7- есеп. Кітаптар саны.
Екі сөреде барлығы 94 кітап бар. Бірінші сөреден екінші сөреге 5 кітапты
ауыстырып қойғанда, екі сөредегі кітаптар саны бірдей болады.
Сұрақ. Бастапқыда әр сөреде қанша кітаптан болған?
Жауабы: ___________.
8- есеп. Бұрыштың биссектрисасы.
Бұрыш салыңдар. Бұрыштың биссектрисасын жүргізіңіздер.
1- сұрақ. Биссектриса және бұрыштың қабырғасы арасындағы бұрыш
берілген бұрыштқа тең болуы мүмкін бе?
Жауабы: ____ .
2- сұрақ. Биссектриса және бұрыштың қабырғасы арасындағы бұрыш
берілген бұрыштан артық болуы мүмкін бе?
Жауабы: ____ .
3- сұрақ. Биссектриса және бұрыштың қабырғасы арасындағы бұрыш
берілген бұрыштан 4 есе артық болуы мүмкін бе?
Жауабы: ____ .
4- сұрақ. Биссектриса және бұрыштың қабырғасы арасындағы бұрыш
берілген бұрыштан 3 есе кем болуы мүмкін бе?
Жауабы: ______ .
9- есеп. Үшбұрыштың бұрыштары.
АВС үшбұрышының В төбесіндегі бұрыш 48°-қа тең, ал С бұрышымен
сыбайлас бұрыш – 102°.
1- сұрақ. АСВ бұрышының шамасы қанша?
Жауабы: ______ .
2- сұрақ. ВАС бұрышының шамасы қанша?
Жауабы: ______ .
3- сұрақ. Үшбұрыштың А төбесіне қатысты сыртқы бұрышының градустық
өлшемі қанша?
Жауабы: ______ .
4- сұрақ. Үшбұрыштың В төбесіне қатысты сыртқы бұрышының градустық
өлшемі қанша?
Жауабы: ______ .
10- есеп. Теңбүйірлі үшбұрыш.
Теңбүйірлі үшбұрыштың
табанындағы
сыртқы бұрыштарының
қосындысының мәні 318°.
1- сұрақ. Үшбұрыштың төбесіндегі ішкі бұрышы доғал бұрыш болуы
мүмкін бе?
Жауабы: _______ .