33
9-
тапсырма. Жанартау
.
Жанартау (лат. vulcanus – от, жалын деген мағынаны білдіреді) – Жер
қабатының тереңдегі жарылымдары мен жарықтарынан оның бетіне шығатын
балқыған тау жыныстары мен ыстық газдардың геологиялық құрамалары (32-
сурет).
Жанартау атқылаған кезде оның терең магмалық ошақтарынан жер бетіне
ыстық қоймалжың лава, газ және бу атқылайды.
32-
сурет – Жанартау
1-
сұрақ. Жанартаудың атқылауынан болатын зардаптарды атаңыздар.
2-
сұрақ. Жанартаудың әрекетін шаруашылықта пайдалану жолдарын
ұсыныңыздар.
10-
тапсырма. Лимон шырыны
Лимон – ірі, салмағы 200-400 г., сопақша, сары түсті
қалың қабықпен
қапталған жеміс. Шырынының дәмі қышқыл.
Көптеген адамдар лимон шырынын тұрмыста кездесетін жағымсыз
иістерді немесе лас болып көрінетін заттарды тазалауға қолданады. Лимонның
құрамында адам денсаулығына
пайдалы С дәрумені бар, темірге бай, эфир
майы, кальций, калий т.б. болады.
1-
сұрақ. Тұрмыста лимон қышқылын қолдану жолдарын ұсыныңыздар.
2-
сұрақ. Аталған
қасиеттерін ескере отырып, лимонды адамның
денсаулығын жақсарту мақсатында қалай пайдалануға болады?
3-
сұрақ. Өз ұсыныстарыңызды жазыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: