Бұқаралық сана – заманауи қоғамның негізгі көрінісі



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата22.10.2022
өлшемі333,44 Kb.
#44861
1   2   3   4   5
Байланысты:
sciPaper38885

Keywords: mass, mass culture, mass society, mass consciousness, modern culture, urban 
culture 


Қоғамдық сананың формасы болып табылатын бұқаралық сана қазіргі 
заман қоғамының негізгі көрінісін құрайды. Батыс Еуропада бұл мәселе 
бұқаралық мәдениеттің таралуымен байланыстырылып, қоғамның өзіндік бір 
дерті ретінде қарастырылады. Сол сияқты біздің қазіргі Қазақстан қоғамына 
да бұл құбылыс жат емес және оның қыр-сырлары ұлттық сана-сезімді 
ластауда көрініс тауып жатқандығына көз жұмуға болмайды. Әсіресе 
жаһандық үдерістің және қалалық өмірдің белең алуы барысында ол жан-
жақты зерттеуді қажет етері анық. Жалпы бұқаралық сана мәселесі – сананың 
жекеленген және қоғамдық формаларын зерттеу барысында байқалған 
қоғамдық сананың бір түрі. Ә. Нысанбаев оны былай сипаттайды: «Қоғамдық 
сананың субъектісі бойынша дара, топтық және бұқаралық болып бөлінеді. 
Осыған орай дара сананың иесі жеке адам, индивид, топтық сананың иегері – 
әлеуметтік топ, бұқаралық сананың иеленушісі – белгілі бір идея, мақсат 
бойынша біріккен бір топ адамдар болып табылады. ...Тобыр өзінің белгілі 
бір мақсатына жету үшін жинала алады, біріккен қызметі үшін белгілі бір 
көшбасшысы немесе жетекшісі болады, мысалы митингіде немесе шеруде. 
Бұқара қоғамның барлық тұрғындарын қамтитын абстрактілі ұғым ретінде 
түсіндірілуі мүмкін, осыған орай «халық бұқарасы» деген сөзді еске түсіруге 
болады» [1, 61 б.]. Бұқаралық сана – бұл адамдардың біркелкі немесе өте 
ұқсас ұмтылыстары, талап, тілектері, ортақ мүдделері, бірдей тұтынушылық 
және бағалау негіздерінің жиынтығы. Бұқаралық санада бегілі бір жағдайға 
байланысты индивидтер жиынтығымен бөлінетін білім, көзқарастар, іс-
әрекет үлгілері мен өзіндік құндылықтары орныққан. Оның барлығы өзара 
қарым-қатынас және әлеуметтік-саяси ақпаратты ортақ қабылдауы 
барысында қалыптасады. Бұқаралық сана белгілі бір қоғамда ең кең тараған 
білімдерді, қағидаларды, құндылықтарды, идеалдар мен дәстүрлерді 
тұрмыстық деңгейде қамтиды, бірақ солардың тек белгілі бір әлеуметтік 
қоғамдастыққа, белгілі индивидтер жиынтығына тән жалпы, үйреншікті 
болып табылатындарын ғана бейнелейді. Бұқаралық сана арқылы қоғам 
санасының сапалы жағдайы көрініс табады. Бұндай әлеуметтік көзқарас 
тұрғысынан бұқаралық сана объективтік шындықтың бейнелеу үдерісі 
ретінде емес, керісінше, адамдардың іс-әрекетімен байланысты және 
шындықты өзгертуге бағытталған бейнелеудің белгілі бір нәтижесі ретінде 
қарастырылады. Бұқаралық сана – ғылыми және ғылыми емес білімдер, 
бұқаралық мәдениет пен элита мәдениеті, идеологиялық және психологиялық 
компоненттер жинақталатын күрделі жүйелі құрылым. Онда этникалық, 
кәсіби, жастық және конфессионалдық аспектілері өзара әрекеттеседі. Бұл 
бұқаралық сананың көпөлшемділігі мен көпжақтылығын сипаттайды. 
Бұқаралық 
сана 
құрылымын 
зерттеу 
барысында 
күрделілікті, 
қайшылықтарды және оның әлеуметтік қызметімен түсіндірілетін 
аморфтілікті, фрагментарлылық пен синкретизмді ескеру қажет.
Д.В. Ольшанскийдің пікірінше, бұқаралық сананы тек оны құрайтын 
компоненттерінің топтық ғана емес, сонымен қатар жалпы әлеуметтік тип 
сипатында болуы ерекшелейді. Екіншіден, оны белгілі бір қоғамдастықтың 
әлеуметтік мойындауы ерекшелейді. Бұл мағынада бұқаралық сана мазмұны 


бойынша, индивидуалдықтан тыс болатын болса, қызмет ету формасы 
бойынша индивидуалдық сананы сипаттайды. Өзінің құрылымы бойынша 
бұқаралық сана негізгі, эмоционалды-әрекетшіл және қосымша, рационалды 
болып табылады. Мысалы, соғыс, революция, ауқымды-экономикалық 
дағдарыс адамдар арасында уайым тудырып, бұқаралық сананың жүйелі 
құраушы факторы ретінде жүзеге асады. Мұндай уайым-қайғы қатты 
эмоционалдық күйде немесе сезімдерде көрініс таба отырып, өмірдің басқа 
ережелерін – құндылықтарын, нормаларын, т.б. басып тастайды. Керісінше, 
бұқара өзінің әрекетке дайын тұрғандығын алға қойып, тез арада мәселені 
шешіп тастағысы келеді. Түпкілікті эмоционалдық-сезімдік деңгейдің 
негізінде біртіндеп рационалдық деңгей қалыптасады. Ол когнитивтік 
компоненттерді, яғни жалпыға белгілі білімді, көпшілікпен талқыланып 
жатқан ақпаратты құрайды [2, 228 б.]. Алайда бұл жердегі ақыл-ой деп 
отырғанымыздың өзі тек білімнің бет жағын ғана қамтиды, бірақ одан әрі 
тереңірек үңілмейді, сыни көзқарас танытпайды. Бұқаралық сана мәселесін 
қарастырудағы философиялық ыңғай оны күрделі, ішкі қайшылықтарға толы, 
қоғам өмірімен шартталынған, қоғамдық сананың әртүрлі деңгейлерінде 
және әртүрлі формаларында көрініс табатын бұқаралық мәдениеттің 
формаларымен өзара байланысты құбылыс екендігін ескереді. Тұрмыстық-
стихиялық деңгеймен бірге адам өзіне өмірлік тәжірибені, оның мәдени 
дәстүрлері мен нормаларын жинақтайды. Бұл бұқаралық сананы өзінің кәсіби 
білімі, ыңғайлары мен әлем туралы жалпы пікірлері бар күнделікті-
тұрмыстық көзқарастар ретінде анықтауға мүмкіншіліктер береді. Бұқаралық 
сана мазмұнына саналы мәнге негізделетін өзіндік бағалар, көзқарастар, 
мақсаттар мен мұраттар жатады. Бұл саналы мән рационалдыққа ие және 
шындықтан саналы түрде алшақтап кетуге мүмкіншілік бермейді. Сонымен 
бірге бұқаралық сананың кемшілігі мен шектеулілігі – үдерістерді даму 
барысында, өзара байланысында көре алмайтындығында және бір жақты 
қабылдауы мен концептуалдық қағидаларды түсінуге қабілетсіздігінде 
жатыр. Тұрмыстық санаға ақиқаттан гөрі жеке фактілердің, аргументтердің 
жағымды жақтарын білу жеткілікті. Ақиқат өлшемі ретінде жалпылықпен 
қабылдаушылық, шындыққа жанасушылық, пайдалылық қабылданады. 
Ақпаратты бағалаудың тұрмыстық деңгейінде шындықтың өзгертілуі, 
қолайлылық мен субъективизмнің орын алуы мүмкін. Сонымен әлеуметтік 
болмыста бұқаралық ақпарат құралы қарапайымдылықты, ақпараттылық пен 
әсер етушілікті белсенді пайдалана отырып, өзгертілген шындықты және 
идеологияны жасау механизміне айналады.
Бұқаралық сананың маңызды ерекшелігі болып өзімшілдік және сырттан 
манипуляцияға түсушілік табылады. Бұл қарама-қайшылықты құрылым 
тікелей индивидтердің өмір жағдайларымен детерминацияланады, олардың 
еңбектік және тұрмыстық тәжірибесіне сүйенеді, пайымдаушылық пен 
эмоционалдық элементтерін жинақтайды. Ол ортақ мүдделер мен 
құндылықтарға бағытталған енжар әрекеттен бастап, белсенді әрекетке дейін 
әртүрлі күйлерге түсуге қабілетті. «Бұқаралық сана субъектісі белгілі бір 
әлеуметтік қоғамдастыққа жинақталған индивидтер болып табылады. 


Адамдар бір мезгілде индивидтер ретінде, әлеуметтік бірлестіктің қоғам 
масштабына әрекет ететін бұқаралық мүшелері ретінде көрініс табатын 
болғандықтан, бұқаралық сана субъектісінің табиғаты екі жақтан, яғни дара 
және топтық бұқаралық сана, солардың құндылықтары мен мүдделері 
тұрғысынан қарастырылуды қажет етеді. Бұл дегеніміз, бұқаралық сананың 
екі деңгейде көрініс табатындығын білдіреді: бір жағынан, әлеуметтік 
шартталынған жеке тұлға санасы сипатында және екінші жағынан, 
әлеуметтік топтар, бұқаралық қоғамдастықтар санасы ретінде» [3, 45 б.]. 
Тұрмыстық санадан бұқаралық сананы ажырататын, ондағы ортақ мүдделер 
мен көзқарастарға негізделген импульсивті топтар жиынтығын құрай 
отырып, тұрмыстық-практикалық пен теориялық білімнің элементтерін 
сипаттайды. Сондықтан күнделікті өмірде оны ажырату оңай емес. «Біз ХХІ 
ғасыр адамдары бұқаралық қоғамда өмір сүреміз. Біз онда туылып, өсіп 
жатырмыз, ол біз үшін үйреншікті, жақын болып кеткен. Ол бізді 
жалықтырған кезінде, біз одан қорғануға да үйрендік. Оған басқа көзбен 
қарау үшін, бұқаралық қоғамның индивидуалдылыққа жат екендігін сезіну 
үшін, бұқараның соқыр күшінің алдындағы әлсіздік пен қорқынышты сезіну 
үшін басқа қоғамда туылу керек еді. Бұл қабілетті біз баяғыда жоғалтқанбыз. 
Бұл феноменмен алғашқы кездескен мәдениет өкілдерінің тарихи дәлелдері 
біз үшін оны түсініп, бағалауға деген жалғыз мүмкіншілік болып табылады» 
[4, 22 б.]. Шындығында, бұқаралық сана-сезімнің қоғамда орныққаны 
соншалықты, оның әлеуметтік-философиялық мәнін білмесең, оны ерекше 
бөліп-жару мүмкін емес. Ол теориялық деңгейде де, тұрмыстық деңгейде де 
көрініс тауып жататындығы анық. Алайда оның жағымды немесе жағымсыз 
жағы ешкімді ойландырмайды. Жалпы бұқаралық сананың ерекшеліктерінің 
бірі – оның ащы шындықты қажет етпейтіндігінде. Керісінше, бұқаралық 
қоғамда мифтік, қиялдағы идеалды өмірді қалыптастыру үлкен сұранысқа ие. 
Бұл феноменнің әлеуметтік философиялық астары, қоғамдағы және 
қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы кең тарап жатқан бұқаралық 
сананың белең алуы құндылықтардың ауысуын ашады. М.К. Надыров өзінің 
докторлық диссертация жұмысында былай деп жазады: – «Алайда бұқаралық 
сана феноменінің ерекшелігі мынада жатыр, индивид тобырға түсе 
салысымен барлық индивидуалдық қасиеттері мен құндылықтарынан 
айырылады. Егер бұл үрдіс мәдениетсіз, сауатсыз адамдарға ғана қатысты 
болса, бұл қауіп жеңіл болар еді. Алайда, тобырдағы индивидуалдылықтың 
өшірілуі барлығына бірдей тарайды, ол бір физикалық заңдылық тәріздес, 
тобырға түскен сәттен бастап әсер ете бастайды. Бұл заң бейсаналыққа 
немесе саналыққа дейінгі деңгейде жүзеге асады. Бірақ ең бастысы бұл 
жағдайды түсіну оның механизмінде ешнәрсені өзгертпейді: адам саналы 
күйде де, санасыз күйде де бұл құбылыстың алдында шарасыз» [4, 19 б.].
Бұқаралық сана – ғылыми әлемдегі жаңа ұғымдардың бірі. «Бұқаралық» 
деген сөздің астарында көптеген адамдардың жиынтығы ғана емес, сонымен 
бірге, «бір бірінен кеңістікте алшақтатылған, жасырынды, ортақ бір ойға 
немесе идеяға негізделген, бірақ әр қайсысы өз бетінше, басқалармен 
санаспай әрекет ететін адамдардың сандық жиынтығы деген түсінік жатыр» 


[5, 184 б.]. Егер нақтырақ түсіндіретін болсақ, «бұл әлеуметтік ұйым емес, 
бұнда ортақ қабылданған нормалар мен дәстүрлер болмайды, бекітілген 
ережелер мен тәртіптер жүйесі жоқ, ұйымдастырылған топ та жоқ. Онда 
белгілі бір көсемге ергенімен ешқандай тұрақтылық жоқ. Бұл бөлшектенген, 
оқшау, жасырынды индивидтердің біркелкіленген, бірқалыпты жиынтығы; 
демек мұндай қоғамдағы ұжымдық сана да гомогенді» [5, 86-87 бб.]. Демек, 
бұқаралық қоғамда дәстүрге негізделген қоғамдық қатынастар утилитарлық 
құндылығы жоқ байланыстарға өтуімен анықталады. Осыған орай дәстүрлі 
қоғам мен бұқаралық қоғамның ерекшелігін анықтап алған жөн. Дәстүрлі 
қоғамда адамдардың іс-әрекеті белгілі бір ортақ мақсат-мүдделерге 
негізделген, салт-дәстүрлерге және қалыптасқан құндылықтарға сәйкес 
жүзеге асырылады, кішігірім элиталық топтармен басқарылады. Бұқаралық 
қоғамда мұндай дәстүрлер мен ұлттық ерекшеліктер қандай да бір шешімді 
қабылдауда маңызға ие болмайды және басқарушылық белгілі бір жекелік 
мақсат-мүдделерге негізделіп, адамдарды манипуляциялауға бағытталады. 
Рухани манипуляция нақты бір саяси немесе таптық бағыттылық пен 
шарттылыққа ие және ол өзінің мансабымен, беделімен қанағат тұтатын 
санасы таяз адамды, бұқаралық тұтыну тауарларымен, қажеттіліктерімен 
қамтамасыз етілетін, конформист адамын қалыптастырады. Қазіргі Қазақстан 
қоғамында бұл үрдіс айқын көрініс табуда. Керемет үй, жоғары креслолы 
мансап, қымбат көлік, тағы да басқа тұтыну факторларының басымдылығы, 
материалдық игіліктердің бірінші қатарға қойылуы ұлтжандылық, өзіндік 
ойлау, өзіндік сана, адамгершілік мұраттар сияқты адамдық қарым-қатынас 
негіздерін кейінге ығыстыра түсті.
Қазіргі замандағы адамдар санасын жаулаған қорқыныш-үрей, 
қаржылық тұрақсыздық, сән қуу ессіздігі бұқаралық сананың белең алуына 
негіз болары анық. Осы сияқты кереғар әлеуметтік абсурдқа түсу формалары 
адамдардың өзіндік шешім қабылдау мүмкіншіліктерін де әлсіретіп, өзіндік 
ойлау қабілетін өмірлік жанталас пен күйбең-тіршілікпен басып тастайды. 
Урбанизацияланған қоғам, яғни дәстүрлі ауылдан гөрі қалалық өмір 
бұқаралық сананы қалыптастыруға барынша жағдай жасайды. Қала – ол 
бұқаралық сананыңалғышартын құрайтын бірінші фактор. Себебі, 
біріншіден, қалада әлеуметтік тамырлар мен тектілік (туған-туыстық, 
бауырлық) қатынастар орнықпаған, ол қатынастар болған күнінің өзінде 
оның құндылықтық мәні төмен; екіншіден, қалада уақытша өмір сүретін 
анонимді адамдар саны өте көп болады; үшіншіден, жоғары тіршілік 
жанталасы, төртіншіден, ойын-сауықтың көптігі. Х. Ортега-и-Гассет қазіргі 
қоғамды жаулаған бұл құбылыс туралы және қалалардағы адамдар санының 
шексіз өсуін былай сипаттайды: – «Мүмкін бұл тарихылыққа деген ең жақсы 
қатынастардың бірі қазіргі әлемдегі көзге бірінші болып түсетін белгіні 
көрсете отырып, өз зердеңе сену болар. Оны атау оңай, алайда түсіндіру 
оңайлыққа түспейді, мен барған сайын өсіп келе жатқан тобырлық туралы, 
жалпылық тығыздық туралы айтқым келеді. Қалалар толып кеткен. Үйлер 
толып кеткен. Қонақ үйлер толық. Көшелер де адамға толған. Театрға 
көрермендер сыймаса, жағалаулар суға түсушілерді сыйғыза алмай әлек. 


Ешқашан қиындық туғызбаған орын табу мәселесі мәңгілік мәселеге 
айналды» [6, 43-44 бб.]. Осы пікірден шығатын қорытынды, бұқаралық 
сананың пайда болуының себебі – ең алдымен, қаладағы адамдар санының 
өсуі, тығыздығы, лық толуы. Қаланың, театрдың, көліктердің, көшелердің 
толы болуының несі жаман деген сұрақ еріксіз туындауы мүмкін. Бұл сауалға 
бұқаралық қоғамдағы бұқаралық сана феноменін жан-жақты зерттегеннен 
кейін ғана жауап беруге болады. Нақтылайтын болсақ, қала әлеуметтік 
байланыстар – туыстық, қауымдастық, ауылдық, дәстүрлік байланыстарды 
үзіп, жаңаларын қалыптастырады, адамдарды бір-бірінен жырақтайды және 
алшақтатады. «Үлкен қала тұрғынының психикасы бұл тұрғыдан алғанда 
соншалықты қолайсыз ықпалдың шылауында қалады және содан кейін өз 
кезегінде қоғамның рухани өмірінің жай-күйіне қолайсыз әсер етеді. Біз 
өзіміздің туысқандарымызға туыстық сезімді жоғалтамыз және сөйтіп, 
ізгілікке қарсы тұратын жолға түскенімізді сезбей де қаламыз» [7, 151 б.]. 
Өкінішке орай қалалық өмірде көрініс табатын бұқаралық сананың мұндай 
бейнесі 
әлеуметтік 
келісімділіктен 
алшақтап, 
таза 
экономикалық 
тұтынушылық қатынастарға түсуімен айқындалады. Басқа сөзбен айтқанда, 
қаланың өсуімен бірге экономика табиғи қажеттіліктерді қанағаттандырудың 
жеке салаларынан қоғамдық өндіріс саласына ауысты. С. Московичидің 
пікірінше, «қала ақын үшін қиялға, ал жұмысшы адам үшін өкінішке толы. 
Ал оның шексіз нарығында бұқаралық мәдениет пен бұқаралық тұтыну 
формалары өсіп-өніп отырады. Бірінен кейін бірі қызметкерлер, ұжымдық 
интеллектуалдар, ұжымдық тұтынушылар пайда болады: сезім мен ойлау 
мүмкіншілігі де стандарттық сипатқа айналады. Бұл әлеуметтік 
жылдамдатқыштардың барлығы индивидтерді ұсақ бөлшек деңгейіне 
түсіреді» [8, 48 б.]. Шындығында, қаланың күйбең тіршілігі, өмір сүру үшін 
жанталасы адамға асқақ дүниені байқауға немесе ойлануға мүмкіншілік 
бермейді. Қала адамдары, көп жағдайда, қалалық өмір сүру тәсілін құрайтын 
уақыт пен кеңістіктен тәуелді болады. Осындай қыспақта адамға алып 
машинаның өзінің ішіндегі әлсіздігін сезінбеу үшін қолайлы өмір мен ойын-
сауық үлгілері ұсынылады. Дегенмен олар адамдық факторды елеусіз 
қалдырып, жатсыну мен жалғыздық сезімін үдетіп, дәстүрлі дүниеден 
алшақтатады. Сондықтан болар, көптеген әлеуметтанушылар мен 
философтар бүгінгі күнде ауыл-қала мәселесіне ерекше зейін бөледі. Мысалы 
Д.К. Кішібеков, Ж.Ж. Молдабеков, Ә.Н. Нысанбаев, Р.А. Клещева, А.Қ. 
Қасабеков, Ғ. Есім, Т.Х. Ғабитов, С.Е. Нұрмұратов, Ж.А. Алтаев, Н.Ж. 
Байтенова, А.С. Сырғақбаева, Г.Т. Телебаев сынды философ ғалымдар 
ұлттық құндылықтарды жаңғыртудағы рухани бірден-бір көрсеткіш – 
тамыры тереңде жатқан ауыл деп есептейді. Бұл пікірдің көкейкесті мәселеге 
айналуының астарында жатқан байланыс осы бұқаралық санаға тікелей 
қатысты. О. Шпенглер «Ерте уақыттарда адамдық көзқарастарда тек 
табиғатпен үндесу түсінігі болған. Ол адамның жан байыптылығын 
қамтамасыз етіп, онымен бірге тыныстанады. Адам түйсігі мен орман дауысы 
бір қағыста болады. Адамның бар бейнесі, оның жүрісі, тіпті киім киісі 
даламен, ағаштармен үйлеседі. Өзінің тыныштықта тұрған үйлерімен, 


кешкілік түтіндерімен, құдықтарымен, қоршауларымен, барлығымен 
табиғатпен үндесіп отырады. Жер қаласы жердің көрінісін әсірелей түседі; 
тек кейінгі қалалар қайшылыққа толы келеді. Өз кескіндерімен олар табиғат 
сызықтарына қайшы келеді. Ол бүткіл табиғатты терістейді. Қазіргі қала 
табиғаттан тыс, бөлек, жоғары болғанды қалайды. Бұл үшкір төбелер мен 
күмбездер табиғатпен үндестікті жоққа шығарады. Нәтижесінде басқа қала – 
әлемдік астана, табиғи үндестік көрінісін қиратушы қалалар орнайды», – деп 
жазған еді. [9, 96-97 бб.]. Шындығында, үлкен қалалардағы оның алыптығы 
да әсер ететін болар, жанталас, жаттану, қорқыныш, үрей билеген 
адамдардың өмір деңгейі де өзгеше. «Адам мен табиғатты қарама-қарсы қою 
агрессивтілігі қаланың концептуалды түрде машина ретінде қабылдана 
бастауына алып келді» [10, 36 б.]. Сондықтан да, кейбір сәулетшілердің 
пікірінше, қаланы салған кезде биліктің саяси диктатурасына сәйкес емес, 
өмір симбиозына ыңғайлап салу қажет, яғни онда адамдар өздерін үлкен бір 
машинаның бөлшегі ретінде сезінбеуі керек. Жалпы қалалардың пайда 
болуы, тұлғалық қасиеттерді қалыптастырудағы дәстүрлі тәсілдер мен 
дәстүрлік өмір салты адамның ішкі әлемін төңкеріп жіберді. Қалада уақыт, 
жылдамдық, үлгерім басты рөлге ие. Қазіргі заманның қала тұрғыны 
барлығына үлгеруі шарт, әйтпесе қала оны басып, тұншықтырып тастайды. 
Алайда мұндай жанталас «депрессия», «стресс» сияқты психикалық 
ауруларға себепші болады немесе адамның шарасыздық, әлсіздік, 
жарамсыздық сияқты экзистенциалдық күйлерге түсуіне негіз болады. Бұқара 
кезеңі – бұл алыптар кезеңі. Қанағатсыздық пен асырашылдық осындай 
өмірлік қағиданың таралуына негіз болды. «Қарны тоқтық, қайғы жоқтық 
аздырар адам баласын» деген ғұлама Абайдың даналық ойлары бүгінгі 
күннің көрінісіне айналған сынды. Демек, адамдар, ойланбас үшін, ойын-
сауыққа қыруар ақша жұмсап отырады. Ал адам өзін тұтынушы ретінде 
ұсынады. Алайда тек тоқшылық қана емес, сонымен қатар жоқшылық та 
тобырлық сананың өрбуіне алып келеді.
Бұқаралық сананы қалалық өмір салтымен байланыстыру біраз 
философтар арасында пікірталастар тудырды. Ғалымдардың бір тобы 
бұқаралық сана адамзат пайда болған кезден бар деп есептейтін болса, енді 
біреулері ол антикадағы қалалардың өсуімен байланысты деп санайды. Ал 
үшіншілер бұқаралық қоғамның пайда болуының негізін жаңа заманмен, 
яғни өндіріс пен кәсіпорындардың орын алып, жаңа техникаландырылған 
сипаттағы қалалардың өсуімен байланыстырады, яғни ХІХ ғасырда олар 
жаңа бейнесіз күшке айналып, дәстүрлі орныққан қоғамдық құрылымдарды 
өзгерте отырып, қоғамдық кеңістікті жаулай бастады. Тез қарқында өсіп 
жатқан қалалар бұқаралық қоғамды қалыптастыруға негіз болса, өз кезегінде 
бұқаралық қоғамда қалалардың өсуіне, дамуына өзіндік үлесін тигізіп 
отырды. Зауыт, фабрикалар кең көлемде ашылып, жұмыс орнымен 
қамтамасыз етілді, ойын- сауық, демалыс құру орындары көбейді. Сонымен 
қатар әлеуметтік, саяси байланыстарға, этикалық қатынастар мен 
эстетикалық талғамдарға да бұқаралық қоғам өзіндік талаптар қоя түсті. 
Мұндай қоғамдық қатынастарда және әлеуметтік құрылымдарда болып 


жатқан өзгерістерді батыстық ғалымдар экономикалық өндірістік 
қатынастардың өзгеруімен емес, қалалық өмірдің (урбанизацияның) белең 
алуымен байланыстырады. А.C. Сырғақбаева қазіргі қалалардың бейнесін 
және олардың адам болмысындағы орнын былай сипаттайды: «Қазіргі 
қалалар космополитті, ол өз кезегінде мәдени дәстүрмен байланысты үзуінде 
көрініс табады. Өмір шарттары адамдық болмыстағы иррационалдылық пен 
сезімдік жақтарын ысырып, интеллектуализмнің, рационализм мен 
прагматизмнің дамуына алып келеді. Қала адамдар арасындағы дәстүрлі 
және тұрақты әлеуметтік байланыстарды қиратып, қалалық болмыстың 
автономділігі мен жасырындылығын қалыптастырады. Оның салдары ретінде 
қаладағы өмір адамның өз өмірінін мәнің (немесеО. Шпенглердің тілімінен 
айтатын болсақ, «тағдыр сезімін») жоғалтып алуына, өмірден көңілі қалып, 
одан шаршауына ықпал етеді, ал нәтижесінде басқа адамдарға, оқиғаларға, 
заттарға бейтараптық, бейберекеттік қатынас сезімін қалыптастырады» [11, 
421 б.]. Әлеуметтік материалдық игіліктерді өндіру саласында жеке 
кәсіпкерлік, жалпы өндірістің дамуы орын ала бастады. Материалдық байлық 
ең басты әрі іскер, табыскер, «ақылды», прагматикалық адам жоғары 
әлеуметтік құндылыққа, еліктеу мұратына айналды. Тек экономикалық 
қамтамасыз ету факторы ғана алдыңғы орында тұрғандықтан барлық 
әлеуметтік қатынастар мен әлеуметтік жүйелер осыған қызмет етеді.
«Кез келген экономика-әлемін зерттеуде бірінші қойылатын міндет – 
оның алып жатқан кеңістігін белгілеу. Мұндай экономика-әлемін алып 
жатқан аумақ, оның тіршілік етуінің бірінші шарты болып табылады. 
Экономика-әлемі қашанда қалалық полюстерге, іскерлік белсенділік, ақпарат, 
тауарлар, капитал, вексельдер мен саудалық корреспонденция шоғырланатын 
орталық қалаларға ие. Мұнда жан-жақтан жиналады, жан-жаққа аттанады» 
[12, 18-21 бб.]. Бұдан төмендегідей қорытынды шығады: қаладағы өмір 
тұтынушылық 
қажеттілікті 
барған 
сайын 
үдетіп, 
тұтынушылық 
қатынастарды өсіреді. Мұндай өзара байланыс реефикациялық (заттық) 
қарым-қатынастарды 
тудырады. 
Оның 
заңды 
салдары 
ретінде 
жаттандырылған қазіргі қоғам адамдары, аморфты адамдар жиынтығы, 
жаттандырылған өмір салты аталады. Заттық фетишизация құлдық сананы 
қалыптастырады. 
Бұқара жағымсыз әсерімен қатар, жағымды жақтарымен де 
айқындалады. Қазіргі заманда дәстүрлі қоғамның құндылықтары мен 
бұқаралық мәдениет ықпалымен келген жаңашыл құндылықтар арасындағы 
бірқатар қайшылықтар байқалады. Өйткені қазіргі өркениет дәстүрлі 
консерватизммен, артта қалушылықпен ұштасады, ал жаңа толқынмен келіп 
жатқан жаңа құндылықтар тек бір сәттік болып табылады. Дегенмен, кейбір 
ғалымдардың (Э. Тоффлер, Масуда және т.б.) пікірінше, бұқаралық қоғамда 
таңдау мүмкіншілігі жоғары болғандықтан индивидтердің потенциалдық 
мүмкіншіліктері де дәстүрлі қоғамға қарағанда әлде-қайда жоғары. Өйткені 
бұқаралық қоғамда адам ақпаратты алуға және игеруге қабілетті болады. 
Сонымен қатар жалған мен ақиқат, игілік пен зұлымдық олардың 
сенімділігімен анықталады. Абсолютті құндылық ретінде бұл ұғымдардың 


бұқара үшін ешқандай маңызы жоқ, алайда егер қандай да бір пікірді игілікті 
ақиқат деп жарияласа, соған бұқара күмәнсіз сеніп, бар ынтасымен қызмет 
етеді. Тіпті бұл мұраттар үшін олар жан қиюға да дайын. Соқыр сенімнен 
құрылатын камикадзелардың іс-әрекетін осымен түсіндіруге болады.
Тұтас бір халықтың өзі де белгілі бір ықпалдың негізінде тобырға 
айналады» [13, 24 б.].
Бұқаралық 
сана 
жасырынды 
билік 
жүйесіне 
деген 
жалпы 
бағынушылықты қалайды, яғни тоталды секуляризация мен құндылықтардың 
жойылуына негіз болады. Нәтижесінде, өзіндік құндылығы жоқ, елкітегіш, 
«не арғы елде жоқ», «не бергі елде жоқ», маргиналды типтегі адамдар 
қалыптасады. А.Р. Масалимова мұндай бұқараға мынадай сипат береді: 
«Бұқара маргиналды, ол субъект те, объект те болып табылмайды. Бұқара – 
бұл диффузды, орталықтандырылған, (молекулярлық құрылымдардан 
тұратын) фракталды, ешқандай талдауға жатпайтын шындық. Ол әлеуметтік 
ағзаның парадоксалдық және шекаралық күйін сипаттайды» [14, 148 б.]. 
Бұқаралық сана батыстандыру үдерісімен кең тарап жатқан бұқаралық 
мәдениеттің ықпалында қазіргі заманауи қоғамдық болмыста төмендегідей 
белгілерімен және көріністерімен сипатталады: 
1) Бұқаралық қоғамда кез келген нәрсе тұрақсыз, өзгермелілікке 
негізделген. Ол өз кезегінде құндылықтардың да тұрақсыздығына алып 
келеді. 
2) Бұқаралық мәдениеттің ықпалымен санадан ұлттық, тұлғалық, 
жастық, 
нәсілдік ерекшеліктер немесе қандай да болмасын ерекшелік шекаралар 
өшіріледі. Нәтижесінде біркелкі, бірөлшемді қоғам қалыптасып, бірегейлік 
мәселесін туындатады. 
3) Тарихи мұралар мен тарихи тағылымның қажетсіздігі, санадан 
ұлттық 
өзіндік ерекшелік, дәстүршілдік, отаншылдық, ұлтжандылық, өзіндік сана- 
сезімдерін өшіріп, мәңгүрттік типтегі адамдарды қалыптастырады.
4) Жауапкершіліктің болмауы, бұқаралық қоғамда ессіз іс-әрекеттерге 
алып келеді және ол үшін ешкім жауапкершілілік артпайды. Бұл өз кезегінде 
бейсаналы түрде стандарттылыққа ұмтылыс дегенді білдіреді. 
5) Тұтынушылық 
қатынастың 
орын 
алуы 
адамдық, 
рухани 
факторларын кері ығыстырып, материалдық игіліктер мен заттық 
құндылықтарды бірінші орынға қояды және қолайлы өмір қағидасы 
уағыздалады. Мәдениет, ғылым, өнер, адамдық қарым-қатынас сауда-
саттыққа түседі. 
Сыни ойлаудың төмен деңгейлігі және сыни көзқарастың болмауы; 
бірөлшемді ойлауды қалыптастырып, рефлексия мен әдеби тілдің, ұлттық 
тілдің қолданыс аясының тарылуына ықпал етеді. 
Сонымен, әлеуметтік өмір феномені ретінде бұқаралық сананың бұл 
көріністері мен ерекшеліктері қазіргі заман қоғамында техникалық 
мүмкіншіліктермен және бұқаралық ақпарат құралдарының ықпалымен 


көрініс тауып отырады және жаһандану толқынындағы бұқаралық сана 
мәселесі арнайы зерттеуді қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет