І нұсқа 1-билет Адамзат баласының Жер бетінде пайда болуы жөніндегі көзқарастар. 1867-1868жж. «Уақытша ереже»


Қазақстан Экономиканы соғысқа бейімдеп қайта құру. ІІд.ж.соғыс



Pdf көрінісі
бет40/65
Дата21.10.2022
өлшемі1,04 Mb.
#44770
түріҚұрамы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   65
Байланысты:
Билеттер.І Нұсқа 30 билет-2 11 сынып

Қазақстан Экономиканы соғысқа бейімдеп қайта құру. ІІд.ж.соғыс. 
Соғыстың басталуына байланысты ел экономикасын соғыс жағдайына бейімдеу басталды. Республика 
экономикасы әскери бағытқа көшірілді (милитарландырылды). 
Бейбіт мақсаттарға жұмсалатын қаржы мейлінше қысқартылды. 
Көптеген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығара бастады. 
Өскемен қорғасын – мырыш комбинаты, Қарағанды көмір шахталары сияқты соғысқа қажетті өнімдер 
шығаратын өнеркісіп құрылыстарын салып аяқтады. Соғыс жүріп жатқан жерлерден және майданға жақын аймақтардан 
220 завод пен фабриканы, кәсіпорындары Қазақстанға көшіру жүргізілді. 
Өнеркәсіптерді Қазақстанға көшіру екі рет жүргізілді:
1.1941жылдың аяғы мен 1942 жылдың басы;
2. 1942 жылдың күзінде өнеркәсіп орындары, кәсіпорындар, негізінен, Москва, Ленинград облыстарынан, 
Украина, Белорусь жерлерінен әкелінді. 
Көшіріліп әкелінген 54 завод пен фабрика тамақ өнеркәсібі халық комиссариатының қарамағында болды. Жеңіл 
және тоқыма өнеркәсібінің 53 кәсіпорны көшіріліп әкелінді. Республикада аяқ киім саласының қуаты 12 есе, былғары 
саласының қуаты 10 есе өсті. 


Москва қаласы және Москва облысынан көшірілген кәсіпорындар: Москва авициация жасау заводы, Урюпа 
етконсерв заводы, Дзержинский атындағы электротехника заводы, Москва рентген заводы, № 3 Александр радио 
заводы, С. Орджоникидзе атындағы механика заводы т. б. Жалпы Қазақстанда Москва қаласы мен облысынан 
көшірілген 40 завод орналастырылды. 
Украинадан Қазақстанға көшіріліп әкелінген кәсіпорындар: Харьков электротехника заводы, Подольск 
механика заводы, Запорожье ферроқорытпа заводы, Днепропетровск вагон жасау заводы т. б. Украина ККС – інен 
Қазақстанға 70 өнеркәсіп орны мен жабдығы әкелінді. 
Қазақ КСР – не әкелінген өнеркәсіптер мен фабрикалар, кәсіпорындар, Алматы, Қарағанды, Шымкент, 
Петропавл, Семей, Ақтөбе, Орал қалаларында орналастырылды. 
Әрине, Қазақстанға әкелінген кәсіпорындар өте қиын жағдайда жұмыс істеді. Өнеркісіп орындарымен бірге 
Қазақстанға майдан өңірінен көптеген мамандар да көшірілді. Мысалы, тек қана Домбасстан 3200– ге жуық шахтер, 
2000– дай құрылысшы келді. Майдан өңірлерінен келген инженер– техниктер саны 700 – дай болды. 
Қазақстан КСРО – ның негізгі әскери - өнеркәсіп базасына айналды. 1942 жылы Одақта өндірілген 
қорғасынның 85 % - ын, көмірден 18 % -ын, молибденнің 60 % - ын, оқтанды мұнайдың 1 млн тоннаға жуығын берді. 
1942 жылы 21 тамызда кеншілер еңбегіне үдемі – кесімді ақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілді. 
1942 жылы 24 тамызда Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің «Қарағанды көмір алабында көмір өндіруді арттыру 
жөніндегі шұғыл шаралар туралы» қаулысы шықты. Облыстың және ауданның еңбеккерлері Қарағанды шахталарын 
қамқорлыққа алу жөнінде патриоттық қозғалыс бастады. Шахтерлерді азық – түлікпен қамтамасыз ету, шахталарда 
тұрақты жұмыс істеу үшін адамдар жіберу, Қарағанды облысындағы 30 желісі 3 есе, оқушылар саны 5 есе көбейді. 1943 
жылы забойлар желісі көбейіп, жер астында екінші Қарағанды пайда болды. Мұнайлы аудандарға көмек көрсетілді. 
Атырау мұнай өңдеу заводын, Каспий – Орск мұнай құбырын салу үшін қуатты құрылыс ұжымы ұйымдастырылды. 
Ембіге Әзірбайжаннан 400 маман мен жұмысшылар келді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет