейді. Өйткені, өткен жылы ғана Шығыс Қазақстанның дәл осы аймақтарында 17 
сұңқарды ұстап, шетелге өткізбек болған Египет пен Сирия мемлекетінің 
азаматтары ұсталған болатын. 
–Біз бұл жобаны Қазақстанда жүзеге асырудың тиімді екендігіне көз жеткіздік. 
Бұл өңірдің табиғаты сұңқар және ителгі сияқты құстарға өте қолайлы. Олардың 
жабайы ортаға бейімделіп, өз қорегін табуына барлық жағдай бар. Ең бастысы, 
құстар табиғат жауларының қолына түспесе болғаны, – дейді экологиялық 
жобаның жетекшісі, жоғары мәртебелі шейх Мухаммед Ахмет Аль Баварди. 
Жалпы Араб елдері бұл жобаны халықаралық деңгейде жүзеге асыруға қыруар 
қаржы жұмсап келеді. Мәселен, мына сұңқарлар осыған дейін Дубайдағы арнайы 
құстардың емханасында сауығып шыққан. Арабтар оның әрқайсысына құны 2 мың 
доллар тұратын электрондық қондырғылар тақты. Салмағы бар-жоғы 9 грамдық 
күннен қуат алатын спутниктік жабдық арқылы сұңқарларды болашақта да 
бақылауға болады. Дәстүр бойынша әрбір сұңқардан кейін оның соңынан көгершін 
ұшырылды. Бұл әдіс жыртқыш құстың аңшылық машығын есіне түсіруі үшін 
қажет. 
13. Мәтінде кейіпкер көзқарасы қай абзацта бейнеленген? 
A)4 
B)5 
C)3 
D)2 
E)1 
14. Мәтіннің бірінші абзацы қандай мақсатта берілген? 
A)Экологиялық бағдарламаны жүзеге асыру 
B)Құстарды еркіндікке жіберу туралы 
C)Араб Әмірлігімен бірге жұмыс жасауды насихаттау 
D)Құсбегілік қазақтың ұлттық өнері екендігін жеткізу 
E)Ақсүйектердің саятшылық өнерін дәріптеу 
15. Неліктен сұңқарды ұшырғаннан кейін соңынан көгершінді ұшырған? 
A)Машығын еске түсіру үшін 
B)Сұңқарға көмектесу үшін 
C)Құстардың серіктесіп ұшуы үшін 
D)Көгершінмен салыстыру үшін 
E)Оларды жарыстыру үшін 
16. Соңғы абзацтың төртінші азатжолға қатысы қандай? 
A)Ойды баяндайды 
B)Ойды сипаттайды 
C)Ойды дамытады 
D)Ойды суреттейді 
E)Ойды қорытындылайды 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   310   311   312   313   314   315   316   317   ...   515




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет