Топырақты негізгі өҢдеуге арналған машиналар



Дата02.05.2023
өлшемі30,73 Kb.
#88962
Байланысты:
0017b147-6017dcf9


ТОПЫРАҚТЫ НЕГІЗГІ ӨҢДЕУГЕ АРНАЛҒАН МАШИНАЛАР
1.1 Соқалардың жіктемесі және оларға қойылатын агротехникалық талаптар Соқалардың жіктемесі төмендегідей. Соқалар мақсатына қарай жалпы мақсаттағы және арнаулы; корпустар саны бойынша – бір, екі, үш, төрт, бес, алты корпусты; тракторға жалғау тәсілі бойынша тіркемелі, жартылай аспалы және аспалы; корпустары дақылдық, цилиндрлі, жартылай бұрамалы және бұрамалы қайырмалармен жаб- дықталған соқалардағы қайырмалардың нысаны бойынша бөлінеді. Жалпы мақсаттағы соқаларды 35 см дейінгі тереңдікте жер жы- ртуға, арнайы мақсаттағы соқаларды жүзімдіктерді, бақша дақылда- рын және орман ағаштарын отырғызу үшін топырақты 60 см дейінгі тереңдікте өңдеуге пайдаланады. Соқаларға қойылатын агротехникалық талаптар төмендегідей. Соқа- лар топырақты біркелкі қопсытуы (қамту ені конструктивтіліктің ±10%-ы шегінде құбылу кезінде белгіленген тереңдіктен ауытқу ±2 см аспайды); жер қыртысын толық аударуы, үгітуі және тақыр жер қалдырмай және қиыршықтарсыз төсеуі; тыңайтықыштарды және аңызақ қалдықтарды 12–15 см тереңдікке сіңіруі; егістіктің бетін тегістеуі (тарақшалардың биіктігі 5 см аспайды); соңғы корпус өткеннен кейін таза атыз түзуі тиіс. 1.2 Соқалар Әрбір тісті соқаның жұмысшы және қосалқы органдары бола- ды. Жұмысшы органдарға корпус, топырақ үңгуіш, шымаударғы мен пышақ; қосалқы органдарға аспалы немесе тіркеме құрылғысы бар жақтау: тірек дөңгелектер, корпустарды терең және таяз орнатуға ар- налған механизм жатады. Соқаның корпусын топырақтың табиғи-климаттық жағдайлары- на, физикалық-механикалық және технологиялық қасиеттеріне қарай таңдайды. Корпустарды конструктивтік құрылысы бойынша қайыр- малы, ойық, қайырмасыз, топырақ үңгуіші бар, жылжымалы қашауы бар, дискілі және құрама болып бөлінеді. Қайырмалы корпусты жер қыртысын аударып және қопсытып, топырақты өңдеу үшін пайдаланады. Ол (1.1-сурет, а) қайырма таға- нынан (4), кергіштен, табандықтан (5), қапталдықтан (6), тістен (1) және егістік тақтадан тұрады. Ойықты корпусты жыртылатын қабаты шамалы сортаң топы- рақты жырту және бір мезгілде оны 4–5 см тереңдету үшін қолда- нады. Мұндай корпуста ойық пен тіс арасынан сыртқа шығарылмай, қопсытылған жыртылатын қабат өтеді. 5 3 4 7 8 9 10 11 12 14 4 17 18 19 15 16 10 13 1 5 6 2 1 а г е б в д 1.1-сурет. Соқаның корпусы: а – қайырмалы; б – қос қабаттап жыртуға арналған ойық; в – жылжымалы қашауы бар; г – құрама; е – дискілі; 1 – тіс; 2 – қайырманың қалақ- шасы; 3 – қайырма; 4у айналдырғы ернемегі. 6 Корпус қайырмасын жоғарғы қабат алады және оны төмен- гі қабаттың алдыңғы корпусы қопсытқан топырақты жаппай, соқаның жүруі бойынша оңға лақтырады. Корпус тағаннан, та- бандықтан, қапталдықтан, кергіштен, үстіңгі тістен (8) (1.1-су- рет, б), тістен (9) және қайырмадан (7) құралған. Топырақ үңгуіші бар корпусты (1.1-сурет, в) сортаң топырақтың жыртылмаған қабатын 6–15 см тереңдікте қопсыту үшін пайдалана- ды. Топырақ қабаттарын 35 см дейін жалпы тереңдікте айналымға қосу үшін, топырақ үңгуді 6 см бастап, біртіндеп екі, үш айналыммен 10–15 см дейін жеткізу ұсынылады. Топырақ үңгуішпен қопсытылған сортаң қабат ылғал және ауа өткізгіш бола бастайды. Топырақ үңгуіш тағаннан (14) тұрады; оған қопсытқаш табанша (15) бекітілген. Топырақ үңгуіштегі жеті саңылау қопсыту тереңдігін 6, 9, 12 және 15 см белгілеуге мүмкіндік береді. Жылжымалы қашауы бар корпусты қатты балшықты және субал- шықты топырақты, сондай-ақ тастармен ластанған топырақты жыр- ту үшін қолданады. Тағанға қашау (10) бекітілген (1-сурет, д), оның соңғы жағы тіс ұшының кескіш жиегінен 2–3 см шығып тұр. Қашау тістің ұшын кедергілермен соқтығысқан кезде сынудан сақтайды және корпустың жақсы үңгуіне ықпал етеді. Қашау тозған кезде оны арнайы жасалған саңылаудан жылжытады. Дискілі корпус (1-сурет, е) күріш және басқа да дақылдар егуге аса ылғалданған ауыр топырақты 30 см дейін тереңдікте, сондай-ақ құрамын- да ағаш тамырлары бар топырақты өңдеуге арналған. Корпус тағаннан (4), шар тәрізді дискіден (18), айналдырғы ернемегінен (19), тазалағыштан (17) тұрады. Диск екі конусты мойынтірекке жалғанып, айналдырғы ерне- мегіне болттармен бекітілген. Таған (4) соқаның жақтауына диск атыздың түбіне қатысты 700 бұрышпен орналасатындай етіп бекітілген, ал қозғалыс бағытына қарай 40–45° әсер ету бұрышын түзеді. Топырақ қыртыстары айналып тұрған дискінің жұмысшы қабатына көтеріліп, қопсытылады да, атыздың түбіне түседі. Бұл ретте жыртылған топырақ ірі кесекті түрге ие болады, бұл аэрацияны және төменгі қабаттардың кебуін жақсартады. Құрама корпусты (1-сурет, г) ауыр топырақты жыртуға, сондай-ақ тастармен ластанбаған учаскелерді егіс алдында өңдеу үшін пайдала- нады. Корпус қалыпталған тағаннан (4) тұрады, оған тісі, қайырмасы бар табандық және егістік тақта қосылған. Қайырма қысқартылған, қанаттың кесілген бөлігінің орнына қиық конус түріндегі қасбетті білдіретін ротор қойылған. Қасбеттің бүйір жақтарына қалақшалар бекітілген. Ротор білігінің (12) үстіңгі ұшына сына-белдікті берілі- стегі тегершік орнатылған. Ротордың айналу жиілігі 270–500 мин/ай- налым. Қалақшалар қысқартылған қайырмадан түсетін топырақ қы- ртыстарын қарқынды түрде ұсақтайды, аударып, атызға лақтырады. 7 Тіс, қайырма және егістік тақта – соқа корпусының жұмысшы бөліктері. Тіс топырақ қыртысын төменнен кесіп, оны қайырмаға бағытта- уға арналған. Тістер арнайы болаттан дайындалады. Жүзі енінің 20– 35 мм бойынша термиялық өңделеді. Тіс атыз түбіне қатысты 22– 300 бұрышпен орналастырылады, ал атыздың тегістігімен тістің жүзі 30– 500 бұрышты құрайды. Бұл бұрыш қайырманың типіне қарай таңда- лады (цилиндрліге 450 , дақылдыққа 400 , жартылай бұрамалыға 350 ) Тісті осылай орнату соқаның жұмыс істеуі барысында оның ке- скіш жиегінен сырғитын өсімдіктердің тамырларын және топырақ кесектерін кесуге қолайлы жағдайлар жасайды. Тістер трапеция тәрізді және қашау тектес болады. Соңғылары кеңірек таралған. Өтпейтін тіс (жүзінің жуандығы 3 мм және одан көп) соқаның тартылыс қарсылығының 1,5 есе ұлғаюына алып келеді. Сондықтан тістерді ыстық күйінде кескіш жиегінің барлық ұзындығы бойынша созып, шыңдайды. Оның үстіне металдың артық қорын (дүкен) тістің жұмыста пайдаланылмайтын жағына пайдаланады. Тіс жүзінің өткірлігін сақтау және тозуға төзімділігін арттыру үшін, өнеркәсіп сыртқы жағы кескіш жиек енінің 25 мм бойына қат- ты қорытпамен берік бекітілген тістерді шығарады. Өздігінен қай- ралатын тістер деп аталатын мұндай тістердің төменгі қатты қабаты жоғарғыға қарағанды баяу тозады, соның салдарынан ол өткірлігі жеткілікті жүз құра отырып, алдыға шығып тұрады. Қайырма қыртыстарды аударуға және ұсақтауға арналған. Қайы- рмаларды үстіңгі бетінің формасы бойынша ажыратады. Дақылдық және цилиндрлі қайырмаларды бұрын жыртылған топыраққа, ал бұрамалы және жартылай бұрамалыларды жаңадан игерілетін (тың) және шымдауыт топыраққа қолданады. Қайырмаларды үш қатпарлы болаттан дайындайды. Сыртқы қат- ты беті және ішкі жұмсақ қабаты оның беріктігін және игілгіштігін қамтамасыз етеді. Тіс пен қайырма ортақ бір қисық сызықты сыртқы бетті түзеді. Олардың арасындағы рұқсат етілетін саңылау 0,5 мм, ал ойық 1 мм аспауы тиіс. Егістік тақта соқа жүрісінің орнықтылығын арттырады, таған- ды бүйірден түсетін күштен босатып, атыз қабырғаларын түсуден сақтайды. Көп корпусты соқаның артқы корпусына атыз қабырғасына көтерілетін қыртыстардың бүйірлік қысымының айтарлықтай бөлі- гін беретін ұзартылған егістік тақта орнатады. Қалған корпустардың егістік тақталары қысқартылған. 8 Шымаударғы: 1-таған; 2-ұстағыш; 3-тұтқа; 4-қайырма; 5-тіс. Егістік тақталарын жіңіш- ке болаттан дайындайды және термиялық өңдеуден өткізеді. Егістік тақтаның бүйір қырының және төменгі тірек бетінің (та- бан) қатты тозуы соқаның дұрыс жүруін бұзылуына алып келеді. Шымаударғы – бұл дақылдық типтес сыртқы беті бар, қамту ені 23 см болатын шағын корпус. Ол топырақтың үстіңгі қабатын 12 см дейінгі тереңдікте ойып алады, қопсытады, аударады және оны атыздың түбіне жаяды. Жайылған қабат негізгі корпус көтеретін қы- ртыспен жабылады, соның нәти- жесінде арамшөптер мен шабын- дық қалдықтары сіңіріледі. Шымаударғы болат тағаннан (1) тұрады (1.2-сурет), оған жасырын бастары бар болттармен қайырма (4) мен тіс (5) бекітілген. Тұтқа (3) мен ұстағыштың (2) көмегімен шымаударғы- ны жақтау жолағының сол жағынан негізгі корпустың алдына бекітеді. Пышақты қыртысты тік жазықтықта турау және атыздың түзу жи- егін алу үшін пайдаланады. Пышақ өсімдік қалдықтарының сіңірілуі- не және қыртыстың жақсы аударылуына ықпал етеді. Пышақтар дискілі және сапты болады. Жалпы мақсаттағы соқа- ларды тек дискілі пышақтармен ал арнайыларды сапты пышақтармен жарақтайды. Дискілі пышақ (1.3-сурет, а) үстінен жиналып топырақты және ұсақ тамырларды жеңіл турайды, ал жуан тамырларға соқтығып, олар арқылы айналады. Пышақты 1.4-суретте көрсетілгендей, артқы корпустың шыма- ударғысы алдынан жалғанады. Тың және тыңайған жерлерді өңдеу үшін қолданылатын соқаларда пышақтарды әрбір корпустың ал- дынан қояды. Оларды дискінің төменгі кескіш жиегі шымаударғы тісінің ұшынан 10-20 мм төмен орналасатындай етіп бекітеді. 1 2 3 4 5 9 1.3-сурет. Пышақтар: а-дискілі; б-сапты; 1-күпшек; 2-айырша; 3-тәж тәрізді тығырық; 4-жапсырма; 5-таған; 6-соқаның жақтауы; 7-диск; 8-сапты пышақ. Дискілі пышақ өстің айналдырғысына бекітіл- ген болат дискіден (7) тұрады (1.3-сурет). Өс бір рет майланған, то- заңтосқымен және күпшек- тің қалпағымен шаң кіру- ден қорғалған шарикті екі мойынтірекпен жалғанған. Пышақ корпуспен бірге тағанға (5) топсалы түрде бекітілген. Мұндай кон- струкция пышаққа жырту процесінде соқаның қозғалыс бағытына сәйкес келетін жазықтықта өздігінен орнатылуға мүмкіндік береді. Пышақтың сынуын болдыр- мау, яғни оның тағанға қатысты шамадан тыс айналуына жол берумеу үшін, тәж тәрізді шайба (3) көзделген. 1.4-сурет. Дискілі пышақ пен шымаударғыны орнату сызбасы 1-соқаның корпусы; 2-шымаударғының корпусы; 3-дискілі пышақ. 1 1 2 3 4 5 6 7 8 6 б а 2 не менее 258 10-15 мм 3 10 Сапты пышақты орман, плантация және бұта-саз соқаларына қолданады. Оны горизонталь жазықтыққа ұшы алдыға шығып тұра- тындай етіп және топырақ төменнен жоғарыға қарай туралатындай көлбеу монтаждайды. Байланысты топырақта жүз бен атыз түбінің арасындағы бұрыш 500 кем болмауы, ал аз байланысты қопсытылған топырақта 700 астам болуы тиіс. Орман және бұта-саз соқаларына орнатылатын қуатты сапты пышақ қыртыс пен жолында кездесетін тамырларды турап қана қоймай, қопарғыш сияқты да жұмыс істейді. Сапты пышақтың жұмыс істейтін бөлігі (1.3-сурет, б) қылшақтары 10–150 екі қырлы бұрыш құрайтын сынаны білдіреді. Пышақтың жүзін үстінен ені бойынша 10-25 мм және төменнен 40-50 мм өңдейді және оң жағынан (соқаның жүруі бойынша) қайрайды. Пышақты саптың, тұтқала- рының, жапсырманың және сомындардың көмегімен арқалыққа бекітеді. Сапты пышақтың жүзі атыз қабырғаларын жыртып кетпеуі үшін, қайырманың егістік жиегі жазығынан 0,9 см солға орналасуы тиіс. Пышақты оның тұмсығы тіс ұшынан 3-4 см алдыда және жүзден 3-4 см жоғары тұратындай етіп бекітеді. Осылай орнату пышақтың қыр- тысты тіске көтерілмес бұрын кесіп тастауына мүмкіндік береді. Бес корпусты жартылай аспалы ПКГ-5-ЧОВ соқасын, тастармен ластанған, меншікті кедергісі 0,1 МПа дейінгі топырақты жырту кезінде пайдаланады. Соқа Т-153, Т-151К, Т-4А және ДТ-175С трак- торларымен агрегатталады. Соқа жақтаудан, корпустардан, бұрыш алғыштардан, дөңгелек- терден, арты және алдыңғы дөңгелек механизмдерінен, гидромеха- низмдерден, гидрожүйеден, пневмогидроаккумулятордан тұрады. Жақтау дәнекерленген, тікбұрышты қима бейінінен жасалған. Жақтау- дың негізгі арқалығына: жұқа тақтайлар (корпустар гидромеханизмдерінің тіреуіштері болып табылатын), алдыңғы артық дөңгелектер механизмдері жалғанған, ұстағышы мен тік арқалығы бар тұтқа дәнекерленген. Жақтау- дың бойлық арқалығы пневмогидроаккумуляторды қосуға арналған крон- штейнмен жарақталған. Жақтаудың алдыңғы арқалығына тракторлармен жалғауға арналған аспа орнатылған. Бұл арқалықтың 20 саңылауы бар, оларды пайдалану арқылы аспаны әртүрлі тракторлармен жұмыс істеу- ге қажетті үш жағдайда орнатуға болады. Бұл арқалықта гидрожүйенің шұрасын орнатуға арналған кронштейн орналасқан. Корпус арқалықтан, табандықтан, тістен, қайырмадан, бүйірлік- тен, қашаудан, қалақшадан және кергіштен тұрады. Арқалық алдыңғы ұшымен гидромеханизмнің кронштейніне топсалы түрде қосылған. Арқалыққа екі жақ дәнекерленген. Осы жақтарға гидроцилин- дрдің тығынжылы бекітілген. Арқалыққа табандық бекітілген, оған 11 қашауды, тісті, қайырма мен бүйірлікті бекітеді. Дөңгелек күпшекке екі конустық роликті мойынтірекпен орна- тылған жартылай өске жалғанған. Дөңгелек жырту тереңдігін бел- гілеу қызметін атқарады. Алдыңғы тірек дөңгелектің жартылай өсі реттеу механизмі таға- нының кронштейніне, ал артқысы артқы механизм өсінің кронштей- ніне бекітілген. Алдыңғы тірек дөңгелек механизмінің көмегімен жырту тереңдігін белгілеу кезінде дөңгелектің тұрысын өзгертеді. Дөңгелекті сомында орналасқан бұрандамен көтеріп, түсіреді. Гидромеханизм – бұл төртбуындық, мұнда тағанның қызметін кронштейн (жақтауға бекітілген) атқарады, ал арқалық қозғалмалы буын ретінде жұмыс ітейді қалған екі буын ретінде гидроцилин- дрлерді пайдаланады. Гидроцилиндрлердің қуыстары ортақ маги- стральмен пневмогидроаккумуляторға қосылған. Корпус кедергілерге кездескен кезде онымен мүшеленген арқа- лық бұрылады. Май гидроцилиндрден сымдар арқылы пневмогидро- аккумуляторға түсіп, оның поршенін қозғалтады. Бұл ретте поршень инертті газды тығыздандырады, бұл газдың әлеуеттң энергиясын ұлғайтады. Корпус кедергілерді еңсеріп, газдың әлеуетті энергисяы- ның ықпалымен жұмыс жағдайына оралады. Поршень типті пневмогидроаккумулятор – бұл сыйымдылығы 6,3 литрлік цилиндрлі жабық түтік. Бұл түтік поршеннің көмегімен газ және май камераларына бөлінген. Поршеньге резеңке тығыздағыш сақиналар жалғанған. Жоғарғы камерада бастапқы қысымы 6,0–9,0 МПа болатын инертті газ бар. Қақпағы қуаттау клапанымен жарақталған. Клапанға ак- кумуляторды газбен толтыру үшін қуаттау құрылғысының құбырішегін қосуға мүмкіндік беретін штуцері бар шұра орнатылған. Пневмогидро- аккумуляторды тек азотпен немесе техникалық аргонмен толтырады. Жарылыс қаупі болғандықтан, оттегі бұл мақсатқа қолданылмайды. Жұмысқа дайындық. Егістікке шығар алдында мынадай іс-шара- ларды жүзеге асыру қажет. Бекітпені тексеру, қажет болған жағдайда тарту. Корпустар арқалықтарының тармақтарын, тірек дөңгелек ме- ханизмінің бұрандасын, дөңгелектердің мойынтіректерін «Ж» немесе «С» солидолымен майлау. Дөңгелектерді берілген жырту тереңдігіне реттеу. Соқаны аспалы жүйесі үш нүктелі схема бойынша жалғанған, ал тіркеу құрылғысы кері жалғанған тракторға қосу. Аспалы бес корпусты ПЛН-5-35 соқасын (1.5-сурет) кедергісі 0,09 Мпа дейін ұлғайтылған, тас қоспалары жоқ топырақты 30 см дейін- гі тереңдікте жырту кезінде пайдаланады. Кедергісі 0,09 Мпа асатын неғұрлым ауыр топырақты өңдеу үшін, соқаны төрт копустыға қайта жарақтайды (шымаударғысы бар бесінші корпусты алып тастайды). 12 Соқа ДТ-75Н, Т-153, Т-151 және Т-4А тракторларымен агрегат- талады. 9-12 км/сағ жылдамдықпен жұмыс істеу үшін арнайы корпу- стармен жасақтау кезінде соқаны Т-153 және Т-151К тракторларына тағады. Соқаны әртүрлі типтегі корпустармен жарақтайды. Бұрыш алғыштары бар қайырмасыз немесе жартылай бұрандалы корпустар- мен жұмыс кезінде шымаударғыларды орнатпайды. Жақтау – соқа конструкциясының негізгі көтергіш буыны. Білеу нықтауыш арқалық болып табылады. Тірек дөңгелек (6) бұранданың көмегімен жырту тереңдігін рет- теуге арналған. Дөңгелек конустық роликті мойынтірекке жалғанған. Дискілі пышақ бойлық білеудің сыртқы жағынан соңғы корпу- стың алдында бір рет майланған шарикті мойынтіректермен орна- тылған. Автотіркеудің құлпы (7) соқаның жақтауына және трактордың іл- мегіне бекітілген. Соқаны Т-4А немесе Т-153 тракторымен агрегаттау кезінде құлыпты жақтаудың бірінші және екінші, сондай-ақ төртін- ші және бесінші саңылауларына, ал Т-151К тракторымен агрегаттау кезінде бірінші, екінші, бесінші және алтыншы саңылауларға қояды. 1.5-сурет. ПЛН-5-35 аспалы соқасы: 1-соқаның корпусы; 2-тырмаларға арналған тіркемеге тартпалы жұқа тақтайшы; 3-тырмаларға арналған тіркеме; 4-нықтауыш арқалық; 5-қиғаш тірек; 6-тірек дөңге- лек; 7-автотіркеу құлпы; 8-бойлық арқалық; 12-шымаударғы. 1 2 3 4 5 7 11 8 6 12 13 Жұмысқа дайындық төмендегідей болады. Шымаударғыларды олардың тістерінің ұштары мен корпустың (соқаның жүруі бойынша) арасындағы қашықтық кемінде 250 мм, ал шымаударғының егістік жиегі корпустың егістік жиегін жабатындай етіп орнатады. Шымаударғының жағдайын биіктігі бойынша тағандағы бес бітеу саңылаудың біріне кіретін ұстағыштың цилиндрлі дөңесімен белгілеп бекітеді. 20 см тереңдікте жырту үшін тағанды бірінші (жоғарғы) саңылауға, 22 см тереңдікте жырту үшін екінші, 25 см тереңдікте жырту үшін бесінші саңылауға бекітеді. Мұндай орналастыру шы- маударғының топырақтың шымдауыт қабатын 10 см тереңдікте ойып алуын қамтамасыз етеді. Дискілі пышақты шымаударғылардың тұрысына қарай монтаж- дайды. Ол үшін ұстағыштағы пышақтың тағанын кішкене бұрып, оны стақанды ұстап тұратын тәж тәрізді тығырықтың тісі стақан ой- ығының ортасында болатындай етіп қояды. Бұл жағдайда пышақтың қуысы соқаның жақтауына параллель болып, шымаударғының егістік жиегінен 10-15 см қалады. Пышақтың ортасын шымаударғы тісінің ұшы алдына, ал пышақ жүзінің төменгі нүктесін тіс ұшынан 15 мм төмен орналастырады. Сегіз корпусты аспалы ПНЛ-8-40 соқасын тас қосындылары жоқ, меншікті кедергісі 0,9 МПа дейінгі топырақты 30 см дейінгі тереңдік- те жырту кезінде пайдаланады. Кедергісі 0,09 Мпа-дан асатын неғұр- лым ауыр топырақты өңдеу үшін, соқаны жеті корпустыққа қайта жабдықтайды (шымаударғысы бар сегізінші корпусты алып тастай- ды). Соқа К-701 және К-701М тракторларымен агрегатталады. Соқаны әртүрлі типтегі корпустармен жарақтайды. Қайырмасыз немесе жартылай қайырмалы корпустармен жұмыс кезінде бұрыш алғыштарда шымаударғыларды орнатпайды. Жақтау – соқа конструкциясының негізгі көтергіш буыны, ол тікбұрыштап кесілген түтіктен жасалған. Жақтаудың негізгі арқа- лығы кронштейндермен жарақталған, оларға корпустар мен шымау- дарғыларды бекітеді. Жақтаудың негізгі арқалығына артқы дөңгелек механизмі де орнатылған. Жақтаудың бойлық арқалығына консоль қосылған, оған дискілі пышақ бекітілген. Жақтаудың алдыңғы арқа- лығына алдыңғы дөңгелек механизмдері мен ілмектің тағандары монтаждалған. Дискілі пышақ соңғы дөңгелектің алдында бір рет майланатын шарикті мойынтіректермен орнатылған. Дөңгелек (артқы) бұранданың көмегімен жырту тереңдігін реттеу қызметін атқарады. Дөңгелек дискіден, шинадан, жиналған қимадан және жартылай өске екі конусты ролик мойынтіректермен монта- ждалған күпшектен тұрады. Алдыңғы дөңгелек конструктивті құрылысы бойынша артқы дөң- гелекке ұқсас және одан габариттерімен ажыратылады. Артқы және 14 алдыңғы дөңгелектерді реттеу механизмі жырту тереңдігін белгілеу кезінде дөңгелектің тұрысын өзгерту қызметін атқарады. Таған- ның жоғарғы бөлігі сомынмен жарақтандырылған. Бұл сомында тұтқышты бұранда бар. Тұтқышпен бұранданы айналдыра отырып, дөңгелекті көтеріп-түсіреді, ол таған мен дөңгелектің тұрысын өзгер- теді. Тағанға 20 мм аралықпен белгілер жасалған, олардың көмегімен жырту тереңдігін белгілейді. Ілмек тағаннан және тармақтардың көмегімен тартпамен топсалы буындасқан жұқа тақтайлардан тұрады. Тағандардың жоғарғы саңылауына трактор ілмегі механизмінің орталық тартпасы қойылған. Трактордың төменгі тартпаларын жақтаудың алдыңғы білеуі тартқыштарындағы тармақтармен қосады. Ілмек тартпасының топсалы конструкциясы соқаға өз салмағы- ның әсерінен тереңдеуге мүмкіндік береді және соқаның егістіктің тегіс емес жерлерінде трактордың теңселуін қайталауына мүмкіндік бермейді.Тірек шам жақтаудың сол жағына монтаждалған және соқа- ның тағанда орнықты болуын қамтамасыз етеді. Жұмысқа дайындық төмендегідей. Шымаударғыны оның ті- стерінің ұштары мен корпус (соқаның жүрісі бойынша) арасындағы қашықтық кемінде 250 мм болатындай, ал шымаударғының егістік жиегі корпустың егістік жиегін жабатындай етіп орнатады. Шымаударғының тұрысын биіктігі бойынша тағандағы бес бітеу саңылаудың біріне кіретін ұстағыштың цилиндрлі дөңесімен бекі- теді, 30 см тереңдікте жырту үшін, тағанды бесінші (төмегі) саңыла- уға бекітеді. Дискілі пышақты шымаударғының тұрысын ескере отырып, кон- сольдерге монтаждайды. Дискілі пышақты оның жүзі шымаударғы- ның егістік жиегінен егістік жаққа 10-15 мм шығып тұратындай етіп орналастырады. Шымаударғының егістік жиегіне қатысты дискілі пышақтың орналасуын тағанның орнын ауыстыру арқылы реттейді. Тәж тәрізді тығырықты оның тістері стақан ойығының ортасына дәл келетіндей етіп орнатады. Пышақ жүзінің төмегі нүктесі шымаударғы тісі ұшынан 10-15 мм төмен болуы тиіс. Қамту ені реттелетін, сегіз корпусты аспалы ПНИ-8-40 соқасын тастармен ластанбаған, меншікті кедергісі 0,09 Мпа дейінгі топы- рақты қыртыстарын айналдырып 30 см тереңдікте жырту кезінде қолданады. Соқа К-701 тракторымен агрегатталады. Соқа рамадан, өңдеу тереңдігін реттеу механизмдері бар артық және алдыңғы тірек дөңгелектерден, ілмектен, корпустардың қамту енін өзгерту механизмінен, бұрыш алғышы бар корпустан, дискілі пышақтан тұрады. 15 ПНИ-8-40 соқасын ПЛН- 8-40 соқасынан айрықша ерекшелігі соқаның механизммен жарақталуы болып табылады, оның көмегімен соқаның қамту енін реттейді. Қамту ені механизмімен корпустардың және жалпы соқаның қамту енін сатысыз реттеуді жүргізуге болады. Бұған негізгі корпус жоспарындағы бұрышты гидроцилиндрдің көмегімен өзгерту арқылы қол жеткізіледі. Соқаның оңтайлы қамту енін оны жырту процесінде белгілейді. Бұл ретте ең жоғары өнімділікке агрегат жылдамдықта- рының 7,5-тен 8,5 км/сағ диапазонында қол жеткізілетінін ескеру қажет. Топырақтың меншікті кедергісіне қарай соқаның жұмыстық қамту енін 2,8-ден 3,6-ға дейін реттейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет