Timss және pisa халықаралық зерттеулерге оқушыларды дайындауға арналған есептер жинағын әзірлеу есептер жинағы разработка сборника задач по подготовке учащихся к международным исследованиям timss и pisa



Pdf көрінісі
бет9/75
Дата21.10.2022
өлшемі2,87 Mb.
#44717
түріСборник задач
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   75
Байланысты:
Timss ж не pisa халы аралы зерттеулерге о ушыларды дайындау а а

20-тапсырма.
Жалғыз аяқ (соқпақ) жол бойындағы өсімдіктер неліктен өліп қалады?
Жауапты бірнеше нұсқада беруге болады.
 
21-тапсырма.
Құм, балшық, қарашірік, минералды тұздардың әрқайсысынан бірдей 
мөлшерде алынған. Олардың бәрі араластырылып, онда аз мөлшерде су 
құйылған. Дайын болған қоспаны топырақ деп айтуға бола ма? Неліктен?
22-тапсырма.
Ауа райының ыстық болуы және жаңбырдың ұзақ уақыт болмауы 
жағдайында бау-бақша өсімдіктерін суарады. Құйылған су буланып кеткеннен 
кейін өсімдіктің түбіндегі топырақта жарықтары бар «қабыршықтар» пайда 
болады.
Қандай жағдайда өсімдіктер жақсы өседі: 
1. Келесі суарғанға дейін «қабыршықтарға» тиіспеген жағдайда. Ия/жоқ. 
2. «Қабыршықтарды» күн сайын қопсыту арқылы топырақты бұзып 
отырған жағдайда. Ия/жоқ. 
23-тапсырма.
Батпақты жерлерде өсімдіктердің дамуы үшін су жеткілікті, алайда 
өсімдіктердің өсуі мен дамуы нашар және баяу. Неліктен? 


13 
24-тапсырма. Бөтелке ішіндегі жұмыртқа
 
7-сурет – Бөтелкедегі жұмыртқа
Бұл көпшілікке жақсы белгілі, классикалық тәжірибе. Бұл тәжірибенің 
жасалып жүргеніне жүз жылдан астам уақыт өтсе де, әлі күнге дейін өзінің 
құндылығын жоймаған.
Тәжірибені өткізу жолы:
- кең ауызды бөтелкенің аузына сұйық май жағамыз;
- қағазды жағып, бөтелкенің ішіне жылдам саламыз (бұл әрекетті жасау 
барысында саусақтарыңызды күйдіріп алмас үшін, абайлау қажет);
- қабығынан аршылған тауықтың піскен жұмыртқасын бөтелкенің аузына 
қоямыз (жұмыртқа бөтелкенің аузынан әлдеқайда үлкен болуы тиіс);
- жанып жатқан қағаз бір секундтан кейін сөніп қалады, ал жұмыртқа 
белгісіз ғажайып тәсілмен бөтелкенің ішіне түседі.
Тәжірибенің нәтижесін түсіндіріңіздер.
25-тапсырма. Күн жүйесі  
Күн жүйесі – Күннен, оны айнала қозғалатын 8 үлкен планетадан 
(Меркурий, Шолпан, Жер, Қызылжұлдыз, Есекқырған, Қоңырқай, Уран және 
Нептун), планета серіктерінен, мыңдаған кіші планеталардан (астероидтардан), 
шамамен 1011 кометадан және толып жатқан метеорлық денелерден құралған 
ғарыштық денелер жүйесі.
1-сұрақ
Күн жүйесі қозғалысы ілімін кім ашты
?
2-сұрақ. Планеталар
қандай топқа бөлінеді? 
3-сұрақ
Қандай планеталар Күнге жақын орналасқан? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет